Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы


«Пән бойынша білімді бағалау кестесі»



бет51/51
Дата07.01.2022
өлшемі359,5 Kb.
#17977
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
Байланысты:
Орта асырларда ы аза стан тарихы

«Пән бойынша білімді бағалау кестесі»
Бағалау саясаты:

«Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы» пәні бойынша



білімді бағалау кестесі





«Ортағасырлардағы Қазақстан тарихы» пәні бойынша білімді бағалау кестесі




Бағалау үлгісі

Бағалау түрі

Апта







Жұмыс үшін %

Барлығы

%


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1

Үй тапсырмасы

0,6

8,4

·

·

·

·

·

·

·

·

·

·

·

·

·

·




2

Жеке тапсырма

(ауызша жауап)




2,4

4,8



















·













·










3

Жеке тапсырма

(жазбаша жауап)



2,4

4,8



















·













·










4

Бақылау жұмысы


2

28

·

·

·

·

·

·

·

·

·

·

·

·

·

·




5

Практикалық сабақтардағы белсенділігі

1

14




·

·

·

·

·

·

·

·

·

·

·

·

·

·

7

Р12




60














































8

Емтихан




40














































Барлығы




100
















































Семестр барысында екі аралық бақылау жүргізіледі 7(8) және 15 апталарда.

Аралық бақылаулар бойынша студенттің максималды үлгерім көрсеткіші 60% құрайды. Семестр аяғында оқу пәні бойынша қорытынды аттестациялау – емтихан өткізіледі (максималды көрсеткіші - 40%).

Пән бойынша қорытынды емтихан бағасы- аралық бақылаулар және қорытынды аттестациялаудың максималды көрсеткіштер сомасы ретінде анықталады.

Қорытынды емтихан пәннің негізгі теориялық және практикалық материалдарын қамтитын тестілік тексеру түрінде өтеді.

Әріптік бағалау және оның балдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады (кесте бойынша)



Студенттердің білімі келесі кесте бойынша бағаланады:
1.7 Курс саясаты және іс-жосығы (процедурасы)
Студенттерге қойылатын талаптар:

Курс бойынша жоғары балл алу үшін әрдайым жұмыстану қажет. Себебі пән бойынша баға жалпы семестр бойы жинақталады. Сабаққа белсенді қатысып, барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда студентке жоғары баға қойылады. Студент әрбір кредит сағат бойынша жинаған балдарын есептеп жүру қажет (жоғарыда көрсетілген пән бойынша білімді бағалау және апталық тақырыптық кесте бойынша)



1. Сабаққа қатысу

Студент сабаққа қатысуға міндетті. Қалдырылған сабақтар пәннің оқу-әдістемелік кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет. Пәннің 3/1 себепсіз қалдырса, курстан шығарылады.



2. Аудиториядағы тәртіп

Студент сабаққа кешікпеу, сабақ уақытында сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефоның сөндіру, оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет.



3. Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасы міндетті түреде көрсетілген мерзімде орындалуы қажет. Үй тапсырмалары негізінде қорытынды баға шығарылады.



4. Жеке тапсырмалар

Семестрлік жеке тапсырмалар міндетті болып табылады. Олар реферат (баяндама, хабарлама т.б.) ретінде орындалып, қорғалады. Бұл тапсырмалардың әрқайсысы бағаланып, қорытынды баға шығарылады.



5. Бақылау жұмысы.

Бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалып, тапсырылады. Студенттердің білімін бақылау негізінен тест тапсырмаларын орындау және сұрақтарға жазбаша жауап жазу арқылы тексеріледі.



6. Пікірлесу.

Пікірлесу әр топта кесте бойынша жүзеге асады. Студенттердің білімін бақылау тест тапсырмаларын орындату арқылы жүргізілуі мүмкін.


1.8 Студенттердің білімін тақырыптар бойынша тексеру және емтихан сұрақтары

1.8/1 1-7 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары.

  1. Түрiк этнонимi туралы түсiнiк.

  2. «көк бөрі» мен түркі халықтарының арасында қандай байланыс бар?

  3. Ежелгі заман мен ортағасыр заманы тоғысында Орталық Азия көпелелерінің географиялық қоныс өзгерістерінің жалпы сипат қандай?

  4. Түрік генеологиясы жөнінде қытай деректері не дейді?

  5. Бумын түрік қағанатын қалай, қандай жағдайда құрды?

  6. Түркі мемлекетінің батыстағы, Орта Азиядағы саясатының негізі не?

  7. Түріктердің сасанилік Иранмен құрған әскери одағының бұзылуының себебі неде?

  8. Қағанаттың Иранға және Византияға жіберген елшіліктерін неліктен соғды көпестері бастады?

  9. 568 жылы Маниах бастаған түрік елшілігінің миссиясы қандай?

  10. Византия –Түрік саяси-экономикалық келісімінде түрік билеушілері қандай дипломатиялық есеп қолданды?

  11. Ұлы Түрік қағанатының саяси бөлшектенуіне қандай жағдайлар әсер етті?

  12. Батыс Түрік қағанатының халықаралық шаруашылық және саяси байланыстар аясына тартылуындағы соғдылардың ролі қандай?

  13. Батыс Түрік қағанатындаы сот қызметін атқарғандар кімдер?

  14. Тат дегеніміз кімдер?

  15. Арабтар Қазақстан жерінде не үшін күрес жүргізді?

  16. Қарлұқ мемлекетінде қалыфптасқан тайпалар үлесті жерлерге иелік еткен басқару жүйесінің мәні неде?

  17. Қарлұқ конфедерациясына қандай тайпалар енді?

  18. Қарлұқ қағанатының қоғамдық құрылымының қандай ерекшеліктері бар?

  19. Оғыз жабғуларын сыртқы саясатта орыс княздерімен одақ жасасуға бағдар алуға итермелеген қандай себептер?

  20. Тайпалардың оғыз одағы қалай қалыптасты?

  21. Оғыздар мемлекеті туралы баяндаған араб авторлары мәліметтерінің маңыздылығы неде?

  22. Оғыздардың басты шаруашылық түрі қандай?

  23. Неліктен оғыз қағанаты Х-ХІ ғғ. межесінде үлкен дағдарысқа ұшырады?

  24. Қазақтардың этникалық тарихында оғыз тайпаларының маңызы неде?

  25. Деректерде кимек билеушісінің қолындағы нақты билік қандай дәрежеде баяндалады?

  26. Кимектер турасындағы парсы тарихшысы Гардизи еңбектерінің маңыздылығы неде?

  27. Кимектердің оғыздармен әскери-саяси байланыстары Қазақстан тарихында қандай нақты оқиғалардан көрінеді?

  28. Қазақстан жеріндегі көшпелі қоғамдардың саяси құрылымдарынан қарахандықтардың мемлекеттік ұйымының басты айырмашылығы неді?

  29. Біртұтас Қарахан мемлекеті неліктен Батыс және Шығыс қағанаттарға бөлінді?

  30. Қидан қарақытайлардың этникалық –тайпалық құрамы.

  31. Найман, керейт, жалайырлардың саяси ұйымы.

  32. Дешті Қыпшақ атауы қалай пайда болды және Қыпшақ мемлекеті қандай территориялық аумақты алып жатты?

  33. Қандай сыртқы жағдайлар Қыпшақтар мемлекетінің қалыптасуына обьективті алғышарт болып қалыптасты?

  34. Қыпшақ хандары әулетінің алғашқы атасы болып есептелетін кім?

  35. Мүлік теңсіздігінің қыпшақтардағы сипаты мен оның жайылымдарды бөлісудегі ықпалы қандай?

  36. Қазақстанның ертедегі және дамыған ортағасырлық мемлекеттерінің саяси тарихында, қоғамдық құрылысында, шаруашылықтарында қандай ортақ мәселелері бар?

  37. Хорезмшах Мұхаммедтің вассалы Ғайыр хан-Иналшықтың әрекеті Шыңғыс ханның Орта Азиямен Қазақстанды жаулап алуының негізгі себебі болып табыла ма?

  38. Орталық Азия халықтарын бағындыруда Шыңғыс хан қандай идеологиялық, дипломатиялық әдіс-тәсілдер қолданды?

  39. Тимучин құрған әскери-феодалдық мемлекеттің қоғамдық-саяси құрылысының басты ерекшелігі неде?

  40. Алтын Орда мемлекетінің мәселесі отандық тарихнамада қалай бағаланды?

  41. Моңғол басқыншылығының апатты зардаптары мен бірге қандай жағымды жақтары болды?

  42. Неліктен Шыңғыс хан Қазақстан мен Орта Азияға жорық жасауға зор мән берді?

  43. Ақ Орда мемлекетінің тарихында Мүбәрәк қожа ханның «бүлігі» мен оның тарихи маңызы неде?

  44. Қандай оқиғалар Темірдің Тоқтамысқа қарсы ұзаққа созылған күресінің басталуына себеп болды?

  45. Қазақстан аумағында ХІҮ-ХҮ ғғ. өмір сүрген мемлекеттердің қандай даму ерекшеліктері болды?

  46. Көшім хан мемлекетінің негізін құраған қандай тайпалар мен халықтар болды?

  47. Әбілхайыр хандығындағы феодалдық жер иелену мен тархандық жүйенің ерекшеліктері?

  48. Батыс Түрiк қағанатының құрылуының алғы шарттары.

  49. Түркештердiң саяси тарихы.

  50. Қарлұқтар туралы жазба деректер және олардың шығу тегi.

  51. Оғыздардағы басты шаруашылықтың түрi қандай?

  52. Қазақстан жерiндегi көшпелi қоғамдардың саяси құрылымдарынан қарахандықтардың мемлекеттiк ұйымының басты айырмашылығы неде?

  53. Наймандардың, керейiттердiң, жалайырлардың ертеректегi мемлекеттерi Қазақстанға шектесiп жатқан Манғолия аумағында пайда болса да, олардың тарихының Қазақстан тарихына қандай тiкелей қатынасы бар?

  54. Дештi Қыпшақ атауы қалай пайда болды және Қыпшақ мемлекетi қандай территориялық аумақты алып жатты.

  55. Ұлы Жiбек жолының Қазақстандық бағыттары мен тармақтарын ата.

  56. Манғолдардың шығу тегi және олардың жазба деректерден көрiне бастаған кезеңдерi.

  57. Шыңғыс хан мемлекетiнiң құрылуы: саяси-әкiмшiлiк құрылысы, шапқыншылық саясатының мәнi.

  58. Ұлыстардың құрылуы, территорияларын ата.

  59. Әбiлхайыр ханның мемлекеттiк әкiмшiлiк құрылысы.

  60. Қазақстан аумағындағы XIV-XV ғасырларда өмiр сүрген мемлекттердiң VI-XIII ғасырлардағы мемлекеттерден қандай даму ерекшелiктерi болды?

  61. Қазақ халқының құрылып, қалыптасуының тарихи алғы шарттары қандай?

  62. Қазақ жүздерiнiң қазақ халқының қалыптасуындағы орны.

  63. Қасым хан тұсындағы мемлекеттiң саяси өрлеуiн неден көруге болады?

  64. Тәуке хан тұсындағы Ресеймен және көршi халықтарымен өзара қарым-қатынас қалай жүрдi.

  65. 1726 жылғы Орда басы жиынының тарихи мән маңызы неде?

  66. Жоңғар мемлекетiнiң агрессиялық саясатының үдеуi қай уақыттан басталды?



    1. Курс бойынша жазба жұмыстарының тақырыптары Рефераттардың тақырыптары:

  1. Бумын қаған – Орталық Азияда түрiк этносаяси бiрлестiгiнiң негiзiн салушы.

  2. Суяб қаласы – Батыс Түрiк қағанатының саяси, әкiмшiлiк орталығы.

  3. Түрiк қағанатының құрылуының тарихи маңызы.

  4. Қарлұқ мемлекетi және оның қазақстан тарихындағы орны.

  5. Қарлұқтарға ислам дiнiнiң таралуы.

  6. Сатұқ Боғра – Қара-хан – Қарахан қағанатының негiзiн салушы.

  7. Қазақ және басқа да түрiк халықтарының қалыптасуындағы қыпшақтардың ролi.

  8. Қыпшақтардың тайпалық және этникалық құрамы.

  9. Қыпшақ этносы – қазақ ұлтының негiзiн қалаушы.

  10. Ұлы Жiбек жолы және сауда.

  11. Қожа Ахмет Иассауи – ортағасырлық мұсылман әлемiнiң үздiк ойшылы, ақын.

  12. Отырардың ерлiк қорғанысы.

  13. Ақ Орда – монғолдардан кейiнгi кезеңде Қазақстанда жергiлiктi этникалық негiзде құрылған тұңғыш iрi мемлекеттiк құрылым.

  14. Сарайшық – Ноғай ордасының астанасы.

  15. Қазақ халқы шығуының этно-мәдени және экологиялық аспектiлерi.

  16. XIII-XV ғасырлардағы қазақ жерiндегi халықтың аумақтық орналасуы мен рулық-тайпалық құрамындағы өзгерiстер.

  17. “Қасым ханның қасқа жолы”.

  18. Тәуке хан және оның қазақ тарихындағы реформаторлық қызметi.

  19. Шапырашты Қарасай батыр.

  20. Тәуке ханның сыртқы саясаты.

  21. Тәуке ханның “Жетi Жарлығы”.

  22. Тәуке хан кезiндегi Қазақстан мен Ресейдiң елшiлiк қатынасы.


2. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТЫЛУ КАРТАСЫ

Пәннің әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы


Кафедра Қазақстан Республикасы тарихы тьютор Байболсынова А.С.

(аты-жөні)


Пән Ортағасырлардағы Қазақстан тарихы

(пән атауы)

Кредит саны 3







Әдебиет атауы


Барлығы


Ескерту











кітапханада


кафедрада


Студенттердің қамтылу пайызы (%)

Электронды түрі








1

2

3

4

5

6

7




1

Қазақстан тарихы (көне дәуірден бүгінге дейін)

(І-ІІ томдар) Алматы, Атамұра, 1996, 1998.



23

-

0,25

-

Әдебиет студенттерге жетіспейді




2

Қазақстан тарихы очерктер

104

-

1,13

-







3

К.Аманжолов “Қазақстан тарихы” (1,2 дәрiстер курсы)

1-54

2-54


-

0,58

-

Әдебиет студенттерге жетіспейді




4

Абусеитова М.Х. Казахстан и Центральная Азия в ХҮ-ХҮІІ веках: история, политика, дипломатия. Алматы, Дайк-Пресс, 2002

1

-

0,01

-

Әдебиет

өте сирек кездеседі






5

Сулейменов Б., Басин В.Я. Казахстан в ХҮ-ХҮІІ веках. Алматы,1984г .

1

-

0,01

-







6

АбусеитоваМ.Х.

Казахское ханство во второй половине ХҮІ века. Алматы,

1985 г.


1

-

0,01

-




3. ПӘН БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ КЕСТЕСІ




Жұмыс түрі

Тапсырманың мақсаты мен мазмұны


Ұсынылатын әдебиеттер

Орындау мерзімі және тапсыру уақыты (аптасы)

Балл

Бақылау түрі

1

Реферат

Тақырып бойынша ғылыми

баяндама

Тапсырма тақырыбына байланысты

3 апта

5% (үй тапсырмасы түрінде беріледі)

Реферат және баяндама

2

Оппонент болуы

Баяндама жасау,өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету

Семинар тақырыбына байланысты

4 апта

5% (үй тапсырмасы түрінде беріледі)

Семинарда жауап беруі


3

ОЖСӨЖ тапсырмаларын орындау

Талдау және танымдық қабілеттерін арттыру

Семинар тақырыбына байланысты

ОЖСӨЖ кестесі бойынша берілген уақыт шеңберінде


Тақырып бойынша

1 – 4% дейін (аралық бақылау түрі ретінде)

Тапсырмалардың орындалуын, сұрақтарға жауап беру қабілетін тексеру

4

Жазба жұмыс түрінде аралық бақылау

Ойлау қабылетін тексеру

Бірінші жұмыс 1 – 4 тақырыптарға байланысты

Екінші жұмыс 5 – 11 тақырыптарға байланысты

4 семинар

10 семинар



Тапсырмалар саны бойынша әрбір жұмыс 8% бағаланады

Жазба жұмысын тексеру

5

Емтихан

Білімді кешенді тексеру







Тест





4. ГЛОССАРИЙ

Глоссарий - мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде негізгі термин сөздер мен ұғымдардың жиынтығы. Сонымен қатар глоссариде терминдер мен ұғымдардың түсініктемесін беруге болады. Төменде глоссарийдің үлгісі берілген.

Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы пәні бойынша глоссарий



Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде




1

2

3




Амудария ағысының төменгi сағасы.

Аракс







Базис/қондырма. База-дегенiмiз қоғамның экономикалық негiздерi, ал қондырма – базаға негiзделген әлеуметтiк және идиологиялық тұжырымдамалар.

Базис

Base /superstructure




Мақұлдамауды көрсетудiң ұйымдасқан амалы.

Байкот

Baycoot




Геосаясат. Саясатқа XIX ғасырдың аяғында Германияда пайда болған сыртқы саясат жүргiзудi белгiлi бiр аумақпен және тiршiлiк өрiсiмен шектейтiн көзқарас.

Геопалитика



















Халық билiгi.

Демократия

Democracy




“Дипломатия” қатынас жасау.

Дипломатия

Diplomacy
















Көшi-қон

Миграция

Migration




Көшпендiлiк.

Намадизм

Nomad




Әлде бiр жүйенiң немесе құрылымның уақыт өте келе табиғи түрде өзгеруiн бiлдiредi.

Эволюция

Evolution


5. ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ

Кредиттік білім беру жүйесі жағдайында дәрісханалық сабақ жүргізу уақытының саны қысқарады. Сондықтан студенттің білім сапасын арттыру үшін қосымша тапсырмалар көбірек беріледі. Бұл үшін оқытушының ортағасырлардағы Қазақстан тарихы пәнінің дәріс мазмұны қысқартылып алынып, жаңа оқыту әдіснамасына сай қосымша оқу құралдарын, көрнекіліктер ретінде карта, сызба, таблицалар пайдаланылады.



Ең алдымен оқытушының дәріс сабақтары толық жоспарланып, байланыс сағаттарын күрделі, негізгі, проблемалық сұрақтарға арналған. Игеруге күрделі материалдар практикалық сабақтарда қарастырылады, ал жеңілдеу болып табылатын сұрақтар ОЖСӨЖ-да дайындалады.

Осы жағдайда проблемалық дәрістерді оқу өзектілігі жоғарылайды. Проблемалық дәріс сабақ студенттердің танымдық-ой қызметін дамытуды көздейді және интерактивті оқу әдістеріне сүйенеді.



Дәріс конспектісі

1. тақырыптың атауы,

  • дәрістің мақсаты,

  • тірек сөздер,

  • негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны,

  • дәріс мазмұнын көрсететін сызбалар,

  • өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар,

  • ұсынылған әдебиеттер тізімі.

Үлестіретін материалда

  • тақырыбты

  • кредит сандарын

  • оқытушының аты – жөнін

  • әдебиеттерді көрсету қажет.



6. ПРАКТИКАЛЫҚ, СЕМИНАРЛЫҚ, ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СТУДИЯЛЫҚ САБАҚТАРҒА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Қазақстан тарихы пәнінде дәрістер-әңгімелеу, баяндау түрінде жүргізіледі. Ал практикалық сабақтар арнайы студенттердің жұмыс дәптерлерінде орындалуы қажет. Сонымен бірге практикалық сабаққа берілген тапсырмалар уақытында орындалып, жұмыс дәптерінде орындалған күні, жалпы текст, пайдаланылған қосымша әдебиеттер тізімі, беті көрсетілуі керек. Практикалық сабақтар, ОЖСӨЖ және СӨЖ тапсырмаларына қоса Қазақстан тарихынан атлас карталар берілген. Бұл пәнді теория, практикалық әдіснамада меңгерумен қатар қосымша мағлұматтар алуға да, жалпы оқиғалардың өткен жерін, қамтылу аумағын анықтауға септігін тигізіп, оқу әрекетін әрі материалдарды еркін қамтуға көмектеседі. Қазақстан тарихы пәнін оқуда, жекелеген тапсырмаларды карталарды пайдаланып және тірек кестелерін құрастыру ұсынылады. Мұндай әдістемелер студенттердің өзіндік ғылыми шығармашылығын қалыптастыруға мүмкіндік береді.




7. СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА (СӨЖ) АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР

СӨЖ – дидактикалық тапсырмаларды өз бетімен орындауға, танымдық қабілетті арттыруға және белгілі бір ғылым саласысына байланысты білімін толықтыруға негізделген оқу процесінің ерекше бір түрі.

СӨЖ шығармашылық белсендікті, логикалық ойлауды дамытуды қамтамасыз ететін практикалық тапсырмаларды жүзеге асырумен байланысты болып табылады.

СӨЖ оқытушының қатысуымен (ОЖСӨЖ) аудиториядан тыс және оқытушысыз аудиториядан тыс (СӨЖ) сабақтардан тұрады.



СӨЖ материалдарының түрлері

  • пәннің оқытылу кезеңін түгел қамтитын сөж кестесі, бұл силлобустың алдыңғы бөлімдері парақтарында көрсетілген.

Бұған қосымша рефераттардың, баяндамалардың, шығармашылық жұмыстардың тақырыптары мен бақылау түрлері беріліп отыр.

СӨЖ-дің ұйымдастырылуы

  • библиографиялық мәліметтерді өңдеумен (картотеканы дайындау),

  • жазбаша жұмыстарды дайындаумен (реферат, баяндама, бақылау тапсырмалары, аннотация),

  • ғылыми жобаны өндеумен (семестрлік, курстық, дипломдық жұмыстар, проблемалық мақалалар),

  • виртуальдық жұмыстарды іздестірумен (интернет жүйесі және локальды желі арқылы),

  • жеке аудированиямен (лингофон жүйесі және медиатека арқылы),

  • электрондық курстың материалын меңгерумен (компьютерлік жүйе арқылы),

лабораториялық тәжірибені еңгізумен (спортық кешен арқылы) байланысты.

Тақырыптары, тапсырмалары, түрлері, сағат саны көрсетілген өзіндік жұмыстар силлабусқа енгізілген.

ҚОСЫМША СӨЖ ЖҰМЫСТАРЫ




Тапсырма мазмұны

Кретерии /шығармашылық жұмыс/

бағалау




1

Қазақстан тарихының негізгі кезеңдері:

Ежелгі және ортағасырлық Қазақстан тарихынан деректер мен зерттеулер тізімін жасау



Картатека жасау

Интернет жүйесін арқылы да табуға болады



10 балл




2

Жаңа дәуірдегі және қазіргі замандағы Қазақстан тарихынан деректер, мемлекеттік тарихи нұсқаулар, басқару туралы ереже, уставтар, заң жанақтары, заңдар тізімін жасау.

Картатека жасау

Интернет жүйесін арқылы да табуға болады



10 балл




3

Қазақстан территориясындағы тарихи оқиғалардың толық хронологиялық кестесін құру.

Кесте

10 балл




4

Спецификалық (ерекше) түсініктердің сөзтізбегін құрып, оларға анықтама беру.

Мыс: Ұлыс-этно саяси бірлікті құратын ұжым, көшпелілер әулетінің басқарушы бөлігі.



Сөздік құру

10 балл

5


Өз руыңыздың немесе қазақ руларының ішінен біреуінің шежіресін құру.

Баяндама

10 балл



8. БІЛІМДІ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР
Студенттердің білімін бағалау және тексеру жүйесі:

жазбаша бақылау тапсырмаларын, тест тапсырмаларын, өз бетімен дайындалу сұрақтарына қосымша және мемлекеттік емтихан сұрақтарына даярлық ретінде мынадай маңызды мәселелерге назар аударылады:

Тарихи оқиғаларды салыстырудың ескертпе-жоспары

  1. Салыстырылған оқиғалардың қоғамдық көріністерінің негізгі белгелерін ашып көрсету, олардың салыстырмалы белгілерін тауып, салыстыру тәртібін орнату (алдымен-ең негізгісі, содан кейін келесі дәрежелі).

  2. Белгіленген жоспар бойынша салыстырылған оқиғаларды, тб. екеуінің алғашқы белгісі туралы айтып беріңіз.

  3. Қорытынды шығарыңыз: ұқсас және айырмашылық келбеттерін құраңыз, салыстырылған қоғамдық көріністерге өзіңіздің бағаңызды беріңіз.


Тарихи тұлға мінездемесінің ескертпе-жоспары

  1. Тұлғаның өмірі мен қызметінің тарихи шарттары, оның дүние танымының қалыптасуының қайнар көздері.

  2. Тарихи қайраткерлердің өз алдына қойған мақсаттары, бұл мақсаттарға жетудің әдістері.

  3. Ол қандай топ өкілі.

  4. Оның тұлғалық қасиетінің мәні (санасы, ерік-жігері, дүниеге көзқарасы).

  5. Түлғаның қызметіне баға беру (прогрессивтік, реакцияшыл, біркелкі емес, бұл қалай көрінді және неге?)


Ауызша жауаптың ескертпе –жоспары

  1. Тарихи уақытты көрссетіңіз (қашан?)

  2. Болып жатқан оқиғаның тарихи орнын көрсетіңіз (қайда?)

  3. Оқиғаның немесе көріністің мазмұнын көрсетіңіз?

а) әлеуметтік-экономикалық және саяси себептері неде?

ә) оқиғаның басталу себептері немесе ішкі қозғалысы:

б) оқиғаның жүргізілуі.

в) жинақтау: қоғамның дамуындағы тарихи маңызы.

4. Осы мәселеге байланысты өзіңіздің бағтыңызды немесе тарихшылардың бағытын түсіндіріңіз.

ҚОРЫТЫНДЫ
Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің құрылымы мен құрамына қойылатын жалпы талаптар студенттердің танымдық қызметтерінің психология-педагогикалық концепциясы мен гуманитарлық және жаратылыстану пәндерінің әдістемелік оқыту жүйесінің өзіндік ерекшеліктері негізінде анықталады.

Пәннің оқу-әдістемелік кешені құрылымының әр компонентіне төмендегідей талаптар қойылады:



  • материал типтік бағдарламаға сай ізділікпен берілуі тиіс;

  • материалдың мазмұны қазіргі заманғы оқу-әдістемелік және ғылыми аспектілерге сай болуы тиіс;

  • дидактикалық материалдар, есептер мен жаттығулар жинақтары деңгейлі дифференциацияны жүзеге асыруға, шығармашылық белсенділікті дамытуға бағытталуы тиіс;

  • пәнаралық және пәнішілік байланыстар сақталуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет