Орта ғасырдағЫ Қазақстан тарихы VІ-ХVІІ ғғ. Орта ғасырдағЫ Қазақстан тарихы VІ-ХVІІ ғғ



бет4/11
Дата24.09.2024
өлшемі3,14 Mb.
#145481
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
№7 Түрік, Батыс Түрік, Шығыс Түрік

Иштеми (Iстеми) қаған
  • Иштеми қаған Қытай деректерiнiң бiрiнде 100 мың адамдық әскері бар «он тайпа қағаны» аталды.
  • Иштеми (Iстеми) қаған қазiргi Қазақстан, Орталық Азия аумағын бағындырып, Едiл мен Солтүстiк Кавказға шықты.
  • Түркілер Жетісуды иеленді және Аралға дейінгі таулы-далалы кең аумақты мекендеді. Жергілікті көшпелі және жартылай көшпелі тайпалар империяға кірді.
  • Ұлы Жібек бойындағы Орта Азия қалалары мен елді мекендерін басып алды. Аварлардың (жужандардың) соңына түсе отырып, түркілер Орал маңы мен Еділ бойын бағындырды.
  • Түрiк қағанаты нығайған кезiнде (VI ғасырдың 70-жылдары) Маньчжуриядан Босфорға дейiнгi жердi алып жатты. Иштеми қаған тұсында түркiлер әскери жағынан қуатты империяға айналды.
  • Түркілердiң батысқа жылжуы тек жаулап алушылық қана емес, түркi тайпаларының iрi көшi-қонына ұласты. Жергiлiктi тайпалар түркілерден құралған мемлекетке қосылды немесе Шығыс Еуропаға қарай жылжыды.
  • 568 жылы соғды көпесі Маниах бастаған түрік елшілігі Константинопольге Византия императоры Юстин ІІ-мен сауда және Иранға қарсы әскери одақ құру шартын жасасты.
  • Византия тарихшысы Менандр еңбектері 558-582 жылдардағы түркі халықтарының тарихын қамтиды.«Маниах императорға қағанның «скиф жазуымен» жазылған хатын алып келген».
  • 568-569 жылы Істеми қағанға Византия елшісі Земарх келеді. Менандр жазбасында Дизавул (Іштеми) қаған ордасы Талас бойында орналасқан .
  • Земарх елшілігі Византия мен Батыс Түрік қағанаты арасында тікелей сауда орнатуды көздейді.
  • Елшілік мақсаты парсыларға қарсы Түріктермен одақ құру.
  • Елшілерді екі оттың арасынан өткізіп, тазалану рәсімін болғандығын жазады.
  • Орта Азияны басып алудағы басты қарсыласы эфталиттер болды. Эфталиттер (хионит-ақғұндар)- Каспий теңізінен Солтүстік Үндістан мен Шығыс Түркістанға дейінгі жерді жаулап алған отырықшы тайпалар.
  • VІ ғ. 80-жылдардың соңында Істеми қаған Парсы елімен одақтасты. Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азиядағы қуатты эфталиттер мемлекетін талқандады. Эфталиттер мұрасын бөлуге байланысты одақтастар арасында жанжал шығып, ол тез арада шешілді. Түркілердің өз әскерін кері алып кеткені үшін Парсы жағы оларға үлкен көлемде алым төлеуге міндеттелді.
  • Әмудариядан солтүстікке қарайғы барлық жерлер түркілерге қарады.
  • Түркілер Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Қытайдан Жерорта теңізі елдеріне баратын Ұлы Жібек жолының едәуір бөлігіне ие болды.
  • Дереккөздерде Византия елшiлiгiнің түркілерге бірнеше рет барғаны жайында айтылады. Византиямен тұрақты сауда және дип­ломатиялық байланыстар орнағандығын VI ғасырдағы византиялық теңгелер растайды.
  • Істеми Солтүстік Кавказды жаулап алып, Византияға баратын Ұлы Жібек жолының «солтүстік тармағын» ашып, Византиямен сауда және дипломатиялық байланыстар орнатты.
  • Жібек саудасы түркі қағандарына орасан зор кіріс әкелді. Жiбек матасын сатып алушы негiзiнен Византия еді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет