Орта ғасыр философиясы: орта ғасыр христиан философиясы


АВГУСТИН АВРЕЛИЙ ФИЛОСОФИЯСЫ



бет6/13
Дата18.04.2022
өлшемі159,82 Kb.
#31311
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

3. АВГУСТИН АВРЕЛИЙ ФИЛОСОФИЯСЫ

  • «Тәубе» еңбегінде ол өзінің дүниетанымдық ізденістеріне жауап берген христиан дініне келудегі азапты жолын сипаттап жазады. Оның 13 жыл бойына жазылған «Құдай қаласы туралы» еңбегі 413 жылы Рим қаласының қиратылу әсерімен өмірге келген. Оның ойынша, адам өмірінің ең жоғарғы мақсаты Құдайға сүйіспеншілік және Ең жоғарғы иеге толық тәуелділігін жете түсінуі. Құдай – адамдардың ой-пікірлері мен іс-әрекеттерінің бастапқы және соңғы түйіні.
  • Августин адамзат тарихының қалыптасуы мен дамуын егжей-тегжейлі зерттегеннен кейін, бұл тарих екі патшалықта – «Жер қаласында» және «Құдай қаласында» өріс алады деп қорытынды жасайды. Жер қаласы бұл жауыздық пен шайтандар әлемі, мұнда «оның әкім, басқарушылары мен оған бағынатын халықтарда» күншілдік үстемдік жүргізеді. Құдай қаласы – бұл мейірімділік, сүйіспеншілік пен құдайлық әлем, мұнда «алдыңғы қатарда тұрушылар басшылығына бағыныштылар бағынып, бір-біріне өзара қызмет етеді».
  • «Әлем неге ерте жаратылған жоқ? Соған қарағанда, ешқашан «ерте» болған жоқ. Уақыт әлем жаратылған кезде жаратылды. Құдай мәңгі, өйткені ол уақыттан тыс өмір сүреді; Құдайда ешқандай «ерте» де, «кеш» те жоқ, бары тек қана осы күн, құдайдың мәңгілігі уақыт қатынастарынан алынған; онда бірден барлық уақыт көрініп тұрады», - деді Августин. (Рассел Б. История западной философии. –М., 1993)


  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет