Басты оқиғалар
Басты оқиғалар:
Қасым хан,
Хақназар хан
|
●Әуелгі кезде Қасым Бұрындық ханға бағынып,соның алдында бас иді,негізінде хандықты билеу Қасымның қолында болды
●Бұрындық пен Қасым арасында шиеленіскен күресте Бұрындық жеңіліп,елден кетеді
Қасым ханның жалғасы:
●1514 жылы Саид хан Шығыс Түркістанға көшіп кетіп, Қасым ханның Жетісудағы билігі нығая түсті
●Қасым ханның сыртқы саясаттағы басты мақсаты – Сырдария бойындағы қалаларды қайтару
●Басты қарсыласы –Мұхаммед Шайбани болды
●М.Шайбани: «Түркістан халқы қазақ саудагерлерімен ешқандай сауда келісімдерін жасамайтын болсын, олармен қарым-қатынас болмасын» деген жарлық шығарды
●М.Шайбани 1503,1505, 1506 ж.қазақ жеріне жорықтар жасады
●Қасым хан кезінде қазақтар дербес мемлекет ретінде Орта Азия мен Шығыс Еуропаға танымал болды
●ХVІ ғ.Қазақ хандығының дәуірлеу кезеңі болды,жер көлемі ұлғайды,халық саны артты,халықаралық беделі өсті,талас –тартыс біршама
§39 Шығай хан
|
●Қасым хан хандықтың нығаюы мен кеңеюіне белсене араласты, ол бүкіл Дешті Қыпшақтың ханына айналды
●Қазақ хандығының батыстағы шекарасы Жайық өзеніне дейін жетті
●Халық саны 1 млн-ға жетті
●Қасым хан кезінде бастапқы астана Сығанақ болды, кейін Түркістан болды
●Моғолстанмен қарым –қатынасы достық негізді болды,Моғолстан билеушісі Саид хан Қасым ханнаншайбандықтарға қарсы күреске көмек беруін сұрады, Қасым хан қыстауға көшетін мезгілдің жақындығын сылтау етіп, көмек беруден бас тартты
●Қасым хан кезінде Солтүстік Жетісу Моғолстан құрамында емес еді ,Ыстықкөл алқабы бұл кезде қырғыздардың қол астында болды
●Қасым ханның билігі қырғыздарға жүрген жоқ
●1509 жылы М.Шайбани әскерімен Жаныш сұлтан отырған Қараталға шабуыл жасап, қазақтарды шығынға ұшыратты және Сығанаққа қайтар жолында 10 мың қазақ шаңырағын тонап, олжаны Мауараннахрға жіберді
●1510 жылы М.Шайбани Қасым ханның Ұлытау маңындағы Ордасын шабуға інісі Ұбайдаллах пен Темір сұлтанды жібереді, бірақ Қасым ханның Мойынсыз –Хасан бастаған жасағынан жеңіледі,Түркістан қалаларының көпшілігі Қасым хан билігіне өтті
●1510 жылы М.Шайбани Мерв түбінде Иран шахы І Исмаилмен шайқкаста қаза тапты
●М.Хайдардың дерегіне қарағанда Қасым хан 1518 жылы қайтыс болған
●Қасым хан қайтыс болған соң Қазақ хандығында ұзақ жылғассозылған саяси дағдарыс болды
●1580 жылы Хақназар хан Баба сұлтан
жіберген адамдардың қолынан қаза тапты
●Хақназар хан Қазақ хандығын 42 жыл басқарды
|