4. Білімді бекіту:
Сұрақтар:
1. Ауа дегеніміз не? Ауаның ластануын қандай факторлар күшей-
теді?
2. Ластанудың қандай көздері бар?
3. Ауаны ластаушылардың қауіптілігі неде?
4. Ауаның ластану көздерін азайту үшін біздер не істей аламыз?
12
Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және
табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
5. Үй тапсырмасы (14-слайд):
Маңғыстау облысы ауасының экологиялық жағдайын «Таза ауа» жо-
басы шеңберінде өз беттерінше оқып көріңіздер. Сол үшін негізгі үш
топқа бөлініңіздер:
Бірінші топ: жауынның қышқылдығын зерттеу - ол үшін жаңа түс-
кен қарды жинап қағаз индикаторы арқылы ерітілген судың қышқылды-
дығын тексеру керек.
Екінші топ: қатты бөлшектермен ауаның ластануын зерттеу – ол
үшін өз пәтерлеріңдегі балконға екі тәулікке жабыстырмалы лентасы
бар карточканы іліңіз. Мөлдір жабыстырмалы лентаны микроскоппен
қараңыз.
Үшінші топ: ауаның ластану деңгейін анықтау – ол үшін мектеп ай-
наласындағы ағаштарды тексеріңіз. Егер де ағаш діңдерінде жапыраққа
ұқсас қыналар бар болса бұл ауаның таза екендігін көрсетеді. Себебі,
қыналар ауаның ластануына сезімталдығы жоғары. Егер де қыналар
жоқ болса, онда сіздер ластанған ауамен тыныс алғаныңыз.
Өз зерттеулеріңіздің нәтижелерін плакат түрінде рәсімдеңіздер.
3. СУСЫЗ ТІРШІЛІК ЖОҚ
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға таза ауыз су маңыздылығын
түсіндіру және суды ұтымды пайдалануға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар – проектор, экран (интерактивті тақта), тақырып
бойынша презентация, оқушылардың жұмыс дәптерлері
Сабақ барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі. Журнал бойынша оқушылардың сабаққа
қатынасуын тексеру. Сынып бойынша кезекшіге оқушылардың сабаққа
дайындығын (оқуға қажетті заттарының бар болуы) тексеруді, оқушы-
ларды топ бойынша отырғызуды тапсыру.
2. Үй тапсырмасының орындалуын тексеру
Әрбір топ шығып сөйлеп өз плакаттарын қорғайды. Сыныпта тал-
қылау.
3. Жаңа тақырыпты меңгеру(1-слайд):
Мұғалімнің мәтіні: Біз су туралы көп білеміз. Дегенмен де, көбісі
таза ауыз судың аз екендігін біле бермейді. Сондықтан бүгінгі сабақ
суға ұқыпты қарауға бағытталады.
Су (сутегі қышқылы) — түсі және иісі жоқ мөлдір сұйықтық. Қатты
күйде мұз немесе қар түрінде, ал газтектес күйде су буы түрінде болады
(2-слайд).
13
Управление природных ресурсов и регулирование
природопользования Мангистауской области
Мұғалімнің мәтіні: Біздің планетаның атмосферасында су тамшы,
сонымен қатар бу түрінде бұлт пен тұманда аз түрде кездеседі. Су кон-
денсация барысында атмосферадан атмосфералық жауын (жаңбыр, қар,
бұршақ, шық). Түрінде шығарылады. Су жердегі барлық тірі ағзалар
үшін маңызды зат көзі. Ғалымдар жердің пайда болуы сулы ортада қа-
лыптасты деген пікірлерді де айтады.
Су жердегі барлық тірі ағзалардың құрамдас бөлігі. Мысалы,
адамзат баласының денесінің 60–70 % судан тұралы. Қияр құрамын-
дағы судың құрамы 90-95 %. Су – жасушада маңызды қызметтерді
орындайтын бірегей зат, яғни жердегі барлық тіршіліктің алмастыр-
мас көзі.
Мұғалім жердегі су туралы және әлемдегі су массасының пайыздық
қатынасы мен жердегі тұщы судың құрамы туралы сандық ақпараттар-
ды көрсетеді (3-слайд).
Мұғалімге қосымша ақпарат:
Тек жалпы әлемдегі су қорының 0,4 % ғана адамдарға қол жетімді.
Бүгінде әлемнің 40 еліндегі 2 млрд адам тіршілікке қажетті су
тапшылығын сезінуде. Әлемде суды тұтыну жыл сайын артып ке-
леді. Соңғы жылдары тек қана тұрмыстық қажеттіліктер үшін бір
адамға күніне 400 литр судан келеді (40 шелекке жуық).Су ресурста-
рының шектеулілігі бірқатар өңірлер мен қалаларда ауыз суға деген
тапшылықты сезіндіруде.
Сұрақтар (4-слайд):
Жер бетінде су көп, бірақ барлығы да ішуге жарамды ма?
Сіздің түсінігіңізше, «тұщы су» деген не?
Тұщы судың басым бөлігі қайда кездеседі?
Тұщы судың жалпы массасынан мұздықтағы үлесі қандай?
Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, талқылайды.
Анықтамалық ақпарат (5-слайд): Ал адамға қанша су керек?
Күніне адам баласына керек: қолын жуғанға – 6-8 литр, кранды жап-
пай тісті тазалауға – 6-8 литр, унитазға ағызуға - бір тәулікке 15, ванна
қабылдау – 150 литр.
Мұғалім 6-слайдтағы мәтінді оқиды. Оқушылар талқылап мысалдар
келтіреді.
Тапсырма (7-слайд): Ал сіздің жанұяңыз қанша су жұмсайды?
Сіздің өңірде су құны қанша екендігін біліңіз.
Литрді кубтық метрге келтіріңіз.
Көрсеткіштерді жанұядағы адам санына көбейтіңіз.
14
Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және
табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
Алынған нәтижелерді 30 күнге көбейтуді ұмытпаңыз.
Есептеулерді жазып, қорытынды жасаңыз.
Тапсырма (8-слайд): Сіздің жанұяда суды ұтымды пайдалану жолда-
рын ойланып жазыңыз (10-нен кем емес):
(9-слайд) Су үнемдеу жанұяға, қоғамға және қоршаған ортаға қандай
мүмкіндіктерді береді?
Оқушылар мысал келтіреді, бір оқушы тақтаға жазады. Сосын қал-
ғандары өз дәптерлеріне көшіреді.
5. Үй тапсырмасы (10-слайд):
Бос бағанға сіздің жанұя қанша су жұмсайтындығын жазыңыз.
4. ТУҒАН ЖЕРДІҢ ТОПЫРАҒЫ
Сабақтың мақсаты: Топырақ құрамы және оның түзілуі, құрамы
мен қасиеті туралы көзқарасты қалыпастыру. Өзіндік зерттеу жұмысы-
на, өз өлкеңнің табиғатын аялауға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар – проектор, экран (интерактивті тақта), тақырып
бойынша презентация, оқушылардың жұмыс дәптерлері
Сабақ барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі. Журнал бойынша оқушылардың сабаққа
қатынасуын тексеру. Сынып бойынша кезекшіге оқушылардың сабаққа
дайындығын (оқуға қажетті заттарының бар болуы) тексеруді, оқушы-
ларды топ бойынша отырғызуды тапсыру.
2. Үй тапсырмасының орындалуын тексеру
Әрбір оқушы өз есептері мен сандарын көрсетеді. Мұғалім су шығы-
нының жалпы сомасын есептейді. Қысқаша қорытынды жасайды.
3. Жаңа тақырыпты меңгеру (1-слайд):
Мұғалімнің мәтіні:
Топырақтың қасиеті, пайдасы туралы білеміз.
Олай болса қысқаша қайталаймыз, сұрақтар қойылады.
1. Бірінші топқа: «табиғатта топырақ қандай қызмет атқарады?»
2. Екінші топқа: «Қандай топырақ түрлерін білесіздер?»
3. Үшінші топқа: «Адамның қандай әрекеті топыраққа қауіп төндіруі
мүмкін»
Мұғалім топтардың жауаптарын тыңдайды және қысқаша қорытын-
ды жасайды.
Мұғалімнің мәтіні (2-слайд) : Топырақ – табиғаттың бірегей ресур-
сы! Сондықтан бүгінгі сабақта топырақты ұқыпты пайдалану жолдарын
қарастырамыз.
Мұғалім бір оқушыға 2-слайдтағы мәтінді оқытады.
15
Управление природных ресурсов и регулирование
природопользования Мангистауской области
Мұғалімнің мәтіні: Топырақтың әлсіз жағы да бар. Топырақ көп
жағдайлардан «қорқады», мысалы улы химикаттардан. Егерде улы хи-
микаттарды нормадан тыс пайдалансақ, олар топырақта жинақтала оты-
рып ластайды.
Сұрақ (3-слайд):Топырақты қорғау үшін біз не істей аламыз?
Оқушылар сұрақтарға жауап береді және негізгі мысалдарын дәп-
терлеріне жазады.
Мұғалімге қосымша ақпарат:
ТОПЫРАҚ – тірі және өлі ағзалардың (өсімдіктер, жануарлар,
микроағзалар), күн сәулесінің және жауын-шашынның әсерінен тау
жыныстарының өзгеруі нәтижесінде пайда болған жер шары құр-
лығының ең жоғары беткі қабаты. Топырақ ерекше құрылымымен,
түзілуімен және қасиетімен ерекшеленетін бірегей табиғи түзілім.
Топырақтың маңызды қасиеті оның құнарлылығы, яғни өсімдіктердің
өсуі мен дамуын қамтамасыз етуге қабілеттілігі.
Топырақ құнарлы болуы үшін өсімдіктердің қоректенуіне қажетті
қоректік заттар мен су қорының саны жеткілікті болуы керек.
Мұғалім топырақ түрлерін тізбектейді және сұрақ қояды. Оқушы-
ларға сұрақ (4слайд):
1. Қазақстанда топырақтың қандай түрлері кездеседі?
2. Маңғыстау облысында топырақтың қандай түрлері кездеседі?
Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Тапсырма (5,6слайдтар): 5 және 6 слайдтағы суреттерді қарап, жауап
беріңіздер:
Адамның қандай іс-әрекеті топыраққа қауіпті? Әрбір осы жағдайда
топырақта қандай өзгеріс болады?
Топырақты қорғау және жақсарту үшін біздер қандай шараларды біз-
дер жүргізе аламыз?
Өз дәптерлеріңізге жазыңыздар.
Тапсырма (7-слайд): Сызбада көрсетілген қауіптіліктерден топырақ-
ты қалай қорғауға болатынынын ойланып, жазыңыздар.
РЕЗЮМЕ: Топырақ – Жер биосферасындағы барлық жердегі
биоценоздардың маңызды компоненті. Жердегі топырақ жамыл-
ғысы арқылы жер бетіндегі барлық тірі ағзалардың және жердегі
ағзалардың (оның ішінде адам баласы да) литосферамен, гидрос-
ферамен, атмосферамен көптеген өзара экологиялық байланыстары
жүреді.
16
Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және
табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
Тапсырма: Жердегі топырақ жамылғысының бұзылуын төмендету
үшін қажетті шараларды көрсетіңіз.
Мұғалімнің мәтіні
: Адамның шаруашылық ісәрекетінде топырақ-
тың рөлі жоғары. Топырақты зерттеу ауылшаруашылық мақсатта ғана
емес, орман шаруашылығын, инженерлік-құрылыстық істерді дамыту
үшін де қажет. Топырақтың қасиетін білу денсаулық сақтау, пайдалы
қазбаларды барлау және өндіру, қалалық жерлерде жасылдандыру зо-
наларын ұйымдастыру, экологиялық мониторинг және т.б. мәселелердің
шешімін табу үшін қажет.
4. Білімді бекіту:
Топырақ деген не? Топырақтың қандай түрлерін білесіздер?
Қазақстанда топырақтың қандай түрлері кездеседі?
Маңғыстау облысында топырақтың қандай түрлері бар?
Сыртқы физикалық-химиялық әсерлерден топырақты қалай қор-
ғауға болады?
Топырақтың тозуы деген не?
5. Үй тапсырмасы (8-слайд):
Қазақстанның топырағының құнарлылығы туралы шығарма жазы-
ңыздар. Оқушыларға және тұрғындарға топырақты сақтауға және жақ-
сартуға қатысты жаднама жазыңыздар.
5. ҚОРЫТЫНДЫ САБАҚ
Сабақтың мақсаты: табиғаттың экологиялық заңдылықтары және
оның құрамдас өзара байланысы туралы түсініктерін қалыптастыру.
Эксперименталдық жұмысқа және табиғатты аялауға өзіндік қызығу-
шылығын арттыру.
Көрнекі құралдар – проектор, экран (интерактивті тақта), тақырып
бойынша презентация, оқушылардың жұмыс дәптерлері
Сабақ барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі. Журнал бойынша оқушылардың сабаққа
қатынасуын тексеру. Сынып бойынша кезекшіге оқушылардың сабаққа
дайындығын (оқуға қажетті заттарының бар болуы) тексеруді, оқушы-
ларды топ бойынша отырғызуды тапсыру.
2. Үй тапсырмасының орындалуын тексеру
Үй тапсырмасының орындалуы тексеріледі. Топырақты сақтау және
сақтау туралы оқушылар мен тұрғындарға арналған жаднама сыныпта
талқыланады.
3. Қорытынды сабақ (1-слайд)
17
Управление природных ресурсов и регулирование
природопользования Мангистауской области
Тапсырма (2-слайд): мәтел маңызын кім түсіндіре алады: «Бақыт
дегенің бұл - табиғатпен етене болу, оны көру және онымен сөйлесу».
Оқушылар сұраққа жауап береді.
Мұғалімнің мәтіні (3-слайд): Экологияда Коммонердің заңы қолда-
нылады:
Барлығы бір-бірімен байланысты
Жоқтан пайда болмайды
Табиғат бәрінен артық біледі
Тегін ештеңе жоқ
Тапсырма (4-слайд): Мысалдар көмегімен, бұл заңдарды қалай түсі-
нетініңізді көрсетңіз. Бірнеше оқушылар бұл заңды қалай түсінетіндік-
терін айтады.
Тапсырма (5-слайд): Жұмбақты шешу.
Тапсырма (6-слайд): Ендеше тексерейік. Сіз табиғаттың досысыз ба ,
әлде? Ол үшін нұсқаларға жауап бере отырып, бір нұсқаны таңдау және
таңдалынған жауапты кестеге әріппен жазу.
Экранда 7-слайд көрінеді және әрбір оқушы сұрақтарға жауап бере
отырып, жауаптың бірінші әріпін таңдай отырып табиғатқа дос екендігін
анықтайды.
Зертханалық жұмыс (8-9 слайдтар):
Сіздер білесіздер, жер өсімдіктер отырғызуға дайын екендігін қа-
лай анықтауға болады? Сыбырлақты пайдалана отырып, өсімдіктерді
жерге отырғызуға топырақтың дайындығын анықтауға тырысыңыз.
Ол үшін жерден бір уыс алып 1 метр биіктіктен тастау керек. Сол кез-
де оның жерге құлауына байланысты жердің дайындығын анықтауға
болады.
Есеп (10-11 слайдтар): Сіздер бір оқулықты (мысалы, қолдарыңыз-
дағы кітап) шығару үшін қанша ағаш кесілетінін білесіздер ме? Ал оқу-
лық тиражын шығару үшін?
Сыбырлақ:
1000 м
2
қағаз алу үшін орман жамылғысының ¼ га кесіледі –2500 м
2
(1 га = 10000 м
2
). Олай болса, 1000 м
2
қағаз алу үшін 2500 м
2
орманды
кесу керек. Яғни аумақ бойынша 2,5 есе үлкен аумақ.
Сұрақ(12-слайд): Осы есепті шеше отырып, қандай қорытынды жа-
сайсыз? Жазыңыз.
Оқулықты жыртпас бұрын жаңа басылымды
шығару үшін қанша
ағаш жұмсайтынын ойлану керек.
Тәжірибелік жұмыс (13-14слайдтар)
18
Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және
табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
Тығыз қағаздан 10х6 көлеміндегі тікбұрыш ал оның ортасына 3х2
көлеміндегі тікбұрыш салыңыздар. Тікбұрышты жабыспалы лентамен
немесе скотчпен жабыстыру керек.
Алынған үлгіні әртүрлі бес орынға ілу керек: көшеге, сыныпқа
үйге және т.б.
Келесі үш күннен соң үлгілерді жинап алып, алдымен көз мөлшері
арқылы сосын микроскоп арқылы ауа сапасын бағалаңыз.
Әрбір үлгідегі қатты бөлшек санына есептеп, барлық мәліметтерді
кестеге ендіріңіз.
4.Үй тапсырмасы:
Қосымша әдебиеттер көмегімен келесі сұрақтарға жауап беріңіз,
жауаптарын оң жақтағы бағанға жазыңыз.
6. ҚАЛДЫҚТАРДЫ ТАБЫСҚА АЙНАЛДЫРУ!
Сабақтың мақсаты: Балаларды қалдықтарды тиімді пайдалануға
және қалдықтар көмегімен ресурстарды үнемдеуге үйрету.
Көрнекі құралдар – проектор, экран (интерактивті тақта), тақырып
бойынша презентация, фотосинтез сызбасы, оқушылардың жұмыс дәп-
терлері
Сабақ барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі. Журнал бойынша оқушылардың сабаққа
қатынасуын тексеру. Сынып бойынша кезекшіге оқушылардың сабаққа
дайындығын (оқуға қажетті заттарының бар болуы) тексеруді, оқушы-
ларды топ бойынша отырғызуды тапсыру.
2. Үй тапсырмасының орындалуын тексеру
Үй тапсырмасының жазбаша орындалуы тексеріледі.
3. Жаңа тақырыпты меңгеру (1-слайд)
Мұғалімнің мәтіні (2-слайд):
Табиғатта қалдық деген болмайды!
Барлық өскен, жетілген және өлген дүниелер қайтадан Өмірдің Ұлы ай-
налымына қайтарылады. Артық ештеңе жоқ, барлық айналымға түседі
және бұл мәңгі айналым жердегі тіршілік негізі болып табылады. Сон-
дықтан бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Қалдықтан табысқа»
деп аталады.
Ал енді 3 және 4- слайдтарда қалдық дегеніміз не және ол қайдан
пайда болады, қалдықтардың қандай түрлері бар деген сұрақтарға жауап
аламыз. Бірнеше оқушы мәтінді оқиды.
19
Управление природных ресурсов и регулирование
природопользования Мангистауской области
Атмосферадағы ластаушы заттардың шығарындылары
Адамды қоршаған атмосфералы ауа үздіксіз ластануға ұшырау-
да. Өндірістік ғимараттардың ауасы технологиялық жабдықтардың
шығарындыларымен немесе ілеспелі заттарды оқшаулаусыз техно-
логиялық үдерістерді жүргізу барысында ластанады. Ғимараттардан
бөлінген вентиляциялық ауа өнеркәсітік алаң мен тұрғын пункттердің
атмосфералық ауасының ластану себебі болып табылады. Одан басқа,
өнеркәсіптік алаңдар мен тұрғын пункттердің ауасы кәсіпорындардың
технологиялық шығарындыларымен, жылу энергетикалық кешеннің,
транспорттық құралдардың және басқа көздердің шығарындыларымен
ластанады.
Мұғалімнің мәтіні
: Қоқыс, қалдық – бұл адамзаттың жаңалы-
ғы, яғни біздің іс-әрекетіміздің нәтижесі. 5 слайдтағы диаграммада
өндірістік қалдықтардың түрлерін көруге болады.
Айтыңыздаршы, қалдықтардың қайсы түрі өте көп?
Қож бен қақтар қайдан пайда болады?
Өз дәптерлеріңізге қалдықтардың жалпы үлесінің қанша пайызын
тағамдық қалдықтар құрайтынын жазыңыздар?
Сіздер қалай ойлайсыздар, олар үйінділерге түскенде қандай жағ-
дай орын алады?
Оларды басқаша қалай пайдалануға және жүзеге асыруға болады?
Келесі диаграммада тұрмыстық қатты қалдықтар көрсетілген
(6-слайд).
Қалдықтардың жалпы үлесінің қанша пайызын тағамдық қалдық-
тар құрайтынын жазыңыздар
Сіздер қалай ойлайсыздар, олар үйінділерге түскенде қандай жағ-
дай орын алады?
Оларды басқаша қалай пайдалануға және жүзеге асыруға болады?
Ал үйден қандай қалдық түрлерін шығарасыздар?
Мұғалімнің мәтіні: қалалар мен тұрғын пункттерді тазалау бары-
сында қоқыстар ерте мен кеш пе қалалық үйінділерге жіберіледі, олар
ұзақ жылдар бойы қала аумағындағы жерді ластайды, атмосфераның
және судың ластануына ықпал етеді. Қауіпті заттар өсімдіктер мен то-
пырақта жинақталып, әрбір адам үшін қауіпті факторға айналуы мүмкін.
Сұрақ (7-слайд): Қалдықтар неліктен қауіпті?
Мұғалім 7-слайд арқылы қалыдықтың қауіптілігі туралы ақпаратты
ұсынады
Мұғалімнің мәтіні (8-слайд): Қалдық көмегімен ресурстарды
қалай үнемдеуге болады? Неліктен қазіргі экономиканы «қалдық
20
Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және
табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
тудыратын экономика» деп атайтынын стакандағы йогурт арқылы
білуімізге болады. Оқушылар йогурт туралы 8-слайдтағы мәтінмен
танысады және өндірістегі қалдық өндірісінің сызбасын сызады
(9-слайд).
Мұғалімнің мәтіні (10-слайд): қалдық мәселесін шешу үшін қажет:
Қалдықтың түзілуін төмендету;
Екінші шикізат ретінде қалдықты пайдалану. Егер қалдықтар
бөліп жиналса, онда оларды пайдалану да жеңілдейді.
Енді, сызбаны қарап, 11-12 слайдтағы йогурт стаканын қайта өң-
деу мысалын оқимыз және қорапты екінші реттік пайдаланудың тиімін
түсіндіріңіздер.
Оқытушы қорытындысы (13 слайд):
Қалдықты пайдаланатын экономика
Дүкеннен сатып алынған йогурт мысалын пайдаланамыз. Йогуртты
жеп болғаннан кейін қорап пластикке арналған арнайы контейнерге
түсуі керек. Сұрыпталған қоқыс қайта өңдейтін зауытқа түседі. Мұн-
дай зауытта сұрыпталған қоқыс жаңа түрге ауысады. Қалдықтан жаңа
өнім жасайды. Ол үшін сұрыпталған қоқыс жуылады және майдала-
нады. Мысалы, макулатурадан (пайдаланылған қағаздан) дәретхана
қағазын немесе картон дайындайды.
Мұғалімнің мәтіні (14-слайд): Егер де қоқысты жоймасақ, онда
10-15 жылдан кейін біздің планетаны 5 МЕТРЛІК ҚАБАТ қалдық жа-
бады!
Мұғалім басқа елдерде қоқыс мәселесін шешудің тәжірибелерін 15
слайдты пайдалана отырып әңгімелейді.
ТҮЙІН: Табиғатта қоқыс болмайды, қоқыс – адамзат іс-әрекетінің қал-
дықтары!. Оны шешудің бір жолы қоқысты бөліп жинау және мате-
риалды екінші реттік пайдалану.
«Мектептегі қоқыс көлемін азайту» жобасы» (16-слайд).
1. Сынып 2-3 топқа бөлінеді. Әрбір топта – өз аумағы болады: мектеп
холлы, аула немесе үйдің ауласы.
2. Әрбір топ өз аумағын айналып онда қандай қоқыс бар екендігін
анықтайды. Қатысушылар плакатқа нәтижені түсіріп, презентация жа-
сайды.
3. Сосын қатысушылар мектеп және үйдегі жағдайды жақсарту
жөніндегі іс-әрекеттер жоспарын құруы керек.
21
Управление природных ресурсов и регулирование
природопользования Мангистауской области
4. Білімді бекіту:
Сұрақтар:
1. Қалдық мәселесін шешуге болады ма?
2. Ол үшін не істеу керек?
5. Үй тапсырмасы (17-слайд):
Ал сіздің үйде қалдық қандай түрде шығарылады?
Суретке назар аударыңыз (слайд 17).Сіз қалай ойлайсыз,өз бетіңізше
осындай қоқыс салатын бөшкені жасай аласыз ба? Бұл сіздің қалаңыз-
дағы қоқыс мәселесін шешуге септігін тигізеді деп ойлайсыз ба?
7. РАДИАЦИЯ
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білімдері мен дағдыларын пай-
далана отырып, радиация туралы түсінік беру. Танымдық қызығушы-
лықтарын, ойлау, сипаттау, еске түсіру, сөйлеу мәнерін дамыту. Ақыл-
мен әрекет ету дағдысын қалыптастыру
Көрнекі құралдар – проектор, экран (интерактивті тақта), тақырып
бойынша презентация, фотосинтез сызбасы, оқушылардың жұмыс дәп-
терлері
Сабақ барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі. Журнал бойынша оқушылардың сабаққа
қатынасуын тексеру. Сынып бойынша кезекшіге оқушылардың сабаққа
дайындығын (оқуға қажетті заттарының бар болуы) тексеруді, оқушы-
ларды топ бойынша отырғызуды тапсыру.
2. Үй тапсырмасының орындалуын тексеру
Оқушылар өз жұмыстарының нәтижелерін көрсетеді (қоқысты бөліп
жинауға арналған қоқыс шелегі) және мұғалім бағалайды.
Минуттық дене шынықтыру: (тұрып)
– Айналаға қара – радиацияны көріп тұрсыздар ма?(басты айналдыру)
– Ауаға Ф, И, С әріптерін қолмен жазу (қолды айналдыру)
– Радиация қайда жоғары – тауда немесе жазықта ( қол жоғары, алға
қарай еңкею-еденге қолды жеткізу).
– Атом ядросындағы электрондар ашық қозғалады (секіру, орында
тұрып қадамдау).
3. Жаңа тақырыпты меңгеру (1-слайд)
Мұғалімнің мәтіні
: Бүгінгі сабақ тақырыбы «РАДИАЦИЯ!».
Балалар, сынып журналының тізімінде тұрған бірінші оқушыдан
бастап, қысқаша бір-екі ауыз сөзбен радиацияны қайдан кездестірген-
дерің жайында айтып беріңдер. Ескертемін! Айтылған сөзді қайталауға
22
Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және
табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
болмайды! Жауап беруші қайталаған жағдайда басты шайқаңдар. Қате
жіберген оқушы ойынан шығады. Сондықтан балалардың жауабын дұ-
рыстап тыңдаңдар.
Бірінші оқушы орын атауын айтады, мұғалім журналдағы нөмір бо-
йынша тақтаға жазады. Осылай, барлығы өз пікірлерін айтады (Егер де
тақта үлкенірек болса, онда оқушының шығаруға болады және тез арада
сыныппен жазылған атауларды талдайды).
Мұғалім 2-ші слайдтағы материалды пайдалана отырып радиация де-
ген не туралы қысқаша ақпаратты береді. Ал 3-ші слайдта ультракүлгін,
рентген және гамма-сәулеленудің қауіптіліктері туралы айтылады.
Ультракүлгін теріні күйдіреді, ультракүлгін сәулесінің ұзақ әсер
етуі меланоманы, тері ісігінің әртүрлі ауруларының пайда болуына
ықпал етеді. Біздің жерімізді ультракүлгін сәулелерінен озон қабаты
қорғайды. Бірақ адамзаттың іс әрекеті әсіресе, тоңазытқыш пен жел-
деткіштерді мұздату, ракета қондырғыларын ұшыру, жоғары кезінде
пайдаланылады және нәтижесінде озон бұзылады. Озон тесігі пайда
болады. Мысалы, Австралияда барлық балалар шәпкі киеді, себебі
Австралияның ауа қабатында озон тесігі байқалған.
Рентген және гамма сәулелері иондық деп есептеледі. Олар тірі ағ-
залардың тіндеріне ықпал етіп, сәулелік ауру, сәулелік күйік және қа-
терлі ісіктердің пайда болуына әкеліп соқтырады. Рентген және гамма
сәулелері мутагендік факторлар болып табылады.
Мұғалімнің мәтіні
Достарыңызбен бөлісу: |