Іс-әрекеттің ұзақтығының, созылыңқылығының берілуі қанша уақыт? осы минут бойы, осы сағат бойы, бес сағат, екі сағат бойы
Іс-әрекеттің басталу сәті мен аяқталуының берілуіқай уақыттан бері? және қай уақытқа дейін? сұрақтарын қамтиды. Мысалы, күзден бері, қысқа қарай, жаз шығысымен, сабақ аяқталысымен, бір көргеннен іс-әрекеттің басталатынының, бірнеше уақыт өтіп кеткенінің берілуіқашан? қанша уақыттан кейін? сұрақтарын қамтиды: бір сағаттан кейін, бірнеше жыл кейін Іс-әрекеттің нәтижесіне жету үшін қажетті мерзім, уақыттың берілуі қанша уақытта? сұрағын қамтиды: үш сағат жиырма минутта,
Жоспарланған әрекет мезгілінің берілуі қанша уақытқа? қай уақытқа? сұрақтарын қамтиды: сағат екіге белгілеу
Мәтін категориясының маңызды бір белгісі - мәтіннің байласымы. Мәтін түзуші бірліктер арқылы тұтас шығарманың тууына осы мәтін байласымы кажет. Мәтін көп қырлы көрініс регiнде семантикалық, лексика-грамматикалык, бейнелілік және прагматикалык деңгейлерді камтиды. Мәтін байласымының тiрегi семантикалық ұйымдасу.
Мәтіннің барлық компоненттерінен бастап, яғни көлемдi күрделі синтаксистік тұтастықтан (КСТ) ең кiшi бөлшек сөзге дейiн мәтіннің ауқымды мазұнынымен өзара семантикалық байланыста жəне қатыста болуы керек. Мәтіннің тірегі - семантикалық байланыс. Бұл мәтіннің бірлігі мен тұтастығын айкындайды. Қалған лексикалык, формальды-грамматикалык тағы баска байланыстар мәтіннің жалпы семантикалык идеясына
бағындырылады.
Ішкімәтіндік байласымдардың әртүрлі типологиялық сипаттары бар:
• эксплиттi/имплицитті (негізі - мәтiндегi вербалдық құралдар);
• лексика-грамматикалық (негізі - байланыс репрезентациясының тілдік амалдары);
• жарыспалы/тiзбекті (фразанын мәнмәтінге байланысты сипаты) т.б.
Кейбір зерттеушілер (Л.Г.Бабенко, Ю.В.Казарин) мәтін байласымын мәтін деңгейлерiмен байланыста қарастарды.
С е мтикалық деңгейде iшкiмәтіндік байласым мәтін концептуалдыгы белгiлiбiр акикат шындықтың бөліктерімен сәйкес келедi.
Г р амматикалық деңгейде iшкiмәтіндік байласым тiлдiк синтагмтиканың заңдылықтарына карай, грамматикалык ерекшеліктер мен грамматикалық құрылымдардын сакталуы.
П р агматикалық деңгейде жеке авторлык көзкарастык окушыға ықпалы болады.
Бұл аталған ішікімәтіндік байласымдардың барлығы бірігіп, мәтін түзетін бірліктерді құрайды. Олардың мәтін деңгейіне қарай типтері сан түрлі. Мәселен, қайталаудың түрлері, мәтін түзудегі сөз таптарының ерекшеліктері (есімдіктердің, үстеулердiң, қыстырма
сөздердің қызметтері) т.б.
Мәтін түзетін бірліктерді байланыстыратын амал-тәсілдер бар.
Олардын тіл біліміндегі терминдік татаулары: субституттар, дейксис, скреп сөздер.