Орта білім беру жүйесіндегі теңсіздік


 ШЖМ-нің материалды-техникалық базасы



Pdf көрінісі
бет26/111
Дата10.05.2022
өлшемі1,32 Mb.
#33925
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   111
Байланысты:
Неравенство-в-системе-СО- -каз

1.5  ШЖМ-нің материалды-техникалық базасы

Жоғарыда  атап  өткендей,  білім  беру  сапасына  әртүрлі  факторлар  әсер  етеді  және 

ең  маңыздыларының  бірі  -  мектептің  материалдық-техникалық  базасының  деңгейі  және 

осы  ресурстарды  ұтымды  пайдалану.  Оқушылардың  білім  жетістіктерін  бағалау  жөніндегі 

халықаралық бағдарлама, атап алғанда PISA-2012 нәтижелерінің зерттеуі оқушылардың білім 

жетістіктері  мен  мектептердің  материалдық  жабдықталуының  өзара  байланысына  назар 

аудартады.

Бүгін  біз  ауылдық  және  қалалық  мектептер  арасындағы  үлкен  алшақтықтың  куәсі 

болып отырмыз және ең алдымен ол материалдық-техникалық базадан көрініс табады.

2018–2019 оқу жылы 31 мектеп апатты жағдайда болған, әрі оның бәрі десе болады 

ауылдық жерде орналасқан. Оның ішінде 12 мектеп саманнан және 9 мектеп бейімделмеген 

жайларда  орналасқан.  Апатты  мектептер  еліміздің  8  өңірінде  (Ақтөбеде  –  2,  Атырауда  –  5, 

Жамбылда – 4, БҚО – 5, Қарағандыда – 3, Қостанайда – 2, Қызылордада – 2, Түркістанда – 

7  мектеп)  қызмет  жасады.  Мұндай  мектептердің  қауіпті  жағдайында  10  389  оқушы  білім 

алды

44



ШЖМ-дардағы  жағдай  одан  да  ауыр.  ШЖМ-ның  35%  бейімделмеген  жайларда 

орналасқан.  ШЖМ  ғимараттарының  8,2%  күрделі  жөндеуді  талап  етеді.  ЖАО  деректері 

бойынша,  842  мектеп  әлі  жөндеуден  өтпеген.  Өңірлер  шеңберінде  жөнделуден  өтуге 

тиісті  мектептердің  ең  көп  саны  (өңірдің  барлық  мектептерінің  20%),  Алматы  облысынан 

байқалады

45

.



«Қазақстан Республикасы-2020 білім беру жүйесінің статистикасы» Ұлттық жинағының 

деректеріне сәйкес, 10,2% немесе 534 мектептердің спорт залдары жағдайсыз ғимараттарда 

орналасқан,  ал  мектептердің  25%  спорт  залсыз,  мүлдем  спорт  ғимараттары  жоқ.  Ауыл 

мектептерінің  15%  кітапханасыз,  сондай-ақ  асхана  мен  буфеттері  де  жоқ.  2  151  ауыл 

мектептерінің  (30,8%)  ауладағы  дәретханалары  ғана  бар.  1  497  елді  мекенде  мектеп  те 

бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына 

өзгерістер енгізу туралы, білім және ғылым саласындағы өзге де азаматтық қызметшілердің қосымша білім және 

арнайы оқу бағдарламалары» // http://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000020636; Айсаров Д. 2 июня начинается тестирование 

педагогов. Какие изменения внесли в правила аттестации // https://informburo.kz/stati/2-iyunya-nachinaetsya-testirovanie-

pedagogov-kakie-izmeneniya-vnesli-v-pravila-attestacii.html

44

  Национальный доклад о состоянии и развитии системы образования Республики Казахстан (по итогам 2018 года) /  



М. Атанаева, М. Аманғазы, Г. Ногайбаева, А. Ахметжанова, М. Шакенова, Г. Карбаева, Ж. Джумабаева, Н. Касымбекова, 

М. Даулиев, Д. Абдрашева, А. Кусиденова. – Нур-Султан: Министерство образования и науки Республики Казахстан, АО 

«Информационно-аналитический центр», 2019. –  Б. 139.

45

  «Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің статистикасы» Ұлттық жинақ – «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ: Астана, 



2019. –  Б. 205.


23

Қазақстандағы ШЖМ: жалпы сипаттамасы

1-тарау

жоқ,  25  352  оқушы  тасымалдаумен  жақын  мектептерге  жеткізіледі.    Аталған  ауылдардың 

балаларын  біліммен  қамту  үшін,  балалардың  90%  жақын  мектептерге  апарылады,  9%  

мектеп  жанындағы  интернаттарда  жатып  оқиды,  1%  жуық  бала  білімге  қол  жеткізу  үшін 

туыстарының қолында тұрып оқуға мәжбүр

46

.



Оқу процессіндегі білім беру сапасын арттыру үшін жаңа модификациялы кабинеттер  

және  интерактивті  жабдықтарды  пайдалану  қажет.  Қазақстанда  мектептерді  лингафондық 

және  мультимедиялық  кабинеттермен,  интерактивті  тақталармен  жабдықтау  2005  жылдан 

басталды.  Дегенмен,  Ы.  Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім  академиясының  ШЖМ  дамыту 

Орталығының  есептік  құжаттарында  көрсетілгеніндей,  ШЖМ-де  жаңа  модификация 

кабинеттері  мен  басқа  да  интерактивті  жабдықтар  тапшы.  Жаңа  модификациялы  оқу 

кабинеттері  жоқ,  ШЖМ  физикадан  1  102  (33,7%),  химиядан  –  1  273  (39%),  биологиядан  –  

1 283 (39,3%), математикадан – 958 (29,3%) және лингафондық кабинеттер – 1 600 (49%)

47



2019–2020 оқу жылы 728 ШЖМ, немесе барлық ШЖМ-ның 25%-дан сәл жоғары бөлігі ғана 



лингафондық және мультимедиялық кабинеттерге ие болды

48

.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет