Орта сыныптарға арналған «Қоршаған орта экологиясы»



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата06.03.2017
өлшемі1,16 Mb.
#7763
1   2   3   4   5   6   7   8

:  Тарихты еске түсіре отырып, өз жауаптарыңыз-
ды дәптерге жазыңыздар (4-слайд). 
Оқушылар тапсырманы жұмыс дәптеріне орындайды. 
Мұғалімнің  мәтіні
:    5-слайдтағы  суретті  қарайық.  Біздің  планета 
және Қазақстан үшін атом және сутекті бомбаларының жарылысының 
салдары қандай болған және кеңестік ядерлік полигон қайда орналас-
қан?  
Оқушыларға  ақпарат  (6-слайд):  Адам  баласы  үнемі  табиғи  радиа-
цияға ұшырап отырған. Ол космостық сәулелену нәтижесінде орын ала-
ды.  Радиоактивті  заттар  біз  тұратын  жерде,  ғимаратта,  біз  тұтынатын 
тағам мен суда да болады. Радиоактивті газдар біз тыныс алатын ауада 
кездеседі,  ал  адам  өзі  радиобелсенді,  яғни  тірі  тіндерде  радиоактивті 
заттардың саны кездесіп отырады. 
Сұрақ: Зиянды сәулелерден біз қалай қорғанамыз? 
 
Тапсырма (7-слайд): Мұхит - тұрғын аумақтарынан қашықта жатқан 
өзін өзі реттейтін кеңейтілген жүйе деген тұжырыммен келісесіздер ме? 

23
Управление природных ресурсов и регулирование  
природопользования Мангистауской области
Олай болса неліктен мұхитты радиоактивті  және басқа да қауіпті қал-
дықтарды көму үшін пайдаланбасқа? Өз пікірлеріңізді көрсетіңіз. 
Оқушылар өз ойларын айта отырып талқылайды.  
4. Білімді бекіту:
Мұғалімнің мәтіні. Балалар радиация туралы көп білдіңіздер. Бұл 
бүгінде өте өзекті тақырып. 
Бізге жақын қандай радиациялық-қауіпті нысан бар? 
Жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергендеріңзді тексерейік. Келесі 
сұрақтарға жауап беріңдер:
1. Қандай сәулелену түрлерін білесіздер?
2. Олардың қайсысы  қауіпті? 
3. Доза қандай бірлікте өлшенеді: а) сәулелену; б) сәулеге шалдығу 
4. Кім көбірек сәулеге шалдығады: а) жазықта тұратын, б) тауда тұ-
ратын?
5. Табиғи сәулеге шалдығудың жылдық дозасы қандай? 
5.  Үй тапсырмасы (8-слайд):
Сыртқы сәулеге шалдығуға және ішкі сәулеге шалдығуға нелер жа-
татынын тізбектеп көріңдер. 
8. ҒАРЫШ: БҮГІН! ЕРТЕҢ?
Сабақтың  мақсаты:    Оқушылардың  білімдері  мен    дағдыларын 
пайдалана отырып, ғарыш туралы түсінік беру. Танымдық қызығушы-
лықтарын, ойлау, сипаттау, еске түсіру, сөйлеу мәнерін дамыту. Ақыл-
мен әрекет ету дағдысын қалыптастыру
Көрнекі құралдар – проектор, экран (интерактивті тақта), тақырып 
бойынша презентация, фотосинтез сызбасы, оқушылардың жұмыс дәп-
терлері
Сабақ барысы.
1.  Ұйымдастыру  кезеңі.  Журнал  бойынша  оқушылардың  сабаққа 
қатынасуын тексеру. Сынып бойынша кезекшіге оқушылардың сабаққа  
дайындығын (оқуға қажетті заттарының бар болуы) тексеруді, оқушы-
ларды топ бойынша отырғызуды тапсыру.
2. Үй тапсырмасының орындалуын тексеру 
Үй жұмысының орындалуы тексеріледі. 
3. Жаңа тақырыпты меңгеру(1-слайд)
Мұғалімнің мәтіні
: балалар жұмбақты шешіңдер:
Бұл құстың қанаты жоқ,
Таңғалмасқа шара жоқ:

24
Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және  
табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
Құс құйрығын ғана жібереді, 
Жұлдызға дейін жетеді 
                               (зымыран)
Дұрыс бұлзымыран. Бүгін біздер ғарышқа саяхат жасаймыз. Ол үшін 
келесі сұрақтарға жауап берейік (2-слайд): 
– Балалар, Сендер болашақ жайында ойландыңдар ма? Болашақ, ер-
теңгі күн қандай болар екен? 
– Біз 20 және одан көп жылдан кейін адамзатты не күтіп тұрғандығы 
жайында жиі ойланамыз ба? 
– Адамның іс-әрекеттері, соның ішінде ғарышты игеру .... Мұның 
барлығы бізге қаншалықты қажет? 
Мұғалімнің  мәтіні  (3-слайд):  Ғарыш,  космос  (грек  тілінен  аудар-
ғанда κσμος, «ретке келтірілген», «көрікті») – құрылым, әлем, кеңістік, 
материалдық  әлем.  Ғарыштық  игерудің  тәжірибелік  бастамасы  1957 
жыылдың  4  қазанында    Кеңес  Одағының  алғашқы  Жердің  жасанды 
серігін (ЖЖС) ұшырумен басталады. 
Балалар сұрақтарға жауап беріңдер: 

 Айта аласыз ба, ең алғашқы ғарышкер кім болған?

 Сіздің есіңізде ме, ол қай жылы орбитаға ұшқан?

 Қазақстандық қандай ғарышкерлерді білесіз? 
Мұғалімнің мәтіні (4-слайд): Космонавтика, кез-келген шаруашы-
лық іс-әрекет секілді табиғи ортаға елеулі ықпал етеді. Ғарышты (кос-
мосты) игеру барлығы үшін маңызды бірақ одан да маңыздысы адамды 
қоршаған орта.  
Сұрақ: Ол үшін не істеуге болады? 
Мұғалім 5-слайдтағы материалдарды пайдалана отырып, қоршаған 
ортаға зымыранды ұшырудың әсері туралы ақпараттарды береді. 
Тапсырма (6-слайд): Зымыранды ұшыру қоршаған орта компонент-
теріне қалай ықпал ететіндігін жазыңыздар. Слайдта мысалдар келтіріл-
ген тізімді жалғастырыңыздар. 
Мұғалім оқушыларға 7-слайдтағы мәтінді оқуға береді және қорша-
ған ортаға зымырандық-ғарыштық іс-әрекеттердің әсері туралы бұрын 
қайдан  естігендерін  сұрайды.  8-слайдты  пайдалана  отырып  отынмен 
ластану  туралы  әңгімелейді.  Басқа  елдердің  ракеталық-космостық  іс-
әрекеттер туралы мысалдарын келтіреді (9-слайд). 
Талқылауға арналған сұрақтар (9-слайд): Ғарышты игеру қажет пе, 
егер де ол Жердегі адамдарды улау және өлтірумен байланысты болса?
4. Білімді бекту

 Ғарыш деген не?

 Қазақстандағы алғашқы ғарышкер кім?

25
Управление природных ресурсов и регулирование  
природопользования Мангистауской области

 Зымыранды ұшыру барысында қоршаған ортаға әсері қандай? 

 Ғарыштан жер қалай көрінеді?

 Жер деп аталатын шағын үйімізді қалай қорғай аламыз?

 Гептил туралы не білесіз?

 Әлемнің басқа елдерінде гептил орнына не пайдаланылады? 

 Ғарыштық қоқыс туралы әңгімелеңіз. 
5. Үй тапсырмасы (10-слайд).
Пікірлеріңді дәптерге жазыңдар: 
Егер де біздер туған планетамызды өз іс-әрекетімізбен жоятын бол-
сақ ,онда ғарышты игеруге деген моралдік құқыққа иеміз бе? Біз барлық 
ғарыштық кеңістік үшін қауіп туғызамыз ба?
9. ҚОРЫТЫНДЫ САБАҚ
Сабақтың мақсаты: Алдыңғы сабақтарда алған білімді пайдалана 
отырып, радиация және космос туралы қорытындыны жасау. Алған дағ-
дыны жалпылап және бір негізге келтіру.
Көрнекі құралдар – проектор, экран (интерактивті тақта), тақырып бо-
йынша презентация, фотосинтез сызбасы, оқушылардың жұмыс дәптерлері
Сабақ барысы.
1.  Ұйымдастыру  кезеңі.  Журнал  бойынша  оқушылардың  сабаққа 
қатынасуын тексеру. Сынып бойынша кезекшіге оқушылардың сабаққа  
дайындығын (оқуға қажетті заттарының бар болуы) тексеруді, оқушы-
ларды топ бойынша отырғызуды тапсыру.
2. Үй тапсырмасының орындалуын тексеру 
3. Қорытынды сабақты жүргізу (1-слайд)
Тапсырма (2-слайд): «Адамзат баласы жерді көріктендіру керек» мә-
телінің мағынасын түсіндіру.
Тапсырма (3-слайд): Экологтардың есептеуінше, метал сынықтары 
(металлолом) мен қағаз қалдықтарын жинау (макулатура)  - бұл табиғат-
ты қорғаудағы маңызды шаралардың бірі, сіз осы пікірмен келісесіз бе? 
Жауапты дәптерге жазыңыздар.
Тапсырма  (4-слайд):  Қоршаған  ортаның  ластану  түрлерін  жазың-
дар: электромагниттік ластану, пайдалы алаңдардың су басуы, жылулық 
ластану, қатты қалдықтар, апат кезіндегі радиациялық ластану, өзен ре-
жимінің өзгерісі, су қоймаларының лайлануы, радиоактивті қалдықтар, 
атмосфераға қатты бөлшектердің тасталуы.  
Ақпарат (5-слайд). Радиоактивті цезий және стронций радиоактивті 
сәулелену көзі болып табылады (30 жылға дейін): стронцийдің басым 

26
Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және  
табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
бөлігі топырақтың жоғары қабатында болады (5см дейін), ал құмдарда 
ол 30-40 см тереңдікке дейін енеді.  
Топырақты  стронциймен  радиоактивті  ластануынан  тазалау  үшін 
жерге әк төгуді жүргізу керек бұл оның шамасын азайтуға мүмкіндік 
береді. Цезий мөлшерін төмендету үшін калий және фосфор тыңайтқы-
шын ендіру қажет. 
Тапсырма  (6-слайд):  Калий  және  фосфор  тыңайтқышының  санын 
есептеу қажет. 
Есептің орындалу мысалы:
2 га алаңға арналған есепті шешуді қарастырамыз. Егер де 100 м
2
 
алаңға м2,5 кг тыңайтқыш қажет десе, онда 20 000 м
2
 (2 га) – х кг 
тыңайтқыш.
Пропорция құрамыз: 
Олай болса, 2 га алаңға радиоактивті цезий мөлшерін төмендету 
үшін 500 кг еселік суперфосфат қажет.  
Мұғалімнің  мәтіні  (7-слайд):  Құрамында  азот  оксиді  бар  жоғары 
дыбысты ұшақтар мен космостық аппараттардың шығарындылары озон 
қабатын бұзады. Белгілі болғандай, бір космостық корабльдің ұшыры-
луы 10 млн тонна озонның жойылуына әкеліп соқтырады. Егерде 2009 
жылы Байқоңырдан 26 космостық корабльдер ұшырылған болса, онда 
жылына қанша млн тонна озон бұзылған.  
Сұрақ: Егер де космостық корабль осы қарқынмен ұшырылатын бол-
са, онда планетадағы озон қабаты қанша жылда таусылады? 
10. КӨГІЛДІР ПЛАНЕТАНЫҢ ҚАРА ТАҢБАСЫ 
(МҰНАЙ)
Сабақтың мақсаты: оқушылардың білімін жалпылау және жүйе-
лендіру; мұнаймен ластанудың экологиялық салдарын және оны шешу 
жолдарын  талқылау;  оқушылардың  өздерінің  жалпы  мәдени  деңгейін 
көтеруге мүмкіндік беру 
Көрнекі  құралдар  –  проектор,  экран  (интерактивті  тақта),  тақы-
рып бойынша презентация, бәлішке арналған алюминдік нысан немесе 
шыны ыдыс, май, 25 см шпагат, сабан түйіні, қорғаныш көзілдірігі, су 

27
Управление природных ресурсов и регулирование  
природопользования Мангистауской области
Сабақ барысы.
1. Ұйымдастыруш кезеңі. Журнал бойынша оқушылардың сабаққа 
қатынасуын тексеру. Сынып бойынша кезекшіге оқушылардың сабаққа  
дайындығын (оқуға қажетті заттарының бар болуы) тексеруді, оқушы-
ларды топ бойынша отырғызуды тапсыру.
2. Үй тапсырмасының орындалуын тексеру 
«Адамзат  баласы  жерді  көріктендіру  керек»  тақырыбы  бойынша 
өтілген тақырыпты қайталау 
Келесі сұрақтарға жауап беру:
1. Сіздер қоршаған ортаның ластануының қандай түрлерін білесіз-
дер? 
2. Радиоактивті сәулелену көздері?
3. Радиоактивті ластанудан топырақты тазалаудың Қандай әдістері 
бар? 
4. Біздің планетаның озон қабатын бұзатындар? 
3. Жаңа тақырыпты меңгеру (1-слайд)
Мұғалімнің  мәтіні  (2-слайд): 
  Бүгінде  мұнай  –  әлемдік  тарихты 
жазатын сия. Дегенмен де, мұнай несімен қауіпті? Мұнаймен ластану-
дың қандай салдары бар? Бүгінде мұнайға не жатқызылады? Қазақстан 
әлемде мұнай қоры жағынан қаншасыншы орында? Слайдтағы ақпарат-
тарға назар аударамыз. Өз дәптерлеріңе жазыңдар.
Мұнай несімен қауіпті?
3-слайдтан мұнайдың қауіптілігі туралымәлімет аламыз. 
Тапсырма
  (4-слайд).  Әлемдік  су  қоймаларының  жылдық  ластану 
алаңын анықтаймыз. 
Мұғалімнің мәтіні (5-слайд): 
 Келесі слайдқа өтіп Рамалық конвен-
циялармен танысамыз. 
• Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2003 жылдың 4-қара-
шасында Каспий теңізінің  теңіздік ортасын қорғау жөніндегі рамалық 
конвенцияны ратификациялау туралы заңға қол қойды. 
•  Бұл  конвенцияның  мақсаты  биоресурстарды  қорғауды,  сақтауды, 
қалпына келтіруді, тұрақты және ұтымды пайдалануды қоса алғандағы 
Каспий теңізінің теңіздік ортасын ластанудан сақтау болып табылады. 
• Конвенцияның басты ережесі прницип болып табылады, онда теңіз 
бассейніне жағымсыз әсер еткен тарап Каспий теңізінің теңіздік орта-
сының ластануының алдын-алу, бақылау және ластануды төмендету ша-
раларын жүзеге асыру шығындарын төлейді. 
Мұғалімнің мәтіні (6-слайд)Табиғатты қорғау үшін қажет: мұнай 
өнімдерін өңдеу және тасымалдау барысындағы апаттардың алдын-алу, 
өндірісте тұйық циклді пайдалану – суды пайдалану және т.б. 

28
Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және  
табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
Тапсырма: басқа да мүмкін нұсқаларды көрсетіңіздер. 
Мұғалімнің мәтіні (7-слайд)Сіздермен зертханалық жұмыс жаса-
йық – мұнайдың төгілуінен теңізді тазартуымыз қажет. Мұғалім сұрақ 
қояды:  Сіздердің  пікірлеріңізше.  Қоршаған  орта  үшін  ең  тиімді  және 
зиянсыз тәсіл қандай? 
4.  Үй тапсырмасы (8-слайд):
«Теңіз мұнайдан қымбат» фразасымен келісесіз бе? Осы тақырыпта 
жоба жасап көріңіздер. Қорытынды жасай отырып, құрлық пен судың 
мұнаймен ластануын төмендету жолдарын көрсетіңіз. 
11. АВТОКӨЛІК: ДОС ПА ӘЛДЕ ЖАУ МА?!
Сабақтың мақсаты: автокөлік сапасының жағымды және жағым-
сыз  әсері туралы көзқарастарды қалыптастыру, оқушыларда қоршаған 
ортамен ұқыпты қатынасын дамыту.
Көрнекі құралдар - проектор және экран (интерактивті тақта),  оқу-
лық (жұмыс дәптері), диаграмма, бесбаллдық шкала, кесте.
Сабақ барысы.
1. 
Ұйымдастыру кезеңі. 
Амандасу,  оқушылардың  сабаққа  дайындығын  тексеру,  бүгінгі  са-
баққа зейінін аудару, іске ынталандыру, жұмылдыру.
2. Үй тапсырмасының орындалуын тексеру 
«Көгілдір планетадағы қара таңба (мұнай)» тақырыбындағы өтілген 
материалды қайталау
Бірінші топ мұнай қаншалықты қауіпті екендігін әңгімелейді. Екінші 
топ мұнаймен ластанумен күресудің негізгі тәсілдері туралы айтып береді. 
3. Жаңа тақырыпты меңгеру (1-слайд):
Мұғалімнің  мәтіні:  Балалар,  біз  автокөлік  адамдардың  басым 
көпшілігінің негізгі  қозғалыс құралы екендігін білеміз, дегенмен де, ав-
токөлік қандай зиян әкелетіндігі туралы әңгімелесейік: Автокөлік адам-
ның досы ма әлде  жауы ма?  
Бұрын осы сұраққа біртекті жауап беретін – әрине адамның досы! 
Себебі адам баласы өзіне зиян келтіретін құрал емес, өзінің игілігі үшін 
машинаны  жасады.  Сексенінші  жылдарда  көлік  игілігінің  ережелері 
оңай емес екендігі белгілі болды.  Егер де әлем машиналарын әлем жа-
нуарларымен салыстыратын болсақ, онда автокөлік үй иттерінен озады 
– себебі ол адамның сенімді серігі! (2-слайд).
Сұрақ(3-слайд): Неліктен ірі қалаларда негізгі автокөлік магистрал-
дарын қатар жобалау қажеттілігін түсіндіріңіз, неліктен жолдар көлде-
нең негізгі қозғалыс бағыты бойынша жобаланбайды?  

29
Управление природных ресурсов и регулирование  
природопользования Мангистауской области
Мұғалімнің  мәтіні:    4-слайдтағы  диаграммаға  назар  аударамыз. 
Диаграммада көріп отырғанымыздай, қоғамдық транспортпен жеңіл ав-
токөлік арасындағы баланс бұзылған. Автобусқа 25 және одан да көп 
адам отыруы мүмкін, ал жеңіл автокөлікке ең көп дегенде 5 адам ғана 
отыра алады. 
Тапсырма (5-слайд): 
1. Бұл жағдайды қалай өзгертуге болады. 
2.  Өзің  тұратын  қаладағы  транспорт  түрлерінің  қоршаған  ор-
таға  әсерін  бағалаңыз.  Ол  үшін  бесбаллдық  шкаланы  пайдалану 
керек.
 
ТҮЙІН МҰҒАЛІМНІҢ МӘТІНІ:
«Автокөлік адамның досы ма әлде жауы ма? Бұл өте даулы мәселе. 
Бір жағынан ол жауы себебі экология ілеспелі газдармен ластанады, 
көбіне  автокөлік  қауіпті  аварияға  ұшырау  арқылы    қазалы  жағдайға 
алып келеді, екінші жағынан автокөліксіз тіршілік ету қиындау, себебі 
автокөлік қозғалыс құралы. 
Сұрақ (6-слайд): Ал енді сіздің қалада транспорттың қандай түрі 
қоршаған ортаға ең көп қауіп әкеледі, ал қайсысының әсері керісін-
ше аз? 
Тапсырма (7-слайд): Есепті шығар. Неліктен автокөлік қаладағы лас-
таушы заттарды өндіруі жағынан көшбасшы ретінде саналуда? 
4. Үй тапсырмасы (8-слайд):
Автокөліктің пайдалы және зиянды жақтарын кестеге жазып, қоры-
тынды жасау. 
12. ШУ ЖӘНЕ ШУМЕН ЛАСТАНУ
Сабақтың  мақсаты:  Атмосфераның  шумен  ластануы  және  оның 
адам ағзасына әсері туралы мәселені қарастыру
 
Көрнекі  құралдар  –  оқу  кестесі,  оқушылардың  жұмыс  дәптері, 
проектор және экран (интерактивті тақта), оқулық (жұмыс дәптері).
 
Сабақ барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі. 
Журнал  бойынша  оқушылардың  сабаққа  қатынасуын  тексеру.  Сы-
нып  бойынша  кезекшіге  оқушылардың  сабаққа    дайындығын  (оқуға 
қажетті  заттарының  бар  болуы)  тексеруді,  оқушыларды  топ  бойынша 
отырғызуды тапсыру.

30
Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және  
табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
2. Үй тапсырмасының орындалуын тексеру  
 «Автокөлік: дос па әлде жау ма?»  тақырыбында өткізілген мате-
риалды қайталау. «Транспорт түрі» кестесін жазбаша толтырғанын және 
берілген есепті тексеру. 
3. Жаңа тақырыпты меңгеру (1-слайд)
Мұғалімнің мәтіні:
  Шу және шумен ластану не екенін біз білеміз. 
Оқушылар топтан екі-екіден шығып өңірдің шумен ластануының негізгі 
көздерін тізбектеп береді. 
Шу туралы біздің білетініміз өте көп. Дегенмен де, шу – бұл  жағымсыз 
естілетін қатты дыбыстар. Табиғатта шу өте әлсіз және ұзақ емес. Жапы-
рақтың сылдыры, бұлақтың сыңғырлауы, құс дауысы, судың жеңіл ағысы, 
соқпа толқындар адамдарға жағымды әсер етеді. Мұндай дыбыстар адам-
дардың жүйке жүйесін тыныштандырады, күйзелісті алады, психология-
лық жүктемеден арылтады. Көбіне бұлар емдік сауықтыру орталықтарын-
да, психологиялық күйден арылту кабинеттерінде қолданылады (2-слайд).  
Ал енді 3-слайдтан шу түрлерімен танысамыз. Мысалы – әсері. 
• Дыбыстық  қолайсыздық, шындығында бұл дыбыс табиғатта емес 
антропогендік  көздерден  пайда  болады.  Өнеркәсіптік  шу  деңгейі  өте 
жоғары. 
• Көптеген жұмыстарда және шулы өндірістерде ол 90-110 децибел 
және одан да жоғары болады. Үйде де тыныш емес, себебі жаңа техника 
деп аталатын жаңа шумен ластану көздері бар. 
• 130 децибелдегі дыбыс адамда ауруды тудырады, ал 150 дц кезінде 
адам оны көтере алмайды. 
Мұғалім  шумен  ластану  туралы  сандық  ақпараттарды  көрсетеді 
(4-слайд).
Шу және шумен ластанудың қауіптілігі неде? 
Күшті ұзақ және әсіресе тұрақты шу – адамның және көпте-
ген тірі ағзалардың жасырын және қауіпті досы. 
Австриялық зерттеушілердің мәліметтері бойынша, «шумен ласта-
ну» бүгінде үлкен қалаларға тән, ол қала тұрғындарының өмір ұзақты-
ғын 10-12 жылға қысқартады. Салыстырмалы түрде статистикаға көз 
жүгіртер болсақ, темекі шегу адам өмірін орташа есеппен 6-8 жылға 
қысқартады екен. Осы жерден қорытынды жасауға болады, темекі ше-
гуге қарағанда мегаполистердегі шудың адамға теріс әсері 36%. 
Тапсырма  (5-слайд):  Кесте  мәліметтерін  пайдалана  отырып,  би 
кешіндегі шу деңгейі 40 дБ құрайтын гигиеналық нормадан қаншалық-
ты асып түседі. 

31
Управление природных ресурсов и регулирование  
природопользования Мангистауской области
Шу көздері
Шу 
деңгейі, 
дБ
Ағзаға шудың ұзақ әсер етуінің 
реакциясы 
Жапырақ, толқын шуы 
20
тыныштандыратын
Пәтердегі, сыныптағы 
дыбыстың орташа күші
40
Гигиеналық норма
Ірі магистралда орналасқан 
ғимараттың іші
60
Тітіркену, сезімі, шаршау, бас 
ауруы байқалады 
Теледидар
70
Поезд метро
80
Мотоцикл
90
Дизельді жүк көлігі
90
300м биікте ұшатын реактивті 
ұшақ 
95
Есту қабілетінің жаймен 
төмендеуі, жабырқау, 
ашушаңдық, жара ауруы
гипертония 
Мата-мақта фабрикасындағы шу 
110
Шойбалға 
120
Ішімдік секілді шумен масаю, 
ұйқының және психикалық 
денсаулықтың бұзылуы, 
кереңдіктің пайда болуы. 
25 м қашықтықта ұшатын  
реактивті двигатель
150
Би кешінде 
175
Тапсырма  (6-слайд):  Мұғалім  шумен  ластанудан  қалай  қорғануға 
болатындығы туралы ақпараттарды береді. Ары қарай сіз қалай жалғас-
тырасыз?
Мұғалімнің мәтіні (7-слайд): Шуды төмендету транспорт қозғалы-
сын ұтымды ұйымдастыруға мүмкіндік береді: 
• Әртүрлі деңгейдегі транспорттық жол айрықтарының құрылысы; 
• Қозғалыс қарқынын төмендету; 
• Транспорттық ағындағы жүк автокөліктерінің санын қысқарту, әсі-
ресе түнгі уақытта; 
• Көшеде біржақты қозғалысты ұйымдастыру; 
• Транспорт тұралдарының шулы типтерін  шуы аз түрлеріне алмас-
тыру. 
4. Үй тапсырмасы (8-слайд).
Өзіңіз тұратын өңірдегі шумен ластанудың негізгі көздерін сипатта-
ңыз. 

32
Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және  
табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
13. ТҰРМЫСТЫҚ ЗАТТАР
Сабақтың мақсаты:  Тұрмыстық заттар және олардың адам ағзасы-
на әсері туралы мәселелерді қарастыру  
Көрнекі  құралдар  -  оқу  кестесі,  оқушылардың  жұмыс  дәптері, 
проектор және экран (интерактивті тақта), оқулық (жұмыс дәптері).
 
Сабақ барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі. 
Журнал  бойынша  оқушылардың  сабаққа  қатынасуын  тексеру.  Сы-
нып  бойынша  кезекшіге  оқушылардың  сабаққа    дайындығын  (оқуға 
қажетті  заттарының  бар  болуы)  тексеруді,  оқушыларды  топ  бойынша 
отырғызуды тапсыру.
2. Үй тапсырмасының орындалуын тексеру 
«Шу  және  шумен  ластану»  тақырыбында  өткізілген  материалды 
қайталау. Үй тапсырмасын тексеру. «Шумен ластанудан қалай қорғану-
ға болады?» сұрағына ауызша жауап беру және талқылау.  
3. Жаңа тақырыпты меңгеру(1-слайд)
Мұғалімнің  мәтіні:
  Тұрмыстық  заттар  не  екенін  біздер  білеміз. 
Оқушылар күнделікті қандай тұрмыстық заттарды пайдаланатыны ту-
ралы  айтып  береді.  Дегенменде  барлығы  бірдей  бұл  заттардың  адам 
денсаулығы үшін зияндылығын біле бермейді. 
 
Адам  баласының  өз  өмірінде  қолданатын  барлық  заттары  ғылыми 
тұрғыда тұрмыстық заттар деп аталады. Мысалы, синтетикалық жуғыш 
құралдар – бұл кәдімгі кір жуу ұнтақтары, ыдыс жууға арналған сабын-
сулар, сабын, шаш сусабыны және т.б.  (2-слайд).
Мұғалімнің  мәтіні  (3-слайд):  Синтетикалық  жуғыш  құралдар  –  су 
мен топырақты ластайтын маңызды ластауыштардың бірі. Синтетикалық 
жуғыш құралдар мұнай өнімдерінен, майлардан және кейбір компонент-
тері арнайы өндірісте күрделі химиялық айналым барысында өндіріледі. 
Бүгінде жыл сайын ЖҮЗДЕГЕН МЫҢ ТОННА әртекті тауар өндіріледі. 
Бірақ олардың қоршаған ортаға әсері туралы ешкім ойлана бермейді.   
Тапсырма (4-слайд):
 Ары қарай шағын ғана жазбаша жұмысты жа-
саймыз.
1. Үйде қолданатын тұрмыстық химия заттарының тізімін жазыңдар. 
Адам өмірінде тұрмыстық химия заттары қандай орын алады, бұл 
заттардың қажеттілігі
Синтетикалық жуғыш құралдар 
Қолданылуы 

33
Управление природных ресурсов и регулирование  
природопользования Мангистауской области
2. Адам өміріндегі тұрмыстық химия заттарының орынын анықта-
ңыз, оларды қолдану, осы заттардың қажеттілігі. 
3. 2 бағаннан тұратын кестені толтыру: 1- пайдасы; 2 – тұрмыстық 
химия заттарын пайдалану зияны. 
Пайдасы 
Зияны 
Тапсырма (5-слайд): Жұмыс дәптерінен біз пайдаланған материалды 
пайдалана отырып, рөлдік ойын ойнау, ол үшін сынып топтарға бөлі-
неді:
1. Қоршаған ортаны қорғаушылар 
2. Өндірушілер 
3. Сатып алушылар 
Әрбір топ өз тұғырын қорғауға кіріседі: синтетикалық жуғыш құра-
лы қажет пе жоқ па? Әрбір топ өз тұғыры жайында презентация жасай-
ды. 
Сұрақ  (6-слайд):  Осы  ғылыми-техникалық  жетістікке  байланысты 
біз қандай нәтижелерге қол жеткіздік? Мысалы, компьютер, телефон. 
Тізімді жалғастырыңдар. 
4. Білімді бекіту (7-слайд):
Өтілген материалды қайталау. Сосын компьютерді қалай пайдалану-
ға болады және компьютерде жұмыс істегенде дұрыс отыру ережелерін 
еске түсіреміз. 

34
Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және  
табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
5. Үй тапсырмасы (8-слайд):
2 бағаннан тұратын кестені толтыру: 1- пайдасы, 2- тұрмыстық хи-
мия заттарын пайдалану зияны.
Пайдасы 
Зияны 
Компьютерде  ойнау  балалардың 
есте  сақтау  қабілетін  және  назар 
аудару қасиетін жақсартады, ұялы 
телефон тез арада байланысқа тү-
суге мүмкіндік береді. 
Көзге  жүктеме,  дұрыс  отырмау, 
сәулелену 
14. ТАҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІ, ГМА ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША
Сабақтың  мақсаты:  тағамдық  қауіпсіздік  туралы,  негізгі  білімді 
беру, ГМА қжасалу және пайдалану мәселелерін зерттеу, әлемде ГМА 
таралуымен байланысты қауіптер мен биоқауіпсіздік, оң және теріс са-
паны таразылау. Сыныпты екі топқа бөлу: «қолдаймын», «қарсымын» 
және  шағын  дебат  жүргізу.  Танымдық  қызығушылықты,  сөйлеу  және 
ойлау мәнерін қалыптастыру. 
Көрнекі  құралдар  -    оқу  кестесі,  оқушылардың  жұмыс  дәптері, 
проектор және экран (интерактивті тақта), оқулық (жұмыс дәптері), қа-
лам, сызғыш
 
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. 
Журнал бойынша оқушылардың сабаққа келуін тексеру. Сынып бо-
йынша  кезекшіге  оқушылардың  сабаққа    дайындығын  (оқуға  қажетті 
заттарының бар болуы) тексеруді, оқушыларды топ бойынша отырғы-
зуды тапсыру.
2. Үй тапсырмасының орындалуын тексеру 
«Таза ауа – денсаулық кепілі» даналы  сөзін тыңдап, есте сақтау. 
«Тұрмыстық заттар» тақырыбын қайталау. Сұрақтарға жауап бер. 
1.Үйде қандай тұрмыстық химия заттарын пайдаланасың? Оларды 
пайдалану деңгейі? 
2. Тұрмыстық химия заттарын пайдаланудың оң және теріс әсері?
3.Тұрмыстық химия (техника) заттарының жағымды және теріс жақ-
тарын есептеңдер.
4. Компьютер алдында дұрыс отыру ережесін еске түсіреміз. 

35
Управление природных ресурсов и регулирование  
природопользования Мангистауской области
3. Жаңа тақырыпты меңгеру (1-слайд)
Мұғалімнің мәтіні (2-слайд):  
Тамақтану үшін өмір сүру емес, 
Өмір сүру үшін тамақтану керек, , 
Тамақ көп болған сайын, ауру да көп... 
                                       (Бенджамин Франклин) 
Біз немен қоректенеміз және соған бейімделеміз. Біз тұтынатын та-
ғам өте маңызды сондықтан да тағамдық қауіпсіздік туралы ойлану да 
маңызды. Бүгінде ГМА туралы білу қажет, сондықтан бүгін біздер ГМА 
пайдаланудың  оң және теріс жақтары туралы әңгімелейміз.  
Мұғалімнің мәтіні (3-слайд) Тағам қауіпсіздігі – бұл қауіпсіз та-
мақ өнімдері деген сөз. Әлемде тамақ саласына, тамақ өндірісінің бар-
лық кезеңдеріндегі тасымалдаушыдан алынатын шикізат қауіпсіздігіне 
басты  назар  аударылады.  Тағам  қауіпсіздігі
  жөнінде  және  оны  дұрыс 
қолдану жөнінде  қатаң халықаралық стандарт бар. Дегенмен, тамақ ин-
дустриясындағы ұйымдардың өмірлік қауіпсіздігі факторларының бірі 
тамақ өнімі қауіпсіздігі болып табылады. 
Сұрақ  (4-слайд):  Әлемде  барлық  адамдарға  тағам  қауіпсіздігі  қол 
жетімді ме? Сұраққа жауап беру. 
Мұғалімнің мәтіні
: 5-слайдтағы мәтінді оқу. Өз өңірлерінде аш ба-
лаларды  көргендерің  бар  ма?  Бұл  балаларға  біз  қалай  көмектесе  ала-
мыз? (6-слайд).
Мұғалім 7-слайдтағы гендік өзгеріске ұшыраған ағзалар туралы ақ-
параттармен таныстырады. 
• ГМА – гендік инженерия барысында жасалған тірі ағза, тамақ өнім-
дері. 
• Бұл үрдіс табиғи ресурстарды пайдалану дәрежесін төмендетеді. 
Әлемде гендік қайта өңдеу көмегімен тамақ өнімдері өндіріледі. 
Мұғалім мәтіні  (8-слайд)
:
Гендік инженерия қалай жұмыс жасайды?
Гендік инженерия бір түрдің ДНК бөлігі немесе генін алумен айна-
лысады, мысалы алма, оны алып екінші бір заттың жасушасына, мыса-
лы, апельсиннің жасушасына орналастырады. 
Бірақ  осы  өнімнің  қауіпсіз  екендігіне  ешкім  кепіл  бере  алмайды. 
Сондықтан, көптеген елдер ГМА-ны өсіруге рұқсат беру немесе бермеу 
жөніндегі мәселелерді талқылауда 
4. Білімді бекіту:
1. Тағам өнімдеріндегі табиғи концентратты және идентикалық био-
логиялық белсенді заттарға қалай қарайсыз? 
2. ГМА пайдалану қаупі қандай? 

36
Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және  
табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
3. Гендік инженерия қалай жұмыс істейді? 
5.Үй тапсырмасы (9-слайд): 
Кестені  толтыру:  гендік-өзгеріске  ұшараған  ағзалардың  оң  және 
теріс жақтары. (эколог, экономист және әлеумет мамандарының  көзқа-
растары тұрғысынан осы сұрақтарды қарастыру). 
15. БІЗДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫМЫЗ – ӨЗ ҚОЛЫМЫЗДА
Сабақтың  мақсаты:  Оқушылардың  білімдері  мен  тәжірибелерін 
ескере отырып, адам өміріндегі дәрілік құралдардың рөлі туралы білім-
дерді беру. Танымдық қызығушылықтарын, есте сақтау қабілетін, сөй-
леу мәнерін қалыптастыру. Біздің денсаулығымыз өз қолымызда екені 
жайында түсінікті қалыптастыру. 
Көрнекі құралдар –проектор және экран (интерактивті тақта), оқу-
лық (жұмыс дәптері), слайд (тақырып бойынша суреттер)
 
Сабақ барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі. 
Журнал  бойынша  оқушылардың  сабаққа  қатынасуын  тексеру.  Сы-
нып  бойынша  кезекшіге  оқушылардың  сабаққа    дайындығын  (оқуға 
қажетті  заттарының  бар  болуы)  тексеруді,  оқушыларды  топ  бойынша 
отырғызуды тапсыру.
2. Үй тапсырмасының орындалуын тексеру 
«Таза ауа – денсаулық кепілі» даналы сөзін тыңдап есте сақтау.   
Сұрақтарға жауап бер: 
1. Әлемде барлық мекен ететін адамдар қауіпсіз тағамға қол жеткізе 
ала ма? 
2. ГМА «оң» және «теріс» әсері туралы әңгімелеу.
3. Қандай өнімдер гендік өзгеріске ұшырағанын білесіздер ме? 
3. Жаңа тақырыпты меңгеру (1-слайд)
Мұғалімнің мәтіні (2-слайд): Дәрі – емдеу үшін және аурудың ал-
дын-алу үшін қолданылатын құрал. Әрбір дәрі медициналық тәжірибе-
ге  ендірілер  алдында  ең  алдымен  жануарларға,  сосын  барып  –клини-
ка  жағдайында  эксперимент  жасалынады.  Қазіргі  медицина  көптеген 
дәрілік құралдарды пайдаланады. 
Сұрақ  (3-слайд):  Дәрілерді  қалай  пайдалану  және  қолдану  керек 
екендігін білесіз бе? 
Мұғалімнің мәтіні (4-слайд): Олармен байланыс жасаудың кеңес-
терімен таныстыру: 
-  кейбір дәрілер ағза үшін қауіпсіз, олар ағзаға уытты әсер етпейді. 

37
Управление природных ресурсов и регулирование  
природопользования Мангистауской области
- дәрумендер дәрі болып саналмайды. Олар ағзадағы әртүрлі алмасу 
үдерістерін тұрақтандырады. Оларды шектен тыс пайдалану зиян және 
жетіспеушілігі де ағзаны ауруға шалдықтырады. 
-  таблеткаларды  міндетті  түрде  шайнау  керек.  Бұл  тұжырым  тек 
кәдімгі таблеткаларға ғана қатысты, егер таблетка арнайы қаптамамен 
қамталса, оны шайнауға болмайды. 
-  дәріні сумен ішкен дұрыс. 
Бірақ көп жағдайда «дәрі қымбат болған сайын оның сапасы да жо-
ғары» деген тұжырым қалыптасқан. Көбіне дәрілік препараттың құны 
өндіруші елге байланысты. 
Еске сақталған даналы сөзді қайталау 
Сұрақтар (5-слайд): 
1. Дәрілік препараттар, таблеткалар неден жасалынады? 
2. Қандай дәрілік өсімдіктерді сендер білесіңдер? 
Олар туралы не айта аласыңдар?
  Мұғалімнің  мәтіні:  Шырғанақ  (6-слайд).  Шырғанақ  (Hippophae)  
«хан жемісі» деген атпен де аталады. Шырғанақ тұқымы ерте кезден-ақ 
емдік сусындар, варенье  дайындау үшін қолданылған.  
Шырғанақ тұқымы витаминдерге (C, E, B1, B2, B6, B9, K, PP, ка-
ротин), ақуызды заттарға, қантқа, молықтырылған майлы және органи-
калық қышқылдарға өте бай. Шырғанақта С дәрумені рекордтық көр-
сеткіште (цитрусты өсімдіктерге қарағанда бірнеше есе жоғары), ал Е 
дәруменінің құрамы бидай  майына қарағанда екі есе жоғары. 
Шырғанақ тұқымынан экстракт алынады, ол косметологияда пайда-
ланылады.  Шырғанақ  экстракты  құрамынан  тұратын  сусабын  немесе 
тіс пастасын кездестірген боларсыңдар? Дәрілік құрал ретінде өсімдікті 
пайдаланып көрдіңіз бе? 
Алоэ (7-слайд). Алоэ отаны – Оңтүстік Африка, мұнда бұл өсімдік 
ағаш түрінде өседі. Дегенмен де, бөлме мәдениетінде кеңінен қолданы-
луда (барлық елде және Қазақстанда). 
Алоэ жапырақтары сулы, жапырақты, қылыш түрінде, ұзындығы 50 
см жетеді, сабақты, шетінде ірі шеміршекті тістері бар. 
Медицинада жаңа жапырақтары пайдаланылады, ол өсу барысында 
үзіліп алынады. Алоэ шырыны көптеген ферменттер мен дәрумендерге 
бай. 
Зерттеулер көрсеткендей, алоэ құрамында аспиринге ұқсас  зат бар 
екендігі анықталды.  
Ал сіз алоэны емдік мақсатта пайдаландыңыз ба? 
Дәрілік бақбақгүл (8-слайд). Бақбақгүл – көпжылдық шөпті өсімдік. 
Бақбақгүл шалғында, шөпті жартастарда, орманды жазықтарда, үй ма-

38
Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және  
табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
ңында, бақтарда, жол бойында өседі. Арамшөп ретінде егістермен бау-
ларда кездеседі. 
Медицинада бақбақгүлдің тамыры қолданылады. Оның құрамында 
стерин, инулин (40% дейін), қант (20% дейін), алма қышқылы, шайыр 
бар. Тамыры көктемде, сәуір айында  және күзде қыркүйек және қазан 
айларында дайындалады. Ашық ауада алынғаннан кейін бақбақгүл үй 
төбесінде кептіріледі. Құрғақ тамырдың иісі болмайды. Дәмі – ащылау. 
Бақбақгүл  тамырынан  жасалынған  тұндырма  (1  шәй  қасыққа  стакан 
қайнаған су құяды) аппетитті ашу үшін, терлететін және ыстық түсіретін 
құрал, жеңіл іш өткізетін және өт айдайтын құрал ретінде пайдаланылады. 
Сұрақ  (9-слайд):  Сіз  тұратын  аймақта  қандай  дәрілік  өсімдіктер 
өседі?
4. Үй тапсырмасы.
Маңғыстау облысында қандай дәрілік өсімдіктер өседі, қысқаша түр-
де жазып беріңіз (Үстірт қорығының өсімдіктерін пайдалануға болады) 
16. ЖАБАЙЫ ЖӘНЕ ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫ
Сабақтың мақсаты: Жабайы және үй жануарлары бір-бірінен қа-
лай  ерекшеленетінін  білу.
  Олардан  қалай  сақтану  керек  және  оларды 
қалай қорғау керек.
 
Көрнекі құралдар – оқушылардың жұмыс дәптері, проектор және 
экран  (интерактивті  тақта),  оқулық  (жұмыс  дәптері),  слайд  (тақырып 
бойынша суреттер)
 
Сабақ барысы.
2. Ұйымдастыру кезеңі. 
Журнал  бойынша  оқушылардың  сабаққа  қатынасуын  тексеру.  Сы-
нып  бойынша  кезекшіге  оқушылардың  сабаққа    дайындығын  (оқуға 
қажетті  заттарының  бар  болуы)  тексеруді,  оқушыларды  топ  бойынша 
отырғызуды тапсыру.
2. Үй тапсырмасының орындалуын тексеру. 
«Біздің  денсаулығымыз  өз  қолмызда»  деп  аталатын  өтілген  тақы-
рыпты қайталау. Бір топ дәрі дегеніміз не және оларды қалай пайдалану-
ға болатындығы жайында айтса, екінші топ дәрілік өсімдіктер жайында 
айтады. 
3. Жаңа тақырыпты меңгеру(1-слайд).
Сұрақ (2-слайд): Жануар дегенді қалай түсінесіңдер? 
Оқушылар тапсырманы жазбаша орындайды, алынған қорытынды-
ны талқылайды. 

39
Управление природных ресурсов и регулирование  
природопользования Мангистауской области
Мұғалімнің мәтіні (3-слайд): Жануарлар – фауна өкілдері, тірі ағза-
лар, дайын органикалық өніммен қоректенеді және белсенді қозғалуға 
қабілетті. 
Тапсырма (4-слайд,5): Жұмбақты шешіңдер.
Ал енді қандай жануарлар жабайы және үй жануарына жататынын 
және олардың арасындағы айырмашылықты білейік. 
Мұғалімнің  мәтіні:
    Жабайы  жануарлар  өздеріне  тағамды  тауып 
жейтін, жауларынан қорғанатын, өздері түнейтін орынды тауып, ұрпақ 
өсіретін жануарлар.Ал үй жануарлары – оларға адам баласы көмекте-
седі,  тамақтандырады,  тұратын  жылыжер  дайындайды,  олардың  ет-
терін,  сүтін  және  жүнін  пайдаланады.  Жабайы  жануарларды  күшпен 
ұстауға болады бірақ олардың үйреніп кетуі екіталай. Жануарлар үшін 
адамзат баласы дос әрі жауы болуы мүмкін, сондықтан, жануарлардың 
бірқатар түрлері қымбат бағаланатындықтан, мысалы: пілдің ұзын таяқ 
тісі, кейбірінің жүндері  (шиншилла, құндыз)  және т.б. саны жылдан-
жылға азаюда.  Сол себепті, оларды сақтау үшін ұлттық паркетр, қорық-
тар ұйымдастырылған. Жойылып бара жатқан және аз санды жануарлар 
Қызыл кітапқа енгізілген. 
Тапсырма (6-слайд):
 Жұмбақтағы жануарларды екі топқа бөліңдер. 
Сұрақ(7-слайд):
  жабайы  және  үй  жануарларының  айырмашылығы 
неде?
 Пікірлеріңді дәптерге жазыңдар. 
Ал енді 8-слайдтағы жұмбақты тауып, кроссвордты шешеміз. 
Тапсырма:
1. Маңғыстау облысын қандай жануарлар мекендейтінін жазыңыз? 
(9-слайд). 
2. Сіз білесіз бе? Өзіңіз жасаған тізімдегі  жануарлардың қайсысы 
Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген? (10-слайд). 
3. Сіздің өңірдегі жануарлардың жойылуының тікелей және жанама 
себептерін атап жазыңыздар.(11-слайд). 
4. Адамның жануарлар әлеміне жанама әсерін төмендету туралы іс-
шараларды ұсынып, жазыңыздар. (12-слайд). 
4. Білімді бекіту:
Бүгінгі өткізілген материалды қайталау.
5. Үй тапсырмасы (13-слайд):
Жануарлардың қандай түрлері Қызыл Кітапқа енгізілген және нелік-
тен? Қызыл кітап негізінде он сұрақты-жауаптан тұратын кроссвордты 
құрастыру. 

40
Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және  
табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
17. ҚОРЫТЫНДЫ САБАҚ
Сабақтың мақсаты: Маңғыстау өңірінің суын, топырағын, жануар-
ларын қорғау туралы өтілген материалдарды жинақтау және нығайту .
Көрнекі құралдар - оқушылардың жұмыс дәптері, проектор және 
экран (интерактивті тақта), оқулық (жұмыс дәптері). Оқушыларды екі 
топқа бөлу 
Сабақ барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі. 
Журнал бойынша оқушылардың сабаққакелуін түгендеу. Сынып бо-
йынша  кезекшіге  оқушылардың  сабаққа    дайындығын  (оқуға  қажетті 
заттарының бар болуы) тексеруді, оқушыларды топ бойынша отырғы-
зуды тапсыру.
2. Үй тапсырмасының орындалуын тексеру.
«Біздің денсаулық өзіміздің қолымызда» тақырыбындағы материал-
дарды қайталау 
Сұрақтар: 
1. Денсаулықты қорғауда еңбек және демалыс режимі қандай рөл ат-
қарады? 
2. Антибиотиктерді дұрыс емес бақылаусыз пайдалану себебі неде?
Ал енді бір топ дәрі деген не және оларды дұрыс пайдалану кеңес-
тері туралы айтса, екінші топ дәрілік өсімдіктер жайында әңгімелейді. 
3. Жаңа тақырыпты меңгеру(1-слайд).
Мұғалімнің мәтіні:  Денсаулық туралы айта отырып, біздер оның 
қоршаған ортамен өзара тығыз байланысын да ескеруіміз керек. Қор-
шаған ортаны сақтауға деген қамқорлық өз денсаулығыңды сақтаудың 
да кепілі. 
Тұрғын пункттердегі атмосфераның автокөліктің ілеспелі газдары-
мен ластанғанын сіз білесіз. 
Тапсырма (2-слайд): Ал енді сіздің қалада автокөлік қаншама зиянды 
газдарды шығаратынын есептеп көріңіз. Алдымен 30 минут ішінде мек-
тепке жақын екі жақты жолдардан өтетін машинаны санау керек, егер 
де орташа есеппен барлық автокөліктер сағатына 60 км жылдамдықпен 
жүретін болса. Осы уақыт аралығында олар атмосфераға қанша газдар-
ды шығарады: улы газ, азот оксиді, бензин. 
3-слайдтағы кесте мәліметтерін пайдалану керек. 

41
Управление природных ресурсов и регулирование  
природопользования Мангистауской области
Ластаушы заттардың шығарындылары, г/км.
Автокөлік типі  Двигатель типі 
Улы газ 
Бензин
Азот оксиді 
Жеңіл 
Ішкі жану 
30
2
3
жүк
Ішкі жану
70
8
7
жүк
Дизельді
10
3
6
Есепті орындау мысалы:
Автокөлік саны n=20. Оның әрбірінің  жарты саға тішінде жүретін 
жолдары S=30 км.
Улы  газ массасын келесі формуламен табамыз:
Олай болса, барлық автокөліктер 30 минут ішінде атмосфераға 18 
кг улы газды шығарады.
Жыл сайын су бассейндері химиялық және органикалық заттармен 
ластанады, соның бірі мұнай. 
Мұғалімнің мәтіні (4-слайд): Мұнай – теңіз  және мұхит суларын 
ластайтын қауіпті және тұрақты ластауыштардың бірі. 2004 жылы Кас-
пий теңізіне 33,5 мың тонна мұнай түскен. Судың жоғары бетінде түзіл-
ген мұнайлы дақтың ауданын есепте, 1 тонна мұнай төгілу нәтижесін-
дегі дақты ауданды есептеу 12 км
2 
тең.  
Тапсырма  (5-слайд):  Қоршаған  ортаны  шудың  ластайтындығын 
білесіздер  ме?  Ғимараттағы  шу  деңгейінің  гигиеналық  нормаға  сәй-
кестігін текесеріп көрейік. Мысалы, осы кестені пайдалана отырып ғи-
марат ішіндегі шу деңгейін анықтаңыз, мысалы, теледидар қосылғанда 
гигиеналық  нормадан  артып  40  дБ  құрайды  (Түсініктемені  «шу  және 
шумен ластану» тақырыбынан алуға болады). 
Шу көздері
Шу деңгейі, дБ
Шудың әсер ету 
ұзақтығының азғаға 
реакциясы
Жапырақ, толқын 
шуылы
20
Тыныштандыратын
Пәтер мен сыныптағы 
дыбыстың орташа күші
40
Гигиеналық норма
Ірі магистраль жанында 
орналасқан ғимарат іші
60
Бас ауруы, шаршау, 
қалжырау, мазасыздану  
пайда болады 
Теледидар
70
Метродағы поезд 
80
Мотоцикл
90
Дизелді жүк көлігі
90

42
Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және  
табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
Тапсырма (6-слайд): Тест сұрақтарына жауап беріңіз. 
Қай жануар ең алғашқы рет үй жа-
нуары болған?
• Мысық
• Түйе
• Ит
Қайсысы  ауыр  жүк  тасымалда-
ғыш? 
• Түйе
• Ит
• Жылқы
Жылқы жасын қалай анықтайды? 
•  Құйрығының  ұзындығы  бо-
йынша 
• Тісі бойынша 
• Тұяқ формасы бойынша 
Қай  мемлекетте  сиыр  киелі  жа-
нуар болып саналады?
• Египетте 
• Үндістанда 
• Англияда 
Неліктен  тауықтар  майда  тастар-
ды жұтады?
• Аштықтан 
•  Ол  тағаммен  бірге  байқамай 
жұтады 
•  Тағамды  дұрыс  майдалау 
үшін 
Тапсырма (7-слайд): Сіз тұратын аймақта қорғалатын зона бар ма, 
ол қайда орналасқан, онда қандай өсімдіктер мен жануарлар қорғауға 
алынғанын анықтаңыз
5. Үй тапсырмасы (8-слайд):
Сұрақ-жауап анкетасын жасау арқылы, тұрғындар мен мектеп оқу-
шыларының  қызыл  Кітапқа  енгізілген  және  жойылып  бара  жатқан 
өсімдіктер мен жануарлар туралы білімдерін тексеру.
18. ЖҰМЫС ОРНЫНДАҒЫ ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЫ
Сабақтың  мақсаты:  Адам  ағзасына  еңбек  жағдайы  қалай  ықпал 
ететіндігін қарастыру 
Көрнекі құралдар - оқушылардың жұмыс дәптері, проектор және 
экран (интерактивті тақта), оқулық (жұмыс дәптері). Оқушыларды екі 
топқа бөлу 
Сабақ барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі. 
Журнал бойынша оқушылардың сабаққакелуін түгендеу. Сынып бо-
йынша  кезекшіге  оқушылардың  сабаққа    дайындығын  (оқуға  қажетті 
заттарының бар болуы) тексеруді, оқушыларды топ бойынша отырғы-
зуды тапсыру.

43
Управление природных ресурсов и регулирование  
природопользования Мангистауской области
2. Үй тапсырмасының орындалуын тексеру. 
«Жабайы және үй жануарлары» тақырыбында өткізілген материал-
ды қайталау. Бірінші топ үй жануарлары туралы әңгімелесе, екінші топ 
жабайы жануарлар туралы айтып береді. 
3. Жаңа тақырыпты меңгеру(1-слайд).
Мұғалімнің мәтіні: Жұмыс орнындағы еңбек жағдайы адамның ағ-
засына оң және теріс те әсер етуі мүмкін. 2 слайдтағы суреттен көріп 
отырғанымыздай,  офистегі  адам,  жарықтандыру,  жел,  ылғалдылық, 
шаң, шу, түс және ауа секілді оны қоршаған физикалық факторлар. 
Мұғалімнің мәтіні (3-слайд): Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйы-
мы  сарапшыларының  бағалауы  бойынша,  өндірістік  емес  сипаттағы 
ғимараттарда адам өз уақытының 60-80%-н өткізеді. Сарапшылар мы-
надай қорытындыға келді: «ғимараттан тыс ауа сапасына қарағанда әр-
түрлі құрылыстар мен ғимараттың ішкі ортасына тән ауа сапасы адам 
денсаулығы мен оның қолайлы өмір сүруіне жағдай жасайды». Тұрғын-
үйдің ауасының сапасына ықпал ететін факторларды атаңыздар.
Тапсырма (4-слайд): Келесі нормативтерді пайдалан отырып өз сы-
ныбыңның санитарлық жағдайын осы факторлар бойынша бағала: Сы-
нып бөлмесінің көлемі: ауданы -  50 м
2
, биіктігі – 3 м
1 оқушыға келетін норма:  ауданы  – 1,25 м
2
, көлемі – 3,75 м
3
.
Орташа температура 20-20°С (бөлме ортасында өлшенеді, сыртқы 
және ішкі қабырғалардың биіктігі еденнен 1,5 м ).
Табиғи  жарықтандыру:  келесі  формула  бойынша  жарық  коэффи-
циентін (ЖК) анықтау керек: 
Тапсырма (5-слайд): ЖК нормасы: оқу сыныптарында 0,25,  спорт 
зал  мен асханада 0,17.
Жасанды жарықтандыру:  келесі формула бойынша жасанды жа-
рықтандыру (ЖЖК) анықталады: 
ЖЖК 40 Вт/м
2
-  тен кем емес
Сынып ауасының шаң-тозаңдануы (күшті және әлсіз).
Сызу керек.
Тапсырма (6-слайд):Ары қарай қысқаша ғана… Бөлменің желдетілуі
келесі формула бойынша аэрация коэффициентімен (АК) анықталады:

44
Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және  
табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
АК нормасы:  сыныпта 0,02-ден кем емес,  басқа бөлмелерде 0,0018-
ден кем емес. 
Ауаның оңтайлы қатысты ылғалдылығы  30-60%.
Сыныптағы бөлме өсімдіктерінің саны және оның жағдайы (жақсы 
немесе нашар).
Сынып бөлмесіндегі тазалық.
Сынып бөлмесіндегі шу (күшті немесе әлсіз). 
4. Үй тапсырмасы (7-слайд):
Кестені толтырыңыз: бірінші бағанға берілген нормамен сәйкес фак-
торларды  көрсетіңіз,  ал  екінші  бағанға  санитарлық  нормадан  ауытқу 
факторларын көрсетіңіз, үшінші бағанға – санитарлық норманың бұзы-
лу себептері мен оны жою туралы шаралар. 
1
2
3
19. МЕКТЕП
Сабақтың мақсаты: «Мектеп деп біз нені түсінеміз?», « Мектеп де-
ген  не?» – деген сұрақтарды қарастыру. 
Көрнекі құралдар – оқушылардың жұмыс дәптері, проектор және экран 
(интерактивті тақта), оқулық (жұмыс дәптері). Оқушыларды екі топқа бөлу 
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. 
Журнал  бойынша  оқушылардың  сабаққа  қатынасуын  тексеру.  Сы-
нып  бойынша  кезекшіге  оқушылардың  сабаққа    дайындығын  (оқуға 
қажетті  заттарының  бар  болуы)  тексеруді,  оқушыларды  топ  бойынша 
отырғызуды тапсыру.
2. Үй тапсырмасының орындалуын тексеру 
«Жұмыс  орнындағы  еңбек  жағдайы»  тақырыбында  өтілген  тақы-
рыпты қайталау. Жұмыс орнындағы еңбек жағдайына нелер кіреді? Ең 
алдымен неге басты назар аудару керек? Қызметкерлердің, оқушылар-
дың  еңбекке  қабілеттілігіне  жұмыс  орнының  санитарлық-гигеналық 
жағдайы қалай ықпал етеді?  
Дегенмен де, табысты еңбек ету үшін физикалық жағдайлардан бас-
қа ең маңызды сенім және құрмет деп аталатын қалыпты психология-

45
Управление природных ресурсов и регулирование  
природопользования Мангистауской области
лық көңіл күй керек. Бұл көңіл-күйді  қайда сақтауға болады. Әрине, 
мектепте. 
Әрбір оқушы кезекпен мектеп деген не, мектеп қандай мүмкіндік-
терді береді, мектепте білім алу барысында қандай жақсы және жағым-
сыз әсерлерді байқауға болады деген сұрақтарға жауап береді. 
3. Жаңа тақырыпты меңгеру(1-слайд)
Мұғалімнің мәтіні: Біз білеміз мектеп оқушы үшін екінші үй. Мек-
теп - білім алып қана қоймай, интелектуальды, рухани, эмоциональды 
болып тәрбиелейтін білім ордасы.
Ал енді 2 слайдтан мектеп дегеннің не екенін білеміз және ынтымақ-
тастық, құрмет және сенім принциптеріне тоқталамыз. Оқу құралының 
екі алғашқы абзацтарындағы ақпараттармен танысқан екі оқушы негізгі 
мағынасын қайталап айтады. 
• Мектеп – балалардың міндетті бастапқы білім алуына арналған 
оқу-тәрбиелік ұйымы.
• Мектеп – бұл қарапайым әрі күрделі форма. Мектепте оқидытын-
дар мен мектепте жұмыс істейтіндер үшін –  мектеп - ең қызықты кезең 
деп есептеуге болады  
• Мектеп– бұл оқитын және оқытатын жандардың бір-біріне жақын 
әрі бауыр басып қалуына жағдай жасайтын ғимарат.
Сұрақ (3-слайд): Сіз қалай ойлайсыз, мектеп деген не?  
Мұғалімнің мәтіні (4-слайд): Мектеп –бұл білім алатын, интелек-
туалды, рухани, эмоционалды тәрбие беретін білім ордасы.
Мектеп бізге білім береді. Одан басқа тағы да қандай мүмкіндіктерге 
жол ашады? 5 слайдқа назар аударайық. 
Ынтымақтастық  принципі,  құрметтеу  және  сенім  принциптері 
деген не? 
Ынтымақтастық принципі: 
• Үлкен және кіші баланың жеке сапасын білу және ескеру; 
• Әр адамның компетенттілігін, инициативасын, жауапкершілігін 
бағалау; 
• Үлкен және кіші балалардың бастамасын, шығармашылық қабі-
летін, дамыту және қолдау, мектеп ұжымында оны қолдана білу. 
Сенім және құрметтеу принципі: 
• Адамның өзін-өзі және басқаларды құрметтеуі; 
• Бір-бірін құрметтеу арқылы еркін сенімділік ортасын құру; 
• Өзімшілдік пен қарама-қайшылықтан бас тарту және бір-бірімен 
ұқыпты қарым-қатынас жасау. 
4. Білімді бекіту:
Бүгін өткен матеиралды қайталау.  

46
Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және  
табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
Тағы да қандай принциптерді қоса аласыз? 
5. Үй тапсырмасы (6-слайд):
Сіздің сыныбыңызда әр оқушы тәулігіне қанша шаң-тозаң жұтады, 
егер де жұтылатын ауа көлемі 0,5 л, дем алу-дем шығару ұзақтығы 5 с, 
ал 1 м³ ауада 10 000 шаң-тозаңдар бар. 
20.МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Сабақтың мақсаты: Маңғыстау облысының мәселелерімен оқушы-
ларды таныстыру және оның себептері мен шешу жолдарын қарастыру.
Көрнекі құралдар - оқушылардың жұмыс дәптері, проектор және 
экран (интерактивті тақта), оқулық (жұмыс дәптері). Оқушыларды екі 
топқа бөлу 
Сабақ барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі. 
Журнал бойынша оқушылардың сабаққа келуін тексеру. Сынып бо-
йынша  кезекшіге  оқушылардың  сабаққа    дайындығын  (оқуға  қажетті 
заттарының бар болуы) тексеруді, оқушыларды топ бойынша отырғы-
зуды тапсыру.
2. Үй тапсырмасының орындалуын тексеру.
«Мектеп» тақырыбындағы өтілген материалды қайталау. Топтан екі 
оқушы мектеп туралы, оның беретін мүмкіндіктері жайлы және мектеп-
тегі білімнің оң және теріс  жақтары жайында айтып береді. 
3. Жаңа тақырыпты меңгеру(1-слайд).
Мұғалімнің мәтіні (2-слайд):
 Өз ауданыңыз жайында не айта ала-
сыз? Ол қайда орналасқан? Ауа-райы қандай? Қандай экологиялық мә-
селелер бар? 
Мұғалімнің мәтіні (3-слайд):
 
Өнеркәсіп пен транспорттың өсуі, мұнай мен газды өндірудің ар-
туы Каспий теңізінің қайраңында зерттеушілік және пайдалану бұр-
ғылау жұмыстарын жүргізуде жаңа технологияларды қолдану, мұнай 
өнімдерін жабдықтау, кәсіпорын қалдықтарының жинақталуы және 
тағы  да  басқа  факторлар  аймақтың  экологиялық  жағдайын  төмен-
детті.
Маңғыстау облысының барлық аумағының табиғи-климаттық жағ-
дайы қолайсыз аридтік зонаға жатады. Жоғары күн радиациясы, шаң-
тозаңдардың  ауаға  көтерілуі,  жылдық  және  тәуліктік  температураның 
лезде өзгеруі, жауын-шашынның аз болуы қоршаған орта мен адам ден-
саулығына теріс ықпал етеді. 

47
Управление природных ресурсов и регулирование  
природопользования Мангистауской области
Тапсырма (4-слайд,5):
 Жеке бөліктер бойынша табиғи  қоршаған ор-
таның  компоненттерін  қарастырайық,:  ең  алдымен  топырақтан  баста-
йық. Облыс аумағында топырақ түзілуінің шөлді типіне жататын қоңыр 
және күлгін қоңыр топырақтар кең таралған. Бұдан басқа Сіз тағы да 
нені қосасыз
Неліктен біз топырақтан бастадық. ___________________________
Топырақ жамылғысының жағдайымен сіздің аймақтағы экологиялық 
мәселелердің  күрделілігі  тікелей  байланысты.  Экологиялық  дағдарыс 
жайында айтқанда, барлығы ең алдымен атмосфераның ластануына, су 
ресурстарының  ластануына  назар  аударады  да,  топырақтың  бұзылуы 
туралы естеріне сирек түсіреді. Ал топырақ қоршаған табиғи ортаның 
басты компоненті! Сіз қалай ойлайсыз, неліктен топырақ тірі ағза мен 
адам үшін маңызды? 
Мұғалімнің  мәтіні  (6-слайд):  Біз  топырақты  қарастырып  жатқан-
дықтан, қалдықтар туралы да қысқаша тыңдап көрелік. 
Маңғыстау облысы аумағында 200 млн. тонна өнеркәсіптік қалдық-
тар, 105 млн. тоннаға жуық токсинді қалдықтар, 8,5 млн. тоннаға жуық 
пайдалы қазбаларды өндіру барысында пайда болған қалдықтар орна-
ластырылған. Жағдайы нашар үйінділер 469 га  жерді, оның ішінде Ақ-
тау қаласында  - 145 га, .Жаңа-Өзен қаласында  – 102 га, Форт-Шевченко 
қаласында – 84 га  және т.б. жерлерді алып жатыр. Токсинді қалдықтар-
ды қоймалау адам денсаулығына теріс ықпал етіп отыр.   
Тапсырма (7-слайд): Ойланыңыз және сіздің аймақтағы топырақ мә-
селесін  қалай  шешуге  болатынын  жазыңыз  (еске  түсіру  үшін  өтілген 
қалдық, топырақ жайында өтілген материалдарды қайталауға болады):
Тапсырма (8-слайд): Бірінші топ 1 және 2 мәселелерін шешу жол-
дарын  жазады.  Ал  екніші  топ  3  және  4  мәселелерін  шешу  жолдарын 
жазады.  
1 Атмосфералық ауамен байланысты мәселелер 
2 Су ресурстарымен байланысты мәселелер 
3 Биоалуандылықпен байланысты мәселелер 
4 Қалдықтармен байланысты мәселелер 
4.Білімді бекіту:
Өтілген материалды қайталау. Қандай принциптерді қоса аласыз? 
5.Үй тапсырмасы (9-слайд): 
Өзіңіз тұратын өңірдің мәселелері туралы қысқаша хабарлама жазы-
ңыз. Оны шешудің мүмкін жолдарын атап көрсетіңіз.

48
Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және  
табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
21. ҚОРЫТЫНДЫ САБАҚ
Сабақтың  мақсаты:  қоршаған  ортадағы  адамның  экологиялық 
сауатты мінез-құлығын қалыптастыруға тәрбиелеу және Маңғыстау об-
лысының мәселелерінің себептерін түсінуге және оны шешу жолдарын 
қарастыруға дайындау және қорытынды жасау 
Көрнекі құралдар - оқушылардың жұмыс дәптері, проектор және 
экран (интерактивті тақта), оқулық (жұмыс дәптері). Оқушыларды екі 
топқа бөлу 
Сабақ барысы.
1.Ұйымдастырушылық кезең.
Журнал бойынша оқушылардың сабаққакелуін түгендеу. Сынып бо-
йынша  кезекшіге  оқушылардың  сабаққа    дайындығын  (оқуға  қажетті 
заттарының бар болуы) тексеруді, оқушыларды топ бойынша отырғы-
зуды тапсыру.
2. Үй тапсырмасының орындалуын тексеру  
«Маңғыстау  облысының  мәселелері»  тақырыбындағы    өтілген  ма-
териалды қайталау. Маңғыстау облысының мәселелерінің басты себеп-
терін және оларды шешу жолдарын тізбектеу. 
Мұғалімнің мәтіні (2-слайд): Ал енді  алған білімімізді қорытынды-
лау үшін «Мен біздің жердің сұлулығынан артық ештеңе білмеймін», 
деген тақырыпта әңгіме бастайық. 
Тапсырма (3-слайд): Адамның дәстүрлі өмір деңгейіне табиғат жағ-
дайлары қалай ықпал ететіндігін қарастырайық. Ол үшін төмендегі кес-
тені толтырып, өзіңе қажетті қорытындыны жаса: 
Аумақ 
атауы, ха-
лық тобы
Табиғат жағ-
дайларының 
ерекшелігі (қо-
лайлы немесе 
қолайсыз)
Өмір сүру шарты(-
негізгі істері, негізгі 
тамақ өнімдері, киім 
неден жасалды, тұр-
ғын үйлер қайда ор-
наласқан, тасымалдау 
құралдары)
Шаруашылық іс-әре-
кеттері
Тарихи 
тұрғыдан 
қалыптас-
қан 
Қазіргі 
уақытта
Ақтау 
қаласы
Алматы 
қаласы
Астана 
қаласы

49
Управление природных ресурсов и регулирование  
природопользования Мангистауской области
Тапсырма
 (4-слайд):
Каспий  теңізі  бойынша,  есепті  шешу.  Жаңа  сандарды  өзің  үшін 
біліп ал: Каспий теңізінің суы 5 елдің жағалауларын алып жатыр. Түркі-
менстанға жағалаудың 21%, Әзірбайжанға – 20%,  Ресейге – 16%, Иран 
Ислам Республикасына Ресейге қарағанда кем, яғни  2 %,  қалған жа-
ғалау  бөлігі  Қазақстан  үлесіне  тиеді.  Сонда  Қазақстан  үлесіне  қанша 
пайызы тиесілі.
4. Білімді нығайту: 
Өтілген материалды қайталау. Қандай принциптерді қоса аласыз? 
Мұғалім «Қоршаған ортада адам өзін қалай ұстау керек» жобасына 
қатысуға шақырады (5-слайд):
• Қоршаған табиғи ортадағы адамның экологиялық сауатты мінез-
құлығы ережелерін әзірлеңіз. 
• «Әрбір адам қоршаған ортада өзін қалай ұстау керек және нелік-
тен» тақырыбында төменгі сыныпта оқитындармен сабақ жүргізуге да-
йындалу және өткізу. 
Мұғалімнің  мәтіні:  Осы  курстың  барысында  өздеріңді  қоршаған  
табиғи  орта  туралы,  Коммонер  заңы  туралы,  біздің  планетаны  қалай 
сақтау керектігі жайында білдіңіздер, сондықтан қоршаған ортаны сақ-
тау осы планетада тұратын әрбір адамнан басталады. 

50
Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және  
табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

51
Управление природных ресурсов и регулирование  
природопользования Мангистауской области
Учебно-методическое пособие
«Экология окружающей среды» 
для средних классов средней школы
Ақтау 2016

52
Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және  
табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
УДК 373.167.1:502.1 (075.3)
ББК 20.1я72
Экология окружающей среды: Учебно-методическое пособие для средних 
классов средней школы/. Актау: 2016.
ISBN 978-601-239-451-1
Учебно-методическое  пособие  для  средних  классов  средней  школы  «Эко-
логия окружающей среды» подготовлено на основе программы непрерывного 
образования в сфере устойчивого развития и охраны окружающей среды для 
Мангистауской области  на 2010 – 2015 гг.». 
Пособие предназначено учителям средней школы для подготовки и прове-
дения уроков, выбора эффективных педагогических приемов через платформу 
СУД (способов умственных действий, т.е. способов, осуществляющих мышле-
ние) в целях формирования экологических знаний, умений, навыков учащихся.
Учебно-методическое  пособие  содержит  информационно-развивающие 
дидактические задания, которые помогут учителю организовать мероприятия, 
урочную  и  внеурочную  деятельность.  Оно  содержит  краткое  описание  мето-
дических рекомендаций в рамках инновационных педагогических технологий, 
которые способствуют развитию системного мышления учащихся, формирова-
нию у них экологического мировоззрения, развитию познавательного интереса.
Данное пособие может быть полезно учителям средних школ, колледжей, 
интересно  всем,  кого  волнуют  инновационные  педагогические  технологии  и 
проблемы формирования экологического сознания.
Учебно-методическое  пособие  для  средних  классов  средней  школы  «Эко-
логия окружающей среды» разработано ОФ «Центр «Содействие устойчивому 
развитию» по  заказу и при поддержке ГУ «Управления природных ресурсов и 
регулирования природопользования Мангистауской области». 
УДК 373.167.1:502.1 (075.3)
ISBN 978-601-239-451-1
© ОФ «Центр «Содействие устойчивому развитию», 2016

53
Управление природных ресурсов и регулирование  
природопользования Мангистауской области
Программа учебно-методического пособия  
«Экология окружающей среды»  
для средних классов средней школы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет