●Архитектура латынша құрылысшы деген мағына береді
●VІІ- VІІІ ғ.басталып бітпей қалған құрылыс – Ақыртас ғимараты немесе Тасақыр деп те атайды
●Ақыртас ғимараты Тараз қаласының шығысында 40 км жерде орналасқан,Ақыртас аталу себебі –құрылыс материалына пайдаланған тас блоктардың бір жағы ақыр сияқты ойылған.Блоктардың көлемі -140*70*70 (80)см
Ірге тасының ұзындығы -160м, ені 140 м.Ақыртас тұрғын үйге арналған, құрылысы 3 бөліктен тұрады:
1/Оңтүстік бөлік – ақыртастың иесі мен қонақтар тұратын үй –жай
2/ Солтүстік бөлік – күзетшілер мен қызметшілер тұратын үй
3/ Орталық алаң – ойын-сауық, той –думан, діни рәсімдер орны
● Білеулі ғимараты – Ақыртастан кішілеу,Қазақстан мен Қарақалпақстан шекарасы аралығында.
●Сардоба құрылысы: 1/ Парсы тілінде «сардоба» - құдық үстіне салынған құрылыс дегенді білдіреді
2/VІ –ІХ ғ. салынған екі сардоба белгілі: а/ Мырзарабат сардобасы –бір және көп күмбезді
б/ Якка сардобасы –күмбездері бір –біріне жалғастырылып салынған
3/ Екі сардоба да Мырзашөл керуен жолы бойына салынған.
4/Бұл ғимараттар азаматтық ғимараттар қатарына жатады.
Діни сәулет өнері
●Ислам дініне дейінгі қазақ жеріндегі сәулет құрылысының бір түрі – құрылысы киіз үйге ұқсас – ДЫҢ ескерткіштері
●Ғимараттың бұл түрі Қимақ хандығы мен Қарлұқ қағанаты кезінде басым болған және көп сақталған жері – Орталық Қазақстан, Жетісу,Тарбағатай,Маңғыстау.Дың қаза болған адамды жерлеген жерде тұрғызылған.
●Ақбешім,Суяб қалаларынан будда ғибадатханаларының орны табылды, олар VІІ ғ. аяғы - VІІІ ғ. басында салынған.Ақбешім ғибадатханасының көлемі -76*22м, екі мүсін сынығы табылды, бас ымен денесінің жалпы тұрқын қосып есептегенде шамамен2,5- 3 м.болған. Тараздан да ғибадатхана табылды
●ІХғ. 2-ж.бастап ислам дінінің архитектуралық құрылыс жүйесі салына бастады.Мысалы:
Баба –Ата қаласы орнын қазғанда табылған мешіт: 1/ Баба –ата мешіті- сыртқы көрінісі жартылай сфера тәрізді бес күмбезді құрылыс