Республикасының шағын жинақты мектептер академиясы» порталы түрінде
ақпараттық білім беру жүйесін дамыту» ғылыми жобасы іске асырылуда. Осы жоба
аясында Алматы облысының Дзержинский және И. Лермонтов кенті мектептерінде, Кальпе
online режимінде аудио көрнекі оқу құралдарын, ақпараттық білім беру бағдарламаларын
пайдалана отырып, бейне-конференциялар өткізілді, сондай-ақ республиканың ШЖМ
мұғалімдерінің өздігінен білім алу және біліктілігін арттыру курстары ұйымдастырылды.
«Абай атындағы ҚазҰПУ Қазақстан Республикасының шағын жинақты мектептер
академиясы» порталы арқылы ШЖМ педагогтарының өздігінен білім алуы, оқушылармен
шеберлік сабақтарын өткізу, мұғалімдер арасында тәжірибе алмасу мақсатында сабақтар
ұйымдастыру жүзеге асырды
99
.
«ШЖМ академиясы» порталының контентін зерттеп, біз 2015 жылғы ШЖМ-ға ғылыми-
әдістемелік көмекті жүзеге асыру бойынша соңғы жылғы қорытындыларға тоқталдық.
Мұны 2015 жылғы күнтізбелік жұмыс жоспары дәлелдейді, ал «жаңалықтар мен оқиғалар»
бөлімінде іс-шаралар 2010 жылдан бастап 2015 жылға дейін онлайн режимінде өткізілген.
2014 жылдың 24-25 сәуірінде ҚазҰПУ базасында өткізілген «Мәңгілік халыққа – ақпараттық
мектеп – шығармашылық педагог – бәсекеге қабілетті оқушы» атты ШЖМ директорлары
мен мұғалімдерінің Республикалық слеті ең ірі іс-шара болды. Абай «Онлайн сабақ»
бөлімінде 2013 жылға дейін құрылған түрлі пәндер бойынша 22 сабақ және 2013 жылғы
12 сабақ сақталды. ШЖМ академиясы республиканың 15 мектебіне: Алматы облысының
бес орта мектебіне, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс қазақстан екі мектебіне және Қостанай,
Маңғыстау, Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының бір мектебіне
тәлімгерлікті жүзеге асырды.
2012 жылы Қазақстанда байланыс және ақпарат министрлігі Білім министрлігімен
бірлесіп әзірлеген «Білім» білім беру телеарнасы пайда болды. 2014 жылы ол «Мәдениет»
арнасымен біріктіріліп, «Білім және Мәдениет» деп атала бастады, ал Kazakh TV және «Білім
және Мәдениет» арналарының бірігуі нәтижесінде, 2016 жылдың 25 қазанында эфирге
Kazakh TV атты бірыңғай арнамен шықты.
Әлемдік педагогикалық практикада білім беру бағдарламаларына сәйкес әзірленген
цифрлық ресурстардың үлесі артты. Эстониядағы мектеп оқу бағдарламаларының 70%-дан
астам, ал Голландияда 90%-ға цифрлық ресурстармен қамтамасыз етілген. Қазақстанда
мектеп оқушылары үшін цифрлық ресурстар белсенді әзірленуде, бірақ олармен облыстар
бойынша мектептерді жарақтандыру 5%-дан 36%-ға дейінгі диапазонда тұр. Техникалық
және кәсіптік білім берудің оқу бағдарламалары мазмұнының 10%-ы цифрлық форматқа
көшірілді
100
.
Қазақстанда білім берудің ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыруға көп
көңіл бөлінеді. Білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасының мақсаттарының біріне сәйкес, білім беру процесінің барлық
99
Абай атындағы ҚазҰПУ ресми сайты // http://www.kaznpu.kz/ru/1017
100
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандырудың 2020 жылға дейінгі Стратегиясы.
|