1.5.1 Ақпаратты-коммуникациялық технологиялармен жабдықтау
Білім беру жүйесін ақпараттандыру процессі қазіргі қоғам дамуының басым
бағыттарының бірі болып табылады. Қазіргі әлемде ақпараттық және коммуникациялық
технологияларды меңгеру оқу мен жаза білу сияқты қасиеттермен қатар жүреді, әрі әрбір
азамат үшін қажеттілік.
2017 жылдың ортасында қабылданылған «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік
бағдарламасы аясында білім беруді ақпараттандыру және цифрландыру білім беру жүйесін
дамытудың стратегиялық маңызды бағыты ретінде өзекті болып табылады.
Білім беруде АКТ-ны қолдану оқу процессін 3 есе күшейтетіні, сонымен бірге
оқыту сапасын 2-3 есе жақсартатыны дәлелденген, мұны әртүрлі мемлекеттердің
педагог-ғалымдары (АҚШ – Симур Паперт, профессор, конструкционизм педагогикалық
философиясының негізін қалаушы, Индия – Абдул Вахид Хан, ЮНЕСКО Бас директорының
орынбасары, Ресей – РАҚ білімді ақпараттандыру ҒЗИ Роберт И. В., Каймин В. А. арнаулы
зерттеуі; Қазақстан – профессор Нұрғалиева Г. К. ғылыми мектебі) қуаттайды. Мектептің
білім беру саласына АКТ енгізудің әлеуметтік аспектісі қашықтықтан оқыту үшін барлық
қазақстандық мектептерге, оның ішінде ШЖМ-ді қоса алғанда, бүкіл мектеп пәндеріне
қолжетімділікті ұсынады.
Қазақстанда білімді ақпараттандыруды дамыту және мектептерді компьютерлермен
және интерактивті жабдықтармен қамтамасыз ету жұмысы қолға алынған. 2005 жылы бір
компьютерге шаққанда 41 білім алушы келген болса, оның ішінде ауылдық жерде – 36, ал
46
«Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің статистикасы» Ұлттық жинақ – «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ:
Нұр-Сұлтан, 2020. – Б. 173, 176.
47
Национальный доклад о состоянии и развитии системы образования Республики Казахстан, 2014 год. Составители:
С. Ирсалиев, А. Култуманова, Т. Булдыбаев, Г. Карбаева, Ш. Шаймуратова, Г. Ногайбаева, Г. Кусиденова, А. Ибрашева,
З. Алямова, М. Алпысбаева, К. Манакова. – Астана: АО «ИАЦ», 2015. – Б. 81.
48
«Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің статистикасы» Ұлттық жинақ – «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ:
Нұр-Сұлтан, 2020. – Б. 181.
24
Қазақстан Республикасының шағын жинақты мектептерін реформалау саясатының талдамасы
Достарыңызбен бөлісу: |