Орта білім беру жүйесіндегі теңсіздік:
2010 жылы аталған көрсеткіш 18-ді құраған
49
, 2015 жылы – 10 оқушыға бір компьютерден
келген
50
. Бүгінде 11 мектеп оқушысына 1 компьютерден келеді.
Диаграмма 9. Білім алушылардың саны, бір компьютерге есептегенде
2020
2015
2010
2005
11
10
18
41
0
10
20
30
40
50
Білім беру жүйесін ақпараттандыру саясатын мемлекет тарапынан қолдау болғанына
қарамастан, бұл салада әлі де күрделі проблемалар қалып отыр. Атап алғанда, Қазақстан
5-6 адамға бір компьютерден келетін компьютерлендірудің мүмкіндікті жалпыәлемдік
көрсеткішіне әлі қол жеткізе алмай келеді. Оның үстіне, Атырау, Қостанай және Қызылорда
облыстарының мектептері түгелімен компьютерлендірілген жоқ
51
. Компьютерлердің жалпы
санының 35% аса бөлігі, жаңартуды талап етеді
52
.
Ауыл мектептерінде назар аударарлық ерекше жағдай қалыптасқан. ШЖМ-де 4
білім алушыға бір компьютерден келеді. Бірақ, еліміздегі бүкіл мектептердің барлық
компьютерлерінің жалпы санынан 35% ауыстыру мен жаңарту қажеттілігі болса, онда ауыл
мектептері және ШЖМ-де қолданыстағы компьютерлердің 80% жаңартудың қажеттілігі бар
53
.
2007 жылдан бастап «Онлайн оқыту жүйесі» жобасының шеңберінде мектептерге
интерактивті жабдықтар жеткізіле бастады. 2009 жылы ШЖМ-нің 28% интерактивті
жабдықтармен жасақталды
54
. 2016 жылға қарай бұл көрсеткіш 5 699 мектепті қамтыды,
жабдықтардың 27 332 интерактивті тақталар, оның ішінде ауыл мектептеріне – 11 572
(42,3%) бөлінген
55
. 2019–2020 оқу жылының мәліметтері бойынша ШЖМ 6239 интерактивті
тақталармен жабдықталған, оның ішінде анағұрлым мол жабдықталған Шығыс Қазақстан
облысындағы ШЖМ (1 078) болып есептеледі, ал ең аз жабдықталған – Маңғыстау облысы
49
ГПРОН РК на 2011–2020 гг.
50
«Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің статистикасы» Ұлттық жинақ – «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ: Астана,
2016. – Б. 180.
51
Қазақстанның елдік базалық есебі, 2014.
52
«Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің статистикасы» Ұлттық жинақ – «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ: Астана,
2018. – Б. 197.
53
Нурбаев Ж. Е. интернет не приспособлен: будем доверять учителям // https://vlast.kz/avtory/38977-internet-ne-
prisposoblen-budem-doverat-ucitelam.html
54
ҚР ШЖМ 2010–2020 жылдарға арналған даму Тұжырымдамасы (жоба).
55
Национальный доклад о состоянии и развитии системы образования Республики Казахстан, 2016 год. Астана, 2017 –
Б. 191.
25
Қазақстандағы ШЖМ: жалпы сипаттамасы
1-тарау
(44)
56
. Дегенмен, оқушылардың АКТ-ға қол жеткізу мүмкіндіктері әлі де шектеулі. Әрі
мектептердің әлемдік білім беру интернет-ресурстарына қолжетімділік көрсеткіші де төмен
болып қалуда. Электрондық оқыту жүйесіне тек 1075 мектеп тартылған
57
.
ШЖМ ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылыммен жабдықтау деңгейін
анықтау мақсатында 2019 жылдың мамыр-маусым айларында ШЖМ мұғалімдерімен
әлеуметтік сауалнама жүргізіліп, ал 2020 жылдың қаңтар-наурыз айларында ШЖМ директор-
лары және меңгерушілерімен эксперттік сараптамалық сұхбат алынды.
Достарыңызбен бөлісу: |