Орта білім беру жүйесіндегі теңсіздік:
курстарына қосылды. Оқытудағы АКТ қолданысы бойынша біліктілікті арттырудан өткен
жалпы педагогтар саны, 2011–2015 жылдары 252 449 адамды құрады
33
.
Қазақстандағы білім беру жүйесін цифрландыруға қарай, мемлекеттік қызмет
көрсетуді автоматтандыруға бағытталған түрлі жобалар жүзеге асырыла бастады. Ашық білім
берудің ұлттық платформасы – бұл телеконференциялар мен вебинарларды, білім беру
курстарын, онлайн сабақтар және тағы басқаларды қамтитын аппараттық бағдарламалық
кешен. Қашықтықтан оқыту кешені meet.mail.kz. платформасында орналасқан. Ол виртуалды
сабақтарды ұйымдастыруға және кез-келген пән бойынша сабақтарды қашықтықтан
өткізуге мүмкіндік береді
34
. Цифрлық білім берудің осы пилоттық жобасы меншік нысанына
қарамастан барлық білім беру ұйымдарына қашықтықтан оқытудың жаңа ақпараттық және
педагогикалық технологияларын пайдалануға мүмкіндік береді
35
.
Оқу-тәрбие процессінде АКТ қолданысы бойынша біліктілікті арттыру курстарынан
өту туралы мәселемен ауыл мұғалімдерінің пікіріне жүгіндік. Осыған ұқсас курстардан
мұғалімдердің 36% және 81% соңғы үш жыл көлемінде өткен екен. Барлық курстар «Өрлеу»
ҰБАО ұйымдастыруымен жүрген. Онлайн-режимінде біліктілікті арттыру курстарынан өту
туралы келесі сұраққа берілген жауаптарда оптимизм аз болды. ШЖМ бірде-бір педагогы
мұндай санаттағы курстардан өтпеген. Әрі ШЖМ-дағы интернет жылдамдығы 4 Мбит/с-тан
төмен жағдайда, жұмыстан қол үзбей онлайн курстардан өту де мүмкін болмаған.
Біліктілікті арттырудың тұтастай жүйесі, Қазақстан мектептерінің білім беру процессіне
жаңартылған оқыту бағдарламасының енгізілуіне байланысты түзілді. 2019–2020 оқу
жылынан бастап республиканың барлық мектептері мен сыныптары «обновленкаға»
көшті. Ауқымды мектеп реформасы алдын-ала дайындық шараларымен басталды. 2016
жылдан бастап ПШО мұғалімдерін даярлау мақсатында біліктілікті арттыру курстары қолға
алынды. Олар алынған тәжірибені орта білім беру жүйесіне тарату бойынша жоспарлы
жұмыс жүргізді. 2018 жылғы тәжірибені таратудың қорытындысы еліміздің жалпы білім
беретін мектептеріне жаңартылған мазмұнды енгізу, білім беру мазмұнын жаңарту және
педагогтардың біліктілігін арттыру бойынша 20 әдістемелік орталық құру болды. Үш жыл
ішінде ПШО мен ҰБАО «Өрлеу» курсынан 256 215 педагог қызметкерлер өтті, яғни жалпы
мұғалімдер санының шамамен 75% құрайды
36
.
ПШО-да мектеп тренерлері мен үйлестірушілерінің пулын қалыптастыру арқылы
әрбір мектептің ішкі әлеуетін арттыру бойынша жұмыс жалғастырылды. Мектеп тренерлері
ретінде дайындалған көшбасшы-мұғалімдер, педагогикалық ұжымға жаңартылған білім
беру мазмұнын енгізу процессінде консультациялық қолдау көрсететін болды. 2018 ж.
дайындықтан өткен тренерлердің жалпы саны 32 341 жетті, әрі әрбір мектепті әдістемелік
активпен қамтамасыз ету жұмысы жүрді. Сонымен қатар, 2016–2018 жж. аралығында 3 918
мектеп басшылары «Менеджмент және мектептегі көшбасшылық»
оқыту курсынан өтті
37
.
33
Қазақстан Республикасының блім беру жүйесінің жағдайы және дамуы туралы Ұлттық баяндама, 2016 жыл. Астана, 2017
– Б. 191.
34
Цифровизация в образовании: новые технологии в помощь процессу обучения // https://www.inform.kz/ru/cifrovizaciya-v-
obrazovanii-novye-tehnologii-v-pomosch-processu-obucheniya_a3477335
35
Ашық білім берудің ұлттық платформасы // https://edu.mail.kz/about/
36
Национальный доклад о состоянии и развитии системы образования Республики Казахстан (по итогам 2018 года). АО
«ИАЦ», 2019. – Б. 238.
37
Национальный доклад о состоянии и развитии системы образования Республики Казахстан (по итогам 2018 года). АО
«ИАЦ», 2019. – Б. 239.
21
Қазақстандағы ШЖМ: жалпы сипаттамасы
1-тарау
Көрсетілген уақыт ішінде білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша реформаны
іске асыруға бюджеттен 95 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді, онда шығыстардың негізгі
баптарын оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу және мұғалімдердің біліктілігін арттыру
курстары құрады. Олардың тиімділігін ҚР БжҒМ тек оқу-әдістемелік әзірлемелердің санымен
және осындай курстардан өткен мұғалімдердің қамтылуымен бағалады. Нәтижесінде
тиімділікті бағалаудың мұндай құралдары бюджет қаражатын сапалы және мақсатты бөлуді
бақылаудың толық тоқырауға түскендігін көрсетті
38
.
2018 жылдың сәуірінен қазақстандық педагогтар аттестациялаудың жаңа жүйесіне
көшті. Жаңа форматтағы емтиханнан педагог кадлардың 17,3% өтті (18,8% – педагог-
зерттеуші және педагог-мастер категориясымен, 11,8% – педагог-эксперт категориясымен)
өтті
39
.
Жаңа жүйе бойынша аттестациядан өтудің алғашқы тәжірибесі педагогикалық
қоғамдастық тарапынан көптеген сауалдардың жауабын іздетті. Мұғалімдер үшін тест
базасымен алдын-ала танысып алмай тестілеуге қатысу, аттестаттау рәсімінен облыстық
немесе аудандық орталықтарда өту және оның оқу жылының соңындағы емтихан тапсыру
кезеңіне сай келуі үлкен қиындықтар туындатты. Әдеттегідей, анағұрлым көп қиындықтарды
бастарынан өткерген ШЖМ мұғалімдері болды. Егер олар бірнеше пәннен қатар сабақ
жүргізсе және бұл мамандардың дипломында екі пән жазылса (мысалы, «тарих және
география», «химия және биология» және т.б.), онда екі пән бойынша бір уақытта қатар
аттестациядан өту мүмкіндігі болды
40
.
Қазақстандықтар үшін ауыр тигені 2019 жылдың соңындағы отандық педагогтардың
жартысынан астамының (56%) Ұлттық квалификациялық тестілеуден өте алмаулары болып
саналады
41
. Аттестациялаудың жаңа ережелері, көптеген мұғалімдердің пікірінше тестілеуден
өту және жалақыға кепілдемелі қосымша ақыны алу мүмкін болмайтындай, ретсіз
ауырлатып жіберілуінде. Сонымен қатар, бұл жағдай ұстаздық мамандықты тастаудың басты
себептері болып енеді
42
.
Осындай резонанстық тәжірибені ескере отырып, педагог қызметкерлерді
аттестатциялаудан өткізу ережелері мен шарттарына өзгерістер енгізілді. Негізгі өзгерістер
тестілеуден өту форматына қатысты болды (қағаз нұсқаның орнына электронды нұсқа)
болды, мұғалімдер мектеп басшылығының ескертуінсіз тестілеуге қатыса алды, ал
нәтижесі аттестациядан өтушінің тек өзіне ғана мәлім болды. Педагогикалық жоғары оқу
орындарының оқытушылары мен түлектері де тестілеуден өтіп және «педагог-модератор»
квалификациясын ала алды
43
.
38
Ковязина К. Реформа среднего образования: в чем эффективность, брат? // https://ekonomist.kz/kovyazina/reforma-
shkolnogo-obrazovaniya/
39
Білім беруді және ғылымды дамытудың 2020–2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
40
Айтжанова Б. В МОН ответили на жалобы об аттестации учителей // https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/v-mon-otvetili-
na-jalobyi-ob-attestatsii-uchiteley-344935/
41
Ситуация критическая: половина педагогов Казахстана провалили новые тесты // https://vogazeta.ru/articles/2020/1/23/
international/11237-situatsiya_kriticheskaya_polovina_pedagogov_kazahstana_provalila_novye_testy; Иконников А. Научить
учителя: что не так в средней школе Казахстана // https://365info.kz/2020/01/nauchit-uchitelya-chto-ne-tak-v-srednej-
shkole-kazahstana
42
Жулмухаметова Ж. Казахстанские учителя назвали причины ухода из школ // https://informburo.kz/novosti/kazahstanskie-
uchitelya-nazvali-prichiny-svoego-uhoda-iz-shkol.html
43
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 14 мамырдағы «Мектепке дейінгі тәрбие мен
оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық
және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс
істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын
22
Қазақстан Республикасының шағын жинақты мектептерін реформалау саясатының талдамасы
Достарыңызбен бөлісу: |