Гершунский Б.С. Философия образования для XX века (В поисках практико-ориентированных образовательных концепций) – М.: Изд-во Интер-Диалект+, 1997. - 456 с.
Кенжебеков Б.Т. Методологические подходы к исследованию развития профессиональной компетентности специалиста // Вестник Евразийского университета им. Л.Н.Гумилева. - 2002. - №6. - С.78-82.
Зеер Э.Ф. и др. Модернизация современного образования: компетентностный подход . – М.: МСПИ, 2005 . – 216 с.
Шишов С.К., Кальней В.А. Школа: мониторинг качества образования – М.: Педагогическое общество России, 1999. – 320с.
Хуторской А.В. Определение общепредметного содержания и ключевых компетенций как характеристика нового подхода к конструированию образовательных стандартов // http: www.eidos.ru (news) compet.htm
Бондаревская Е.В. Теория и практика личностно-ориентированного образования: монография. - Ростов на Дону: Изд-во РГПУ, 2000. - 352 с.
Әлеуметтік қызметкердің педагогикалық мәдениеті- клиентпен адами қарым-қатынасты дамыту мүддесінде, өз еңбегінің нәтижелігіне қол жеткізу үдерісі кезінде оның бойында адами факторды жандандыру мақсатында әлеуметтік сала маманында кәсіби іс-әрекеттегі педагог.
Арнайы әдебиеттерде адамды сипаттайтын педагогикалық мәдениет деңгейлері аталып өтіледі. Әлеуметтік қызметкерге қатысты бұл деңгейлерді былайша анықтауға болады.
Әлеуметтік педагогикалық мәдениет дамуының жоғары деңгейі әлеуметтік педагогикалық іс-әрекетке бейім, оны жүзеге асыру тәжірибелерін терең меңгерген, педагогикикалық өз-өзін жетілдіруге мүдделі және бұл тәжірибені күнделікті кәсіби іс-әрекетте белсенді шығармашылықпен жүзеге асыратын маманға тән. Мұндай маман өз тәжірибесінде жоғары нәтижелерге қол жеткізеді, сондықтан клиенттер онымен қарым-қатынаста ризашылық сезімде болады.
Орта деңгей әлеуметтік педагогикалық іс-әрекетке бейім нақты тәжірибе жинақтаған педагогикалық өзін-өзі жетілдіруді үнемі жүзеге асыратын, өз тәжірибесін кәсіби іс-әрекетте белсенді жүзеге асыратын маманға тән. Мұндай әлеуметтік қызметкер жұмысының педагогикалық аспектісі клиентпен байланыс орнатуға көмектеседі және жетістіктерде байқалады.
Төмен деңгей әлеуметтік қызметтегі педагогикалық аспектінің маңызын сезінбеген, кәсіби іс-әрекетке жай қызмет ретінде ғана қарайтын маманға тән. Онымен клиент қарым-қатынаста қанағаттанбаушылық сезімде қалады.
Маманның «өзгерген» мәдениетінің әртүрлері бар. Ол маманның бұрын алған тәрбиесі және кәсіби дайындығының деңгейімен анықталады. Бұндай мәдениеттің көріну формалары әртүрлі: дөрекіліктің байқалуы, клииентті сыйламаушылық, және тағы басқалар. Бұндай әлеуметтік қызметкерлерді екі топшаға бөлуге болады: қоғамда және адамдармен жұмыс істеуде өзін-өзі көрсетуі үшін қарапайым тәрбие алмағандар (олардың кейбіреуіне әлеуметтік жұмыспен айналысуына мүлде болмайды); бұрыс кәсіби білім алғандар (олардың ұстаздарының өзі маманның өзгерген типі).
Кейде әлеуметтік қызметкердің мәдениетінің деңгейін анықтауға оның әлеуметтік жағдайы: жас маман, кәсіби әрекетте бейімделу кезеңінен өткен, тәжірибесі мол тағы басқаларды негіз етіп алады. Мұндай көзқараспен келісу қиын. Адамның мәдениет деңгейі оның жасы мен әлеуметтік жағдайы ескере отырып бағаланады. Мысалы оқу орны түлегі жас маман мәдениетін меңгереді, сондықтан осыған сәйкес бағалануы тиіс, бірақ оның кәсіби деңгейі өскен сайын оның мәдениет деңгейін бағалайтын өлшемдер де жоғарылау түседі» [1, б. 202].
Адам мәдениеті- белгілі әлеуметтік ортада танылған және қалыптасқан, меңгерілген және күнделікті көрінетін мінез-құлық қарым-қатынас тәжірибесі.
Кәсіби мәдениет- жалпы мәдениеттің бір бөлігіғ ол қоғамның, ортаның, әлеуметтік прогрестің адамгершілік саулығы мүддесінде ғылыми ойлар мен практикалық тәжірибеге қол жеткізу арқылы көрінетін маманның меңгерген және күнделікті байқалатын кәсіби іс-әрекеті өнерінің деңгейі.
Бұл тұлғаның адамгершілік және эмоционалдық көріністерімен сипатталады.
Кейде адамның кәсіби мәдениетін оның кәсіби шеберлігімен теңдестіру кездесіп отырады. Бұндай бағдар маманның кәсіби шеберлігінде оның іс-әрекет мен нәтижеге қол жеткізу дағдысы байқалатындығына негізделеді.Адамды оның жалпы мәдениеті сипаттайды, педагогикалық мәдениет оның құрамды бөлігі болып табылады.
Педагогикалық мәдениет дегеніміз- адам бойында өзіне, басқа адамдарға, балаларға қарым-қатынаста меңгерілген және күнделікті өмірде көрінетін педагог өнерінің деңгейі. Адамның педагогикалық қасиеттерінің өмір сүру ортасында көріну сферасының барынша кең екенін ескере отырып, әлеуметтік педагогикалық мәдениетті атап көрсету керек. Ол- адамның жасына және өмір сүру сферасына сәйкес меңгерген және күнделікті көрінетін педагогикалық іс-әрекетінің әлеуметтік тәжірибесі.
«Әлеуметтік қызметкер кәсіби мәдениетті меңгеруі тиіс. Оның кәсіби іс-әрекеті адамдармен тікелей байланысты болғандықтан, әлеуметтік маманның педагогикалық мәдениетін атап өткен жөн. Ол маманның педагогикалық тәжірибені меңгеру деңгейі және кәсіби іс-әрекет үдерісінде көрінуімен сипатталады. Әлеуметтік қызметкер үшін педагогикалық мәдениеттің маңызы зор, өйткені ол ерекше күтімді қажет ететін, әлеуметтік проблемалары бар адамдармен жұмыс істейді. Адамдардың мұндай тобы мамандардан тікелей көмек күтеді» [2, б. 293].
Әлеуметтік маманның педагогикалық мәдениетін сипаттайтын аспектілерді анықтау үшін оның құрылымын, негізгі құрамдас бөліктерін, олардың мәнін зерделеу керек.
Әлеуметтік қызметкер клиенттің өзін-өзі дамытуда және тәрбиелеуде барлық жағдайларды жасау керек. Әлеуметтік қызметкердің негізгі міндеттеріне оның клиентпен қарым- қатынастағы міндеттері жатады:
әлеуметтік қызметкерлер клиентпен қарым – қатынастарын өзінің жеке мақсаттарына қолданбау қажет;
әлеуметтік қызметкерлер ұлттық, сексуалдық қарым – қатынастағы жылына, дініне, отбасылық статусына, саяси ориентациясына, физикалық немесе ақыл – ой кемшіліктері, персоналды мінездемелерінің негізіндегі әртүрлі формадағы дискриминацияға, дискуссияға қатыспауы керек. Керісінше, оның мақсаты осындай дискриминациялардың қандай да бір құралдарды қолдана отырып күресу;
әлеуметтік қызметкерлер клиентке зиян тигізетіндей қарым – қатынастан және байланстан алшақ жүруі керек;
әлеуметтік қызметкерлер қандай жағдай болмасын ешқашан клиентпен сексуалдық қарым- қатынасқа түспеуі керек;
әлеуметтік қызметкер клиенттің рискке түсуін, оның құқықтарын, қабілеттерін, міндеттерін, яғни әлеуметтік қызметпен байланысы туралы мәліметтер беру қажет.
әлеуметтік қызметкерлер ұжым мүшелерінің консультация және кеңес барысын қадағалап отыру керек.
әлеуметтік қызметкерлер клиентпен қарым- қатынасын қажет болған жағдайда тоқтату керек;
Әлеуметтік қызметкерлердің маманы клиенттің құпиясын сақтап және ақпараттарды таратпау керек:
әлеуметтік қызметкер белгілі клиенттің конфидициалды ақпараттарын тек клиент келіссе, ғана басқа адамдарға айтуға болады, оның өзі қажетті кәсіби жағдайларда;
әлеуметтік қызметкер берілген ситуацияда клиентке толық ақпарат беру тек көздеген мақсаттарда қолданылады және ол конфициалды болатынын түсінуі керек;
әлеуметтік қызметкер қажетті жағдайда, егер клиент сенбесе, яғни құжат негізіндегі жазып беретіндігін қамтамасыз етуі керек;
клиентті конфициодалдықты талап ететін қажет құжаттарын қамтамасыз ету, сондай-ақ әлеуметтік қызметте қызмет атқаратын басқа да қызметкерлер осы ақпараттарды жазуларды, ақпараттарды құпия сақтау керек;
әлеуметтік қызметкер магнитофонға ақпараттарды жазып алмас бұрын немесе қандай да бір тұлғаның үшінші бір инстанцияның қадағалауын тек клиенттің келісімін алып іске асыру керек.
Педагогикалық мәдениеттің ішкі және сыртқы құрамдас бөліктерін жіктеуге болады. Оларды әдетте маманның ішкі және сыртқы мәдениеті деп атайды.
Педагогикалық мәдениетті ішкі құраушы бөлікті көбіне адамның педагогика саласындағы білімі мен білігі деңгейімен теңестіреді. Бұндай бағдармен келісуге болмайды, өйткені адам кең көлемді білім мен білікті игеруі мүмкін, бірақ күнделікті өмірде, практикалық іс-әрекеттеқолдана бермейді. Бұл факт адамның білімі мен білігінің деңгейі сол саладағы құзіреттілігін ғана сипаттай алатынын көрсетеді. Адамның ішкі мәдениеті оның әртүрлі өмірлік жағдайдағы, кәсіби іс-әрекеттегі мінез-құлқын анықтайтын өзек, негіз болып табылады. Сондықтан бұл жерде адамның педагогика саласындағы білім мен білігі туралы емес, сонымен бірге қалыптасқан тұлғалық ұстанымдары, идеялдары, қажеттіліктері мен уәждері туралы болып отыр. Бұл айтылғандар әлеуметтік сала маманының ішкі мәдениетін негізгі құрайтын бөліктерді атап айтуға түрткі болады:
а) маман тұлғасының, оның жеке психологиялық және әлеуметтік-педагогикалық жетістігі мен кемшілігі ескерілген маман тұлғасының ішкі өзгешелігі –жекелік-тұлғалық деңгей.
б) кәсіби іс-әрекет кезінде жинақталған педагогикалық тәжірибені маманның меңгеру көлемі мен деңгейі. Бұны педагогикалық мәдениеттің теориялық деңгейі деп те атайды. Ол рационалды деңгейді айқындайды және әлеуметтік қызметкер қандай психологиялық-педагогикалық білімді меңгерді және қалай игерді, оны кәсіби іс-әрекетте қандай дәрежеде қолдана алатынын көрсетеді.
в) маманның обьектіге, әлеуметтік жұмысқа, оның нәтижесіне сезімтал қарым-қатынасы. Бұл құрамдас бөлік педагогикалық мәдениеттің сезімтал деңгейі, эмоционалы компоненті деп аталады. Бұл компонент әлеуметтік педагогикалық іс-әрекет кезінде тәжірибе жинақтау барысында қалыптасады, дамиды және бекиді. Осылайша маманның әлеуметтік жұмыс обьектісіне өз іс-әрекетіне деген сезімін; әлеуметтік жұмыс үдерісіндегі толқынысын; әлеуметтік педагогикалық іс-әрекет тәжірибесі үшін қажетті білімді дамытумен сипатталады. Сезімтал деңгей әлеуметтік қызметкердің педагогикалық іс-әрекетке деген әшкі қатынасын, педагогикалық өзін-өзі жетілдіруге қажеттіні анықтайды. Ол көп жағдайда ішкі адамгершілік мәдениетін сипаттайды. Маманның педагогикалық мәдениетінің рационалды және эмоционалды компонеттері тұлғаның өзі және оның еркі арқылы көрінеді.
Әлеуметтік қызметкердің педагогикалық мәдениетін сыртқы құраушы бөліктер –бұл маманның обьектіге, әлеуметтік жұмысқа, әлеуметтік педагогикалық іс-әрекетке, оның нәтижесіне деген күнделікті байқалатын қарым-қатынасын сипаттайды.
Маманның адам ретіндегі сыртқы қасиеттері мен кемшіліктері (сыртқа келбеті, әдеттері, мәнері және тағы басқалар)- педагогикалық мәдениет көрінісінің тұлғалық деңгейі;
Әлеуметтік жұмыс барысында көрінетін маман іс-әрекетінің педагогикалық аспектілері (обьектіге педагогикалық әсер ететін мінез-құлық, іс-әрекет)- педагогикалық мәдениеттің мінез-құлықтық деңгейі. Бұл деңгей маманның адамдармен, клиенттермен қарым-қатынасындағы күнделікті педагогикалық көріністі сипаттайды.
Маманның педагогикалық технологияны, әдістеме мен әдістерді, тәсілдер мен құралдарды меңгеру деңгейі-маманның педагог ретінде практикалық-педагогикалық деңгейі. Ол маманның нақты педагогикалық тәжірибені, педагогикалық іс-әрекет өнерін игеру дәрежесін, клиентпен жұмыстағы педагогикалық мүмкіндіктерді, сонымен бірге педагогикалық іс-әрекет нәтижелігін көрсетеді.
Маманның әлеуметтік жұмыс обьектісіне қарым-қатынасы-сыртқы қарым-қатынас деңгейі. Ол белгілі бір әлеуметтік жұмысты тиімді орындап, оның педагогикалық аспектілерін жүзеге асыра алады, бірақ әлеуметтік жұмыстың нәтижелігі нақты өмірлік жағдайларға және жеке тұлғалық ұстанымына байланысты болады. Сыртқы қарым-қатынас маманның обьектіге, басқа адамдармен қарым-қатынасының ерекшелігін, өз іс-әрекетінің нәтижелігіне қызығушылығын немесе селсоқтығын көрсетеді. Практика көрсеткендей, маманның сыртқы қарым-қатынасы оның сезімтал деңгейінің, яғни ішкі педагогикалық мәдениетінің көрінісі болып табылады.
Қазіргі таңда маманның обьектіге әлеуметтік жұмысқа және оның нәтижелігінедеген көзқарасы өзекті болып отыр. Әлеуметтік жұмыс көп жағдайда коммерциялық емес, мемлекеттік және ерікті түрде жүргізілетін іс-әрекет болып табылады.
Анықтап айтқанда, маманның ішкі педагогикалық мәдениеті оның меңгерген әлеуметтік педагогикалық мәдениеті осы маманның кәсіби іс-әрекеттегі өзіндік стилі болып табылады.
Әлеуметтік маманның педагогикалық мәдениетін құрайтын негізгі құрылымдық компоненттер мазмұнын қарастырайық.
Ең алдымен маманның өзі адам және тұлға ретінде нақты педагогикалық мәдениеттің қосындысы болып табылады.
Маманның жеке әлеуметтік педагогикалық тәжірибесі оның педагогикалық мәдениетінің негізгі өзегі болып табылады. Оған әлеуметтік қызметкердің тұлғасы, оның теориялық және практикалық тәжірибесі, тұлғалық-әлеуметтік қасиеттері жатады[3, б. 325].
Маман тұлғасы. Жеке психологиялық және әлеуметтік ерекшелігі бар тұлға арқылы теориялық және практикалық тәжірибе қабылданады. Маман тұлғасы деп-тұлғалық әлеуметтік-педагогикалық тәжірибені меңгеру және жинақтау жүретін оның ішкі әлемі.
Теориялық әлеуметтік тәжірибе- маманға педагогикалық білікті іс-әрекет жүргізуге қажетті медициналық, психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік, кәсіби білімдер. Психологиялық-педагогикалық білімдер педагогикалық іс-әрекет негізіне жатады; медициналық және әлеуметтік білімдер, маман ескеруі тиіс алдын-алулар мен болжамдар; кәсіби –ерекшеліктер және тағы басқа.
Практикалық тәжірибе әлеуметтік сала маманының әртүрлі клиенттермен кәсіби іс-әрекеті кезінде педагогикалық аспктілерді жүзеге асыру практикасында, белгілі-бір әлеуметтік проблемаларды шешу кезінде бекіген біліктер мен дағдылар. Бұл әлеуметтік қызметкер апробациядан өткізген, типтік жағдайларда қолдануға болатын білік пен дағдының қоры. Педагогикалық тәжірибенің мазмұнына енетіндер:
-маманның педагогикалық іс--әрекет өнерін меңгеру деңгейі (педагогикалық шеберлік);
-маманға әлеуметтік жұмыс үдерісінде тиімділікке қол жеткізу үшін педагогикалық аспектілерді толық жүзеге асыруға мүмкіндік беретін кәсіби маңызды тұлғалық қасиеттерді дамыту.
Педагогикалық шеберлік мына деңгейлерден құралады:
-маманның педагогикалық технологияларды, әдістер мен әдістемелерді, тәсілдер мен құралдарды меңгеруі;
-оның педагогикалық техникасын дамыту: өзін-өзі басқару; адамға вербальды және вербалды емес, тікелей және тікелей емес әсер ету, қарым-қатынас мәдениеті; сөйлеу мәдениеті;
Кәсіби маңызды қасиеттер кәсіби қызметкердің дербес өзгешелігін анықтайды. Оған жататындар: педагогикалық бағыттылық-тұлғаның педагогикалық іс-әрекетке бейімділігін, әлеуметтік жұмыс обьектісіне қарым-қатынасын сипаттайтын, жеке тұлға дамуы мен тәрбиесінің ерекшеліктері. Ол адамның қызығушылығы, қажеттілігі, уәждері, мақсаттары арқылы көрінеді. Адами қасиеттер бұл адамның жеке қырын көрсететін сапалар. Оған адамға, әлеуметтік жұмысқа, әлеуметтік педагогикалық іс-әрекетке қарым-қатынастағы жалпы адами құндылықтарды көрсететін мораль нормалары; адамгершілік сезімдері: адамгершіліктің күнделікті көрінісінен қанағаттану, клиентке, оның әлеуметтік проблемаларын шешуге ұмтылу; адамның шешілмеген әлеуметтік проблемалары, сақталмаған моральдық нормалары үшін қанағаттанбау. Бұл маманның ар-ұят, борыш сияқты сезімдерінен құралады, бұлар адамгершілік әдеттердің қалыптасуына себеп болады.
Коммуникативті қасиеттер- жылдам және дұрыс қарым-қатынас құра білу қабілеті. Әлеуметтік қызметкер өзінің көмегі қажет адаммен үнемі қарым-қатынаста болады. Оның іс-әрекетінің тиімділігі осы қарым-қатынасты құру шеберлігіне байланысты болады. Коммуникативті қасиеттерге жататындар:
*қарым-қатынастағы байланысқа түсу-клиенпен өзара тиімді қарым-қатынасқа ене алу;
*әрбір адам белгілі бір дәрежеде басқа адамға әсер ете алады. Г.К. Лизанов «суггестопедия» терминін енгізді. Ол оқыту процесінде әсер ету әдісін қолдануды білдіреді. Бұл клиентпен әлеуметтік жұмыс үстінде әсер ету әдісін пайдалану қабілетін білдіреді. Яғни маманның өз беделін, тұлғасын қолдана білуі және клиентпен жағымды қарым-қатынас жасай отырып, оны қызықтыра білуі, өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылдыру жағдайларында көрінеді» [4, б. 56].
Перцептивті, әлеуметтік перцептивті қасиеттер. Бұл әлеуметтік обьектілерді адамдардың қабылдауы және түсіну, бағалау. «Әлеуметтік перцепция» терминін алғаш рет американдық психолог Дж. Брунер енгізді. Әлеуметтік қызметкердің әлеуметтік перцептивті қасиеттері клиенттің жағдайын, өзінің ішкі жан дүниесі секілді көру және түсіне алу қабілетін білдіреді. Оған жататындар:
Педагогикалық байқағыштық. Клиент пен өзінің ерекшелігін көре білу. Әлеуметтік қызметкер үшін өзін және басқа тұлғаны байқай алу қабілеті маңызды болып саналады;
Педагогикалық интуиция. Адамның тұлғасы мен ішкі жан-күйі ерекшелігінің өзара байланысын, оның жекелеген сипаттарын өзгеру мүмкіндігін көре алу қабілеті. Ол әр алуан клиеттермен әлеуметтік жұмыстың практикалық тәжірибесі негізінде қалыптасады;
Рефлекция-өзіңді басқа адамнын көзімен көре алу қабілеті. Әлеуметтік сала маманы адамдармен жұмыс істейді, сондықтан сондықтан өзін сырттай көре алу білігі өзінің мінез-құлқына сыни көзқараспен қарауға және өзінің кәсіби іс-әрекетін жауапкершілікпен бағалауға көмектеседі. Бұл өзінің кемшілігін түсініп, өзін-өзі жетілдіру бағытында жұмыс істеуге жетелейді;
Педагогикалық ойлау- бұл әлеуметтік қызметкердің кәсіби іс-әрекетүстінде психологиялық-педагогикалық білімін саналы түрде қолдану, педагогикалық жағдайларды зерделеп шеше алу қабілеті;
Педагогикалық қиялдау. Бұл маманның әлеуметтік жұмыс үстінде өзінің және клиентінің мінез-құлқын, оның өзгеру динамикасын алдын ала көре алу қабілеті. Ол маманға әлеуметтік мәселе шешу тәсілдерін анықтауға көмектеседі. Әлеуметтік мәселелері бар адаммен кездесу кезінде маманның ішкі толқынысын сипаттайтын эмоционалды қасиеттерге жататындар:
Эмоционалды тұрақтылық. Кәсіби іс-әрекеттің әртүрлі жағдайларында әлеуметтік қызметкердің өзін-өзі ұстауына ықпал ететін өз-өзін реттеу, өзін-өзі меңгеру қабілеті. Бұл әлеуметтік қызметкер іс-әрекетінің тиімді болуының маңызды шарты, өйткені ол әртүрлі жағдайларда өзінің жай күйін бақылауда ұстап, саналы дұрыс шешім қабылдауға, мақсатқа қол жеткізуге көмектеседі;
Эмпатия( лат. empatheіa ) – өзге адамдардың жан дүниесін түсіну мен жай-күйін ұғыну қабілеттілігі. Эмпатия адам бойында жиі кездесетін, өзіндік мән-мағынасы бар ерекше сезім. Оның айқын көрінісі – өзге адамдардың қайғы-қасіреті мен қиыншылықтарына ортақтасып, оларға жанашырлық білдіру, сол арқылы өзгенің ауыр психикалық жай-күйін өз басынан кешіргендей халге түсуі. Эмпатияны алғаш рет АҚШ психологы Э.Титченер (1867 – 1927) зерделеді. Ол философиядағы “ұнату” сезімінің теориялық негіздеріне сүйене отырып, жанашырлық сезімнің салыстыру мен ұқсату тәсілдерімен түсіндірілетін танымдық негіздерін ашып көрсетті. Сол арқылы адамның күйзеліске түсу себептерін ғылыми тұрғыда жүйелеп шықты. Cезімнің адам бойында жиі кездесетін, өзіндік мән-мағынасы бар ерекшелігі. Эмпатия өзге адамдардың жан дүниесінің сыры мен күй-жайын білу қабілеттілігі және оған жанашырлық білдіру. Эмпатия айқын көрінісі — идентификация. Бұл адамның өзге адамның психикалық жай-күйін өз басынан кешіргеңдей халде болуы.
Әлеуметтік қызметкердің әлеуметтік педагогикалық мәдениетін қалыптастырудың жолдары өте көп.
Бірінші жолы- маманның жалпы мәдениетін жоғарылатуға жағдау жасау. Себебеі ол жеке тұлғаны анықтайды және оның педагогикалық мәдениетінің көрінуіне көмектеседі.
Екінші жолы- әлеуметтік қызметкердің жеке педагогикалық тәжірибесін кеңейту және тереңдету. Оған енетіндер:
Маманның медицина, психология, педагогика және әлеуметтік саладағы теориялық дайындығын көтеру. Бұл білімдер маманның педагогикалық дайындығын сипаттайды және жұмыстағы кәсіби құзіреттілігін анықтауға мүмкіндік береді;
Маманға әлеуметтік салада практикалық қолдануға қажетті педагогикалық технологияларды, әдістер мен әдістемелерді, тәсілдер мен құралдарды меңгеру;
Педагогикалық техниканы дамыту, бұл маманға әлеуметтік жұмыс кезінде өзінің педагогикалық мүмкіндіктерін толық жүзеге асыруына жағдай жасайды: өз-өзін басқарудың, адамға вербальды және вербальды емес әсер ету біліктерін, біліктерін, қарым-қатынас және сөйлеу мәдениетін жетілдіру
Әлеуметтік салада өзінің педагогикалық дайындығын жүзеге асыру тәжірибесін жинақтау.
Үшінші жолы- әлеуметтік жұмыс үдерісінде әлеуметтік педагогикалық дайындықты барынша белсенді қолдануға жағдайлар жасау.
Төртінші- әлеуметтік жұмыс үдерісінде педагогикалық аспектілерді жүзеге асыру барысында маманның өз дербестігін көрсете алуы.
Бесінші- өз тәжірибесінде педагогикалық дайындығын белсенді жүзеге асыратын жетекші мамандар тәжірибесін зерттеу және қолдану.
Алтыншы- әлеуметтік қызметкердің педагогикалық және кәсіби өз-өзін жетілдірудегі табандылығы мен мақсаттылығын қамтамасыз ету.
Әлеуметтік сала қызметкерінің әлеуметтік педагогикалық мәдениетін дамытудағы басты роль оның өзіне қатысты. «Педагогтың кәсіби өзіндік білім алу мәдениеті» деген ұғым да бар. Өз бетінше білім алу мәдениеті болашақ әлеуметтік қызметкер бойында, оқу орнында білім алу, кәсіби беку жағдайында қалыптасады. Ол жас маманның қызметке бейімделу кезеңінде, оның кәсіби іс-әрекеті үстінде дами түседі.
Жоғарыда айтылған жолдардың бәрі әлеуметтік сала қызметкерлерінің педагогикалық мәдениетінің арттыру проблемаларын жекелей шеше алмайды, тек кешенді түрде және маманның өзінің қызығушылығы ғана оның әлеуметтік педагогикалық мәдениетін көтеру проблемасын шешуге ықпал етеді.
Қазіргі біздің қоғамда «әлеуметтік қызметкер» мамандары адамдарға қажет. Халықтың әртүрлі категориясымен әлеуметтік жұмыс түрлерін жүргізу арқылы мәселелерін шешіп өмірге деген талпыныстарын арттырады.