Орта білім беру жүйесіндегі теңсіздік



Pdf көрінісі
бет55/111
Дата10.05.2022
өлшемі1,32 Mb.
#33925
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   111
Байланысты:
Неравенство-в-системе-СО- -каз

Ирина  Смирнованың  пікірінше,  БЖБ  мен  ТЖБ 

енгізу  толығымен  ойластырылмаған.  Бақылау  жұмыстары  барлық  пәндер  бойынша  бір 

күнде өткізілуі мүмкін. Бұл мұғалімдерге шамадан тыс салмақ салады, өйткені қысқа уақыт 

ішінде  көптеген  жұмыстарды  тексеруі  қажет.  Егер  бала  бақылау  сабағында  болмаса,  онда 

ол  мектепке  келген  күні  тапсырмаларды  орындайды,  дегенмен  мұндай  емтихандар  басқа 

пәндер бойынша да болуы мүмкін. Сонымен қатар, мұндай қызмет мұғалімге төленбейді

96

.

Осылайша,  бір  қарағанда,  жаңартылған  білім  беру  мазмұнының  қағидаттары  мен 



тәсілдері  ШЖМ-нің  талаптарына,  олардың  сынып-жинақтарына,  білім  алушылардың 

шағындығына, аралас мамандықтар бойынша біліктілігі бар педагогтарға өте қолайлы болып 

келуі.

Алайда,  оның  орнына  біз  мұғалімдердің,  оқушылар  және  олардың  ата-аналарының 



жаңа  реформаны  сынға  алуын  жиі  естиміз.  Наразылықтар  мен  қарсылықтар  соншалықты 

көп,  оларды  бір  бөлімде  көрсету  мүмкін  емес.  Социологиялық  сауалнаманың  нәтижелерін 

біз, ең маңыздыларымен топтастырып қарастырамақшымыз:

–  Іске  асыру  мерзімдері  мен  қарқыны.  Осындай  кең  майдандағы  өзгерістердің 

белгіленген  қарқыны  оқытудың  тиісті  сапасын  сақтауға  әсер  етеді.  ШЖМ-нің  оқу  жұмысы 

жөніндегі меңгерушілері мойындағандай: «білім беру сапасы апатты түрде төмендеп келеді. 

Егер бұрын ауылдық мектептерде сапа 30-дан 60%-ға дейін өзгерсе, қазір ол 20%-дан жоғары 

көтеріле алмайды».

–  Жаңа  жағдайда  сабақ  өткізу  үшін  көп  қаражат  қажет  (қағаз,  ұйымдасты-



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет