Орта білім беру жүйесіндегі теңсіздік



Pdf көрінісі
бет40/111
Дата10.05.2022
өлшемі1,32 Mb.
#33925
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   111
Байланысты:
Неравенство-в-системе-СО- -каз

Диаграмма 11. Ауылдарды кадрлық ресурстармен қамтамасыз ету,  

мамандық бөлініс есебімен

адам, %

0,8


2,8

1,4


2,7

21,2


білім беру

әлеуметтік қамсыздандыру

спорт

денсаулық сақтау 



агроөнеркәсіптік кешен 

мәдениет


71,2

Білім  беру  неғұрлым  сұранысқа  ие  сала  болып  келеді  және  ауылдық  мектептерге 

42  745  адам  (71,2%)  жұмысқа  орналастырылды.  Екінші  орында  12  705  адам  (21,2%) 

таңдауы  түскен,  денсаулық  сақтау  саласы.  Олардан  кейінгі  кезекте  агроөнеркәсіптік 

кешен  мамандықтары  –  1  665  адам  (2,8%)  және  мәдениет  –  1  604  (2,7%)  адам.  Сұраныс 

шкаласын  спорт  –  863  (1,4%)  және  әлеуметтік  қамсыздандыру  –  483  (0,8%)  салалары 

аяқтайды. Бағдарлама қатысушыларының жалпы санының 74% әйелдер құрайды және 70% 

қатысушылар – жас мамандар

74

.

Ағымдағы  2020  жылдың  қаңтар-наурыз  айларында  жүргізілген  далалық  зерттеулер 



іс  жүзінде  әрбір  ШЖМ-да  «Дипломмен  –  ауылға»  бағдарламасы  бойынша  жас  мамандар 

жұмыс істейтіндігін анықтады. 

«Бізде  жастар  көп,  осы  бағдарлама  бойынша  олардың  көпшілігі  мемлекеттен 

әлеуметтік қолдау алды». 

«Бұл өте жақсы бағдарлама және бізде несие, тұрғын үй алып, содан кейін қалаға 

кететіндер  жоқ.  Барлығы  жұмыс  істейді,  өйткені  біз  қалаға  жақын  орналасқанбыз. 

Ал  шалғайдағы  ауылдарда,  әрине  жас  кадрлардың  жетіспеушілігі  және  олардың 

тұрақтамауы жоғары». 

72

  Тастанова Л. Дёшево и без залога // https://time.kz/articles/zloba/2020/06/08/dyoshevo-i-bez-zaloga



73

  20 млрд тенге выделят на финансирование ГП «С дипломом – в село» в 2020 году // https://www.gov.kz/memleket/

entities/economy/press/news/details/20-mlrd-tenge-vydelyat-na-finansirovanie-gp-s-diplomom-v-selo-v-2020-godu?lang=ru

74

  Итоги года молодежи: Что поменялось в проекте «С дипломом – в село» // https://www.gov.kz/memleket/entities/



economy/press/news/details/vzyat-orientir-na-socialnoe-razvitie-sela?lang=ru


33

Мектептегі білім беруді жаңғырту: теңсіздікті жеңу векторы

2-тарау

Негізінен,  ауылдық  жерлерге  педагогикалық  мамандықтарды  бітірген,  бұрынғы 

мектеп  түлектері  жұмыс  істеуге  оралады.  «Бізде  жас  мамандар  көп,  бүгінгі  таңда  еңбек 

өтілі  5  жылға  дейінгі  9  жас  маман  қызмет  атқарады.  Олардың  басым  көпшілігі  өз 

мектебіміздің түлектері. Олардың бізде қалып жұмыс істейтініне қуаныштымыз». 

«Жас  мамандар  бар.  Олар  негізінен  өзіміз  баулып  өсірген  жастар.  Бұлар  біздің 

түлектеріміз, ауылда қалуды жоспарлайды, баспана сатып алуда».

Жалпы, «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы өз міндетін орындады. Мысалы, 2009 

жылға  дейінгі  ауылдарды  жас  мамандармен  қамтамасыз  етуді  салыстыратын  болсақ,  онда 

бағдарламаны  іске  асырудың  басталуымен  олардың  ағыны  екі  есеге  ұлғайғандығын,  жыл 

сайынғы өсім 3 300 адамнан 6 000 адамға дейін өскендігін байқаймыз. Олардың анағұрлым 

көп  бөлігі  Түркістан  облысына  (6 703),  Алматы  (6 253)  және  Батыс  Қазақстан  (5 184)  

облыстарына  орнықты.  Ал  еліміздегі  ең  еңбек  көзіне  тапшы,  мамандар  дефицитін  көріп 

отырған Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары саналады.

Мемлекеттік  бағдарлама  тұрақтылығының  маңызды  факторы  ауылдарға  келетін  жас 

мамандардың  қажеттіліктеріне,  тиісінше  бағдарлама  шарттарының  өзгеруіне  тез  ден  қоюы 

болып  табылады.  2009  жылдан  бастап  бағдарламаға  қатысушылардың  тұрғын  үй  сатып 

алуы  үшін  кредит  беру  көлемі  630  АЕК-тен  1500  АЕК-ке  дейін  ұлғайды,  ветеринария  мен 

агроөнеркәсіптік кешеннің білім  беру бағдарламаларын  қоса  алғанда, мамандықтар  санын 

ұлғайтты,  жас  мамандардың  міндеткерліктерін  орындау  мерзімін  5  жылдан  3  жылға  дейін 

қысқартты.  2019  жылы  ауылдық  жерге  жұмыс  істеуге  және  тұруға  келген  мамандар  үшін 

жәрдемақы мөлшері 70 АЕК-тен 100 АЕК-ке дейін арттырылды

75

.

Дегенмен,  ауылдарға  келетін  жас  мамандардың,  өңірлердегі  бағдарламаны  іске 



асыруға  жауапты  адамдардың  бетпе-бет  келетін    қиындықтары  әлі  күнге  дейін  сақталып 

отыр.


Бағдарламаға  қатысушылар  кездесетін  негізгі  проблемалар,  бюджеттен  бөлінген 

қаражаттың жеткіліксіздігі және ауылдық жерлердегі жалақының төмендігі болып табылады. 

Бюджет қаражаты өңірлердегі кадр сұранысының 70-75%-ға жуығын жаба алады. Сондықтан, 

жаңадан келген мамандар үшін әлеуметтік көмек шараларын алу кезегі қалыптасады.

Бағдарламаның  негізгі  міндеттеріне  әлеуметтік  қолдау  шараларын  көрсету  арқылы 

ауылдық  елді  мекендерде  мамандарды  бекіту  кіреді.  Жергілікті  өкілеттілік  және  атқарушы 

органдардың  құзыретіне  жалақы  мәселелері  жатады.  2005  жылғы  8  шілдедегі  Қазақстан 

Республикасының 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет