Орта ғасырдағЫ Қазақстан тарихы VІ-ХVІІ ғғ. Орта ғасырдағЫ Қазақстан тарихы VІ-ХVІІ ғғ



бет2/11
Дата24.09.2024
өлшемі3,14 Mb.
#145481
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
№7 Түрік, Батыс Түрік, Шығыс Түрік

ТҮРІК ҚАҒАНАТЫ (552-603жж.)
  • Қытай деректері бойынша түріктер алғашында Қытай шекарасының батысында, Алтай тауларының етегінде өмір сүрген.
  • Кейін түрік тайпаларының көсемі Бумынның басшылығымен иеліктерін Хуанхэ жағалауларына дейін кеңейтті.
  • Батыс Қытай билеушілері жақын қоныстанған түркілер жайлы деректер жинай бастайды. Бұл деректер түрiк тарихының ерте кезеңi туралы негiзгi білім көзiне айналды.
  • Еуразия даласында түркі тілдес халықтар үстемдік құрған ғасырдан ХІІІ ғасырға дейінгі кезеңді түркі дәуірі деп атайды.
  • Алғашқы кезде түркілермен байланысты этникалық үдерістер Ұлы Даланың шығыс бөлігінде жүрді.

542 жыл
  • «Түрік» атауы алғаш рет қытай деректерінде (қытайша тюцзюэ) кездеседі. Алғашында екі рудан-ашина мен ашидэден тұратын шағын тайпа болған.
  • Қытайлар түріктерді ғұндардың ұрпағы деп санаған. Алғашында «түрік» этнонимі әскери шонжарлар деген мағынаны білдірсе, кейін «мықты, берік, күшті» деген мағынада үстемдік етуші Ашина әулетіне байланысты аталды.
  • VІ ғасырда Гоби шөлінен солтүстікке қарай қытай дереккөздерінде теле этнонимімен біріктірілген түркі тілдес тайпалар мекендеді. Телелердің ата-бабалары ғұндар болды.
  • VІІ ғ. басында теле 15 тайпаға бөлінді. Теле тайпаларының көпшілігі кейін батысқа қарай көшіп, кейінгі түркі халықтарының негізін қалады.

  • Ашина-Түрік билеушілері шыққан әулет. Зерттеушілер «ашина» терминін біреулері «текті қасқыр», екіншілері «аспаннан жаратылған» деп түсіндіреді.

Теле тайпалары
  • 552 жылға дейін Түріктер Жужандарға (авар) бағынышты болып салықты темір түрінде төлеген
  • Жужан қағанаты- (402-552 жж.) Солтүстік Моңғолияда құрылған көшпелі мемлекет. Қытайдың солтүстігіндегі мемлекеттермен соғысып, Жетісуда Үйсін ордасына шапқыншылықтар жасады.Теле тайпалары Vғасырдан жужандарға тәуелділікте болды.
  • Vғ. түріктер кен қорыту ісімен таныс болып, жужандарға салықты темір түрінде төлеген. «Түріктердің жалпы тарих сахнасына алып шыққан мамандығы темір өндіру ісі болатын. Олардың аңызға айналған арғы атасы Ашин теріскейге қашып келіп, «оларға темір өндіреді». 546 жылы Жужан қағаны Анахуан (Анағұй) түріктер көсемін «Менің темір қорытатын тұтқыным» деп, түріктердің басты кәсібін айрықша атайды».



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет