жеке өз тұрғын үйін сатып алу мүмкіндігі болып табылады. Ұлттық экономика министрлігінің
Жангазы Р. Анализ эффективности реализации Программы «С дипломом – в село» // https://yvision.kz/post/635589
35
Мектептегі білім беруді жаңғырту: теңсіздікті жеңу векторы
2-тарау
статистикалық мәліметтері бойынша, 2016 жылы тұрғын үй сатып алуға 3 мыңға жуық (2 892)
несие бөлінеді, ал 2018 жылы несие беру мөлшері 4 мыңнан (4 012) асады. Жас мамандар ең
көп тұрғын үй алатын аймақтар Ақмола (502), Қызылорда (404), Батыс Қазақстан облыстары
(428) болып отыр.
Алайда, несие бойынша шарттық талаптарды бұзу фактілері орын алған. Мәселен,
2010 жылдан бастап Ақмола облысында 84 млн теңгеге 119 маман, Қызылорда облысында –
67 млн теңгеге 166 несие алушы, Батыс Қазақстанда – 221 адам талапты бұзған. Жалпы, 2009
жылдан бастап несие шартының талаптарын бұзу мыңнан астам маманнан табылды
78
.
Жас мамандардың тұрғын үй сатып алуға, оның ішінде ата-аналарына тиесілі жеке
тұрғын үйді немесе тұрғын үйді сатып алу – сату шарттарын жасасу арқылы негізсіз бюджеттік
несиелер алған жағдайлары тіркелген
79
.
Жалпы бағдарлама бойынша келген мамандардың 95%-ы ауылда тұрады және
жұмыс істейді. Бағдарламаға қатысушылардың шарттық міндеттемелерді бұзуының немесе
орындамауының негізгі факторлары: отбасы жағдайының өзгеруі және басқа да отбасылық
жағдайлар, жұмыс орнын ауыстыру, жұмыстан шығу немесе басқа елді мекенге көшу,
әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымның дамымауына байланысты ауылдағы өмірдің
тартымсыздығы болып табылады.
Ауылдық тұрғын үйдің теңгерімсіздігі және дамудан артта қалған нарығы, сондай-
ақ кепілдікке берілген тұрғын үйлердің нарықтық бағаларының төлем көлемінен жиі
жоғары болып шығуы, объективті проблемалар болып табылады. Кейбір ауылдардағы
тұрғын үйлердің нақты құны бекітілген несие мөлшеріне сәйкес келмейді. Ауылдық елді
мекендердегі баспана нарығы 1970-80 жылдары салынған тұрғын үйлерді ұсынады, ал жаңа
тұрғын үйдің құны жоғары немесе ол мүлдем жоқ. Оның үстіне бюджеттік кредит қаражаты
есебінен жаңа тұрғын үйлер салудың тиімді механизмдері қарастырылмаған.
Жоғарыда аталған проблемалардан басқа, шешілмеген бірқатар мәселелер бар. Бүгінгі
таңда жас мамандар шарттық міндеттемелерін бұзған жағдайда көтерме жәрдемақы мен
бюджеттік несиені қайтару рәсімі толық реттелмеген. Басқа ауылдарға көшу мүмкіндігі жоқ,
Бағдарламаға қатысушылардың мобильділігі шектелген. Орын алған өрескел жағдайларды
келтіруге болады. Мысалы, жас мұғалімдерге қатысты жасалатын құқық бұзушылықтар, жас
мамандарды ауылдық елді-мекендерге тарту жөніндегі мемлекет саясаты мен мемлекеттік
бағдарламалардың одан ары іске асырылуына қауіп төндіруі мүмкін
80
.
Дегенмен, «Дипломмен – ауылға» бағдарламасын іске асырудағы қазіргі қиындықтар
жеке нысанды, оларды шешу жағдайды қысқа уақытқа өзгерте алады. Ауылдарды
кадрлармен қамтамасыз ету, ауылдық мектептердегі білім беру сапасын арттыру – бұл
кешенді шешімдерді талап ететін кешенді проблемалар. Жастарды ауылдық жерлерге
тарту үшін, өркениеттілік тынысты өмір сүруге мүмкіндік беретін су құбыры, үздіксіз электр
энергиясы, газ, жолдар, интернет, спорттық және мәдени объектілер сияқты ең маңызды
қажеттіліктер мен сұраныстарды қанағаттандырарлық қолайлы орта жасау қажет. Ауыл
78
Молодые специалисты задолжали государству сотни миллионов тенге по программе «С дипломом – в село» // https://
astanatv.kz/ru/news/45704/
79
«С дипломом – в село»: кому — перебор, а кому — ничего // https://nadezhda.kz/2015/09/society/с-дипломом-в-село-
кому-перебор-а-ком/
80
Молодую учительницу изнасиловали в селе Павлодарской области // https://liter.kz/moloduyu-uchitelniczu-iznasilovali-v-s/