Орта білім беру жүйесіндегі теңсіздік


Орта білім беру жүйесіндегі теңсіздік



Pdf көрінісі
бет42/111
Дата10.05.2022
өлшемі1,32 Mb.
#33925
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   111
Байланысты:
Неравенство-в-системе-СО- -каз

Орта білім беру жүйесіндегі теңсіздік:

Қазақстан Республикасының шағын жинақты мектептерін реформалау саясатының талдамасы

Тиісінше, жалақы  аз, 80 мың  теңгеден сәл  артық».  Ол  әрі  қарай бөлісе  келе: «Мен бір  пән 

мамандығын  бітірдім  және  аралас  пәндерді  жүргізе  алмаймын.  Сағаттар  көбеюі  үшін 

қосымша  мамандық  алу  керек.  Егер  жалақы  жоғары  болса,  онда  бұл  бағдарлама  жас 

мамандар үшін өте тиімді. Бірақ менің табысыммен көп жағдайда үнемдеуге тура келеді, 

өйткені сатып алынған үй үшін несие төлеу қажет. Үлкен шығындар көбіне көмір, отын 

және басқа да қажеттіліктерді өтеуге және сатып алуға кетеді». Мұғалімдердің ортаға 

салған  пікірлері  бойынша:  «ондай  жерлерге  (келешегі  жоқ  ауылдарға)  4  сағаттық  химия 

үшін кімдер барады, не жалақы, не зертханалар, не жұмыс жағдайлары болмайды. Мұндай 

шағын мектепте жұмыс істеуге сұранатындар жоқ», дейді. 

Бүгінгі  таңда  біз  ауылдардың  және  тиісінше  ШЖМ-нің  қысқартылуына  жиі  куә 

болып  жүрміз.  Халықтың  миграциясы,  көші-қоны,  жұмыссыздық,  ауылдық  жерлердегі 

ауыр  әлеуметтік-экономикалық  жағдай,  ауыл  адамдарын  қалаларға  немесе  қалаға  жақын 

жерлерге кетуге мәжбүрлейді. Орта мектептер негізгі мектептерге айналады, кейін бастауыш 

мектепке төмендейді және көп ұзамай толығымен жабылады. Ал бұған дейін осы ауылдарға 

жолдамамен  (бағдарлама  бойынша)  келген  мұғалімдер  жұмыссыз,  әрі  өз  баспанасымен 

және сол баспанасы үшін өтелмеген несиесімен қалады.

Сонымен  қатар,  кейбір  жоғары  оқу  орындарының  түлектері  «Дипломмен  –  ауылға» 

бағдарламасы  туралы  хабардар  емес.  Жас  мамандардың  ауыл  мектептеріндегі  әлеуметтік 

қолдау  мен  мүмкіндіктер  туралы  ақпаратты  білмеу  проблемасы  бар.  «Мен  көтермелеу 

туралы  ШЖМ-дағы  жұмысымның  екінші  жылында  ғана  естідім.  Өз  ауылыма  оралып, 

туған мектебімде жұмыс істеуге шешім қабылдағанда, мен сияқты адамдарға белгілі-бір 

артықшылықтар болуы мүмкін екенін білмедім». 

Тәжірибесі  бар  мұғалімдер,  ШЖМ  директорлары  мен  меңгерушілері  сұхбат 

барысында: «бұл бүгінгі таңда жалғыз жұмыс істейтін бағдарлама, бірақ еш қиындықсыз 

болмайды.  Бағдарлама  бойынша  келгендер,  мерзімді  уақыттарының  аяқталуын 

тағатсыздана күтеді және өз міндеттемелері аяқталғаннан кейін, қайта қалаға кетуге 

асығады. Шынында да, мектептегі психологиялық климат оларды күйзеліске ұшыратады, 

жастар шыдай алмайды».

Әлеуметтік  көмек  көрсету  үшін  құжаттарды  рәсімдеу  кезінде  ауылдық  жерлерге 

көшуге және жұмыс істеуге шешім қабылдаған мамандарды күйзелісті жағдай күтуі мүмкін. 

Бағдарламаны іске асыруда жергілікті билік органдары, бюджеттік жеңілдікті несиелеу үшін 

қаражатты бөлу кезінде сыбайлас жемқорлықтың, бюрократиялық есепті шығындардың бар 

екендігі айқындалды.

Прокурорлық  тексеру  әлеуметтік  қолдау  алуға  үміткер  мамандардың  құқықтарына 

нұқсан келтірілгенін анықтады. Кейбір мамандарға көтерме жәрдемақы төлеуден негізсіз бас 

тартылған,  бұл  олардың  заңнамада  қарастырылмаған  құжаттарын  қисынсыз  талап  етуден 

туындағанын  білдіреді.  Жас  маманды  тұрғын  үймен  қамтамасыз  етуге  арналған  бюджет 

қаражатын  жергілікті  атқарушы  органдар  басқа  іс-шараларға  ақы  төлеуге  пайдаланған 

фактілері  анықталды.  Нәтижесінде  Бағдарламаны  іске  асыруға  бөлінген  және  жас 

мамандардың ауылға келуін, жұмысқа орналасуын және тұруын ынталандыруға бағытталған 

республикалық бюджет қаражаты мақсатсыз пайдаланылған

77

.

Жастардың  «Дипломмен  –  ауылға»  бағдарламасына





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет