«Музыка» оқу пәні
5-6-сыныптарға арналған «Музыка» пәнінен жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы оқу мақсаттарының жүйесі арқылы ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.
6-сыныпқа арналған «Музыка» пәнінен жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасына 2021-2022 оқу жылында өзгерістер енгізіледі. Білім алушылардың ұлттық аспапта ойнауды үйренуге деген ынтасын ескере отырып, қазақ тілінде оқытатын мектептерде 6-сыныпта «Музыка» оқу пәнінің шеңберінде «Домбыра» курсы кезең-кезеңімен енгізіледі. Домбыра бүкіл әлемге танылып, қазақ халқының игілігіне айналды. Курста білім алушылар домбырада ойнауды үйреніп қана қоймай, халық композиторларының шығармашылығымен, Қазақ музыкасының тарихымен, Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Дина Нұрпейісованың салған дәстүрлерімен танысады. Үлгілік оқу бағдарламасы бойынша оқытуды бастау, содан кейін домбырада ойнауды үйретуге көшу (бұйрық шыққаннан кейін) үлгілік оқу жоспарларының вариативтік компонентінің сағаттары есебінен барлық кейінгі сыныптарда
«Домбыра» курсын өткізу ұсынылады. Бұл курсты өткізу мүмкіндігі болмаған жағдайда, басқа музыкалық аспапта ойнауды үйретуге болады. 7-сыныптан бастап «Домбыра» таңдау курсын Үлгілі оқу бағдарламасының вариативтік компонентінің сағаттары есебінен өткізу ұсынылады.
Пәнді оқытудың мақсаты – қазақтың дәстүрлі музыкасы, әлем халықтары шығармашылығы, әлемдік классика және заманауи музыканың үздік үлгілері негізінде білім алушылардың музыкалық мәдениеттілігін қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту
Пәнді оқытудың міндеттері: өзге өнер түрлері мен оқу пәніне музыка өнерін кіріктіре отырып әлем тұтастығының бейнесі жөнінде түсінігін қалыптастыру; музыка өнерінің жалпы адамзаттық қажеттілікті құбылыс ретінде, оның адам өміріндегі рөлі мен маңыздылығы туралы түсінігін қалыптастыру; сын тұрғысынан ойлауы мен музыкаға жағымды қарым- қатынасын, музыкалық іс-әрекет дағдыларын қалыптастыру; музыкалық шығармалар мен тапсырмаларды талдау, зерттеу және орындаушылық пен импровизациялау, презентациялау оқу пәндік-тақырыптық білім, білік, дағды аясында дамыту; музыкалық қабілеттілігін, белсенді шығармашылығын,
орындаушылығы мен зерттеушілік дағдысын дамыту; музыка өнері негізінде коммуникация формалары жөнінде білімін қалыптастыру; музыкалық- шығармашылық жұмыстарға идеялар қосу негізінде өзін-өзі бағалау, өзін-өзі тану және өзін-өзі дамытуын қалыптастыру (шығармалар жазу, импровизация және өңдеу); ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын қолдану барысында музыкалық-орындаушылық және техникалық білімі мен біліктілігін қалыптастыру, дамыту.
«Музыка» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты;
сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды.
«Музыка» пәнінің оқу бағдарламасының мазмұны бөлімдер бойынша ұйымдастырылған. Бөлімдер пән бойынша оқыту мақсаттары және оған қол жеткізу реттілігін сыныптар бойынша мазмұндайтын бөлімшелерге бөлінген.
Оқу пәнінің мазмұны 3 бөлімнен тұрады:
«Музыка тыңдау, орындау және талдау» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды: «Музыка тыңдау және талдау»; «Музыкалық сауаттылық»;
«Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет».
«Музыкалық-шығармашылық жұмыстар жасау» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды: «Идеялар және материалдарды жинақтау»; «Музыка шығару және импровизация».
«Музыкалық-шығармашылық жұмысты таныстыру және бағалау» бөлімі келесі бөлімшені қамтиды: «Музыкалық-шығармашылық жұмысты таныстыру және бағалау».
«Музыка» пәнінің 5-сыныпқа арналған базалық мазмұны: «Қазақ халқының музыкалық мұрасы»; «Қазақтың дәстүрлі тұрмыс-салт әндері және заманауи музыка»; «Әлем халықтарының музыкалық дәстүрі»; «Музыка тілі – достық тілі»; «Өлкетану: Туған өлке симфониясы» бөлімдерін қамтиды.
«Музыка» пәнінің 6-сыныпқа арналған базалық мазмұны: «Классикалық музыканың үздік туындылары»; «Заманауи музыка мәдениеті»; «Музыка және өнер түрлері»; «Музыка – өмір тынысы»; «Өлкетану: Туған жердің таланттары» бөлімдерін қамтиды.
Әрбір бөлімшелерде көрсетілген оқу мақсаттары, мұғалімге үш түрлі іс- әрекет арқылы (білім алушылардың музыкалық сауаттылықты зерделеу, музыкалық-орындаушылық және музыкалық-шығармашылық іс-әрекеті) жұмысты жүйелі жоспарлауға, олардың жетістіктерін бағалауға және оқытудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.
Оқу бағдарламасында оқу пәнінің мазмұнын анықтаудың негізі болып табылатын оқыту мақсаттарының жүйесі түрінде ұсынылған күтілетін нәтижелері қалыптастырылған. Мазмұны тұрғысынан оқу бағдарламалары білім алушыны өзін-өзі оқыту субьектісі және тұлғааралық қарым-қатынас субьектісі ретінде тәрбиелеуде нақты оқу пәнінің қосатын үлесін айқындайды.
«Музыка» пәні бойынша жиынтық бағалау өткізілмейді. «Музыка» пәні бойынша жартыжылдыққа және оқу жылының соңында «есептелінді» («есептелінген жоқ») деген белгі жазылады.
«Музыка» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2021-2022 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |