Орта білім беру жүйесіндегі теңсіздік:
Қазақстан Республикасының шағын жинақты мектептерін реформалау саясатының талдамасы
жүйесін түбегейлі қайта құру үшін жеткіліксіз. Реформаны жылдамдату мақсатында
біліктілікті арттыру курстарынан өткен ШЖМ мұғалімдері реформаның мәні мен мазмұнын
түсінгендерімен, оны практикада, сабақтарда іске асыру және қолдану кезінде үлкен
қиындықтарға тап келеді. Бұл үшін жылдар қажет. Әзірге шағын «жаңарту» тек төменгі
сыныптарда жүзеге асырылуда.
Қажетті инновациялар мен ШЖМ мұғалімдерін даярлаудың нақты деңгейі арасындағы
алшақтық осы реформаны іске асырудағы негізгі кедергі болып табылады. Мұғалімдер кез-
келген реформаның қозғаушы күші де, тежегіші де бола алатындығы жасырын емес. Әлемнің
әр түрлі елдерінде жүргізілген зерттеулер, мұғалімдер өзгеруге дайын жерде нақты өзгерісті
бетбұрыстар басталатынын көрсетеді. Мұғалімдердің «жоғарыдан түсетін» тәсілдерді
түсінбеуі және қабылдамауы педагогикалық корпус пен мектептегі білім беру жүйесіндегі
өзгерістер процестерін басқаратын кадрлар арасындағы қайшылыққа әкеледі.
Егер бүгінгі таңда реформаларға қажеттілік бар болса, олар басқару саласында
жүргізілуі керек. Бұл басқару процессіндегі ықтималды сәттілік немесе сәтсіздік ара-
жігін ашады. Білім берудегі төмен нәтижелер – бұл басқарушылықтың тиімді шешімдерді
қабылдаудағы қарымдылық төмендігінің салдары. Сондықтан білім беру жүйесін табысты
және тиімді басқарудың едәуір бөлігі реформалар санымен емес, лауазымды тұлғалардың
қарымды қызметімен байланысты болады. Мұғалімдермен, реформалар бағдарламасын
тікелей жүзеге асыратын адамдармен өзара әрекеттесетіндер, білім беру саласын
мемлекеттік басқару жүйесінде басқарушылық шешімдерді қабылдайды, өзгертеді,
түзетеді
97
.
Өкінішке орай, мұғалімдердің ұяң дауыстары шешім қабылдаушыларға жетпейді,
сәйкесінше биліктегі лауазымды адамдар мұғалімдерді естімейді. Басқару қызметкерлері
мен мұғалімдер арасында үлкен алшақтық бар екенін мойындау керек, олар қолданыстағы
білім беру жүйесі аясындағы осындай ауқымды міндеттерді бірлесіп шешуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |