Орта білім беру жүйесіндегі теңсіздік:
жылы оның көлемі 23 млрд теңге дейін ұлғайтылды, ал 2020 жылы 125 млрд 918 млн теңгеге
жеткізу жоспарлануда
25
.
Жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі ҚР Білім және ғылым министрінің
2013 жылдың 30 қазанындағы бұйрығымен бекітілген Орта білім беруді жан басына
шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне сәйкес бір оқу жылына есептеледі. Бір
білім алушының оқу құнының мөлшері, білім беру бағдарламаларын іске асыру түрі, деңгейі
мен орнына байланысты болады. 2019 жылы әрбір балаға орташа есеппен 224 мың теңгеден
бөлінді.
Білім беруді қаржыландырудың үш негізгі көзі – мемлекет, донорлар және үй
шаруашылықтары болып табылады. 2019 жылдың Білім мониторингі бойынша жыл
сайынғы ЮНЕСКО баяндамасында, білім беруге бөлінген жалпы шығынның 79% – мемлекет
үлесіне, 21% – үй шаруашылығына түсетіндігін атап өтті. Білім беруге жұмсалатын жалпы
шығыстардың, табысы төмен елдердегі 12%-н және табысы орташадан төмен елдердегі 2%-н
донорлар көтереді
26
.
Халықтың білім алуға жұмсайтын шығындары маңызды мәселе болып табылады.
Олардың үлесі жалпы шығындардың есебінен азайып келеді. Егер 2012 ж. білім алуға
шығатын шығыстың үлесі жалпы шығыстардың 3,88% құраса, 2018 ж. шығыстардың көлемі
2,76% дейін төмендеген. Халықтың білім алуға жұмсайтын шығындарының қысқаруы
жағдайында, қала мен ауыл арасындағы білім беруге жұмсалатын шығындарындағы
алшақтықтың күшеюін байқауға болады. 2012 жыл мен 2018 жылдар аралығында білім
алуға ауыл тұрғындары қала тұрғындарына қарағанда екі есе аз шығынданған, аралық
айырмашылық 2012 ж. 25,8% болса, 2018 ж. 46,2% дейін өскен.
Ауыл мен қала тұрғындары шығындарының сипатын зерттей отырып, ресми және
бейресми білімге қол жеткізу мәселесіндегі аумақтық айрмашылықтарды анықтауға болады.
Қала тұрғындары мектепке дейінгі білімге көп шығындалады (32,2%), ауыл тұрғындары
қаражаттарын – жоғары білімге (26,2%) салады. Қала тұрғындарымен салыстырғанда
ауылдықтар жол жүру (2 есе) және ересектерді оқыту үшін (7 есе) қаражатты көп
жұмсайды. Ауылдың ересек тұрғындарының қосымша білімге деген жоғары сұранысы
орынды. Сонымен қатар, қалалықтардың репетитор қызметіне жүгінуі ауылдық елді мекен
тұрғындарының (1,8%) сұранысымен салыстырғанда, шамамен 5 есе (9,3%) жоғары
27
. Білім
беру қызметтерінің нарығындағы сан салалы ұсыныстарға, бейресми білім түрлеріне қол
жетімділік факторлары, қала тұрғындарының артықшылықты жағдайын көрсетеді. Бұл
жағдайлар ауылдық және қалалық мектеп оқушыларының арасындағы академиялық
жетістіктердің теңсіздігіне сөзсіз алып келетіні хақ.
Достарыңызбен бөлісу: |