УІІ ғғ. Арабтар саудагерлерінің қатысуымен Аксум құлдырай түсті. Саяси және әлеуметтік жағдайы да өзгерді. 630-640 жж. Арабтар Аксумның ішкі жағдайын құлатты. Армахан ислам дінін таратып, оңтүстік Эфиопияға әсерін тигізді. УІІ-Х ғғ. аксумдықтар ақырында Абиссин аймағына тарала бастады. Бұл процессс бірнеше 100 жылға созылды. Аксумдық патшалар орталығы биліктері әлсірей бастады. Аксум бірнеше бөліктерге бөлінді.
Хғ. Эфиопияның ескі астанасы құлады. Аксумдық патшалығы өмір сүруді тоқтатты. Эфиопия жаңа патшалықтың қолына түсті.(Фалаша-иудей тайпасы болуы мүмкін). Себебі Эфиопия жылнамаларында Хғ-дан ХІІ ғ-ға дейін Аксум туралы хабар бермейді. ХІІ ғ. билік християндық династия Загвей биледі. Бұлар Ласта ақсүйектерден шыққан. Осы династия 100 жыл өмір сүрді. Династины билеген Лалибала, тауларда християн шіркеуін қашап салдырған. Осы тамаша ескерткіштер орта ғасырлық Эфиопия архектурасының бірі.
ХІІІ ғ билік басына Соломондар династиясы келді. Өзін жаңа Эфиопияның билеушісімін деген Хайле Селассие болды. бұл династияның бірінші билеушісі Йекуне-Амлаке (1270-1285жж). Эфиопияның астанасы- Шао ауылының Анкобер қаласына ауыстырылды. Бұл бұрыңғы Эфиопияның оңтүстік аймағы болған. Орта ғасырдағы Эфиопияны билеген әрбір билеуші өз пайдасына мемлекетті басқарған, өз қалтасына кедейлердің ақшаларына, салықтарына күн көріп отырған. Феодалдардың жерлерін өңдеумен шаруалар мен құлдар айналысқан. Орта ғасырда Эфиопияда салық ісі асты. Ерекше салық «дерго» болды. оның анықтамасы- басшылар мен ақсүйектер салық төлеген жоқ.
Орта ғасырларда үй құлдары болды. құлдардың еңбегінің сауда орталығында қолданылған. Құл ұстау Эфиопияның заңымен тіркелген. Егер құл ұстаушы өзінің құлын өлтірсе, басқа адамдар сияқты жазаланған. Ал құл өзінің қожайыны туралы заңға шағымдануына құқылы болды. Шаруа болған құл сатылуға тыйым салынды.
Мемлекеттің феодалдардық жағдайы, ішкі саяси жағдайы, кеден ісі, сауда –саттық ісі нашарлай, әлсірей түсті. Кеңінен таралған сауда керуені болды. Билікте мұсылмандар болғандықтан саудагерлер феодалдық және мемлекеттік іске қатысқан жоқ.