Әдебиеттер:
1. Левитан К.М. Основы педагогической деонтологии. - М., 1997. – 202 с.
2. Василькова Ю.В. Методика и опыт работы социального педагога М., Академия , 2008.-293с.
3. Бербешкина З.А. Этика социального работника // Теория и практика социальной работы: проблема, прогнозы, технологии. – М., 1998.-325с.
4. Технологии социальной работы: Учебник/Под общей ред. Проф. Е.И. Холостовой. - М., 2001.-56с.
Туткышева Г.Т., Абдрашева Б.Ж., Ахметова И.А., Нурланова С.С.
МИГРАНТ ОТБАСЫЛАРЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
Көші-қонның нәтижесінде балалар ауыр жағдайға тап болады. Көптеген мигранттар қаржылық сәтсіздікке, өмір сүруге қаражаттың болмауы, терең психологиялық стресс жағдайына түседі, бұл стрестік жағдай тек оларға ғана емес , сонымен қатар ол жанама және тікелей қоғамның адамгершіліктік-психологиялық атмосферасына да әсерін тигізеді. Мекен- жайды ауыстырудың нәтижесінде мигрант отбасылардың балалары көптеген қиындықтармен кездеседі. Мекен- жайды ауыстырумен байланысты өмірлік маңызды мәселелерді шешуге талпынған көптеген ата -аналар, бала кешіп жатқан психикалық жарақаттарға аса мән бермейді. Қоныстанушылардың психологиялық жағдайының сипаттық белгілерінің бір категориясы «жоғалту» деп аталады. Бұл жағдайда балалар өздерінің тұрғын -үйлерінен, жеке затттарынан, достарынан, тіпті кейде жақын туысқандарынан айырылады. Осы аталғандардың барлығы психикалық күйзелістерге әкеледі. Әсіресе ұлтаралық шиеленістер мен әскери аймақтардан ата-аналарсыз қоныстап келген балалар ерекше ауыр жағдайға түседі. Кейбір балалар тұрғын-үйлерден айырылып, панасыз кейде қаңғыбастар категориясына жатады[1, б.17].
Жақын адамдардан айырылудың нәтижесінде бұл балалар өмір сүруге қаражатты жеке өзбеттерімен, кейде заңсыз тәсілдермен (зорлық-зомбылық, тонау, ұрлау және т.б.) табуға мәжбүр. Келесі айта кететін мәселе баланың білім беру мекемелеріне баруымен байланысты психологиялық сәт. Бұл балалардың өзін -өзін анықтауына әсерін тигізеді. Мысалы тілді және мәдениетті білмеу және т.б.
Қазіргі таңда мигрант отбасылардың балаларын құқықтық, экономикалық және әлеуметтік қорғау мемлкеттік басқару органдары үшін аса өткір және маңызды саяси мәселе болып табылады. Қазіргі уақытта халықты әлеуметтік қорғау органдыры мигранттармен жан-жақты жұмыс жүргізуде. Әлеуметтік қызметкер көмек сұрауға келген адамға оның жеке әлеуметтік, экономикалық, құқықтық және т.б. мәселелерін шешуге көмектеседі, қажетті әлеуметтік байланыстарды қалыптастыруға және бекітуде әрекет етеді. Әлеуметтік жұмыста мигранттармен жұмыстың екі негізгі аспектісі бар: практикалық әлеуметтік жұмыс (әлеуметтік көмекті қажет ететін нақты адаммен немесе топ адамдарымен) және ұйымдастырушылық жұмыс (әлеуметтік қызметкердің жұмысын ұйымдастыру және құрастыру, нақты бағдарламаларды, шаралардың жоспарларын өңдеу. Мигранттармен практикалық әлеуметтік жұмыс келесі негізгі бағыттарда жүргізіледі: 1 Әлеуметтік бағыт (жұмыс түрлі ведомстволар контекстінде жүзеге асырылады) оған: кеңес беру, стационарлы және стационарлы емес жағдайдағы әлеуметтік оңалту бойынша шаралар; әлеуметтік көмекті ерекше қажет ететін адамдарды анықтау; әлеуметтік диагностика; жәрдемақы және зейнетақы алуға көмектесу; өзара көмектесу және өзін-өзіне көмектесу топтарын ұйымдастыруға әрекеттесу; мигранттардың ішінен асоциалды отбасыларды және девиантты мінез-құлқы бар адамдарды анықтау және де девиантты мінез құлықтың алдын-алу; мигранттардың ішінен мүгедек және қарттардың мәдени-бос уақыт жұмыстарын ұйымдастыру; панасыздықты, жатақхана алуға, уақытша тұрғын -үйді немесе жеке тұрғын-үйді алуға көмектесу және балалар қаңғыбастығын алдын -алу; мигранттарға мүліктерін қайтарып беруге және оларға өтемақыны алуға әрекет ету; мигранттарға көмектесу мәселелері бойынша айналысатын түрлі мемлекеттік мекелермен және қоғамдық ұйымдармен өзара әрекет ету. 2 Ақпараттық бағыт (бұл жұмыс бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесіп жүргізіледі): әлеуметтік қызмет көрсету іс-әрекеттері туралы мигранттарды ақпараттандыру; мигранттар туралы ақпарат жинау және оны жүйелеу, мигранттармен тұрақты әлеуметтік байланыстарды орнату мақсатында мигранттарды және көші-қон мәселелерін қоғамдастыққа дейін жеткізу, көші-қон мәселелерін бұқаралық ақпарат құралдарында ағарту. 3 Құқықтық бағыт (сот және құқық қорғау органдары контекстінде жүзеге асырылатын жұмыс): мигранттардың құқықтарын қорғау; мигранттарға олардың құқықтық міндеттері туралы ақпарат беру; құқықтық кеңес беру. 4 Медициналық-әлеуметтік бағыт (денсаулық сақтау қызметттері контекстінде жүзеге асырылатын жұмыс): медициналық-әлеуметтік кеңес беру; дәрігерлікке дейінгі медициналық көмек көрсету; медициналық сақтандыру полисін алуға көмектесу; әлеуметтік-психиатриялық диагностика және көмек; дәрі-дәрмек және т.б. медициналық құралдарыды алуға көмектесу; емдеуге қаржыны бөлуге; мамандырылған медициналық мекемелерге бағыттау; мигранттардың тұрғын -үй санитарлық жағдайын бағалау. 5 Психологиялық бағыт (денсаулық сақтау және білім беру органдары контекстінде жүзеге асырылатын жұмыс): психологиялық кеңес беру; әлеуметтік бейімделудегі психологиялық түзету және көмек көрсету; посттравмалық стрестің жағдайында және өткір кризистік жағдайындағы психологиялық көмек; ата-аналарды аутотренингетрге және психологиялық өзін-өзі реттеуге оқыту; бала және жасөспірімдердің дамуының психологиялық диагностикасы. 6 Әлеуметтік-педагогикалық бағыт (блім беру, денсаулық сақтау және құқық қорғау органдырмен бірлесіп жүзеге асырылатын жұмыс) бала тәрбиесі және отбасы мәселелері бойынша кеңестерді жүргізу; бала және жасөспірімдермен әлеуметтік -педагогикалық жұмыс; қажет ететін балалар мен жасөспірімдерге мамандырылған коррекциялық, әлеуметтік-педагогикалық көмек; оқуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерге әлеуметтік-педагогикалық көмек; мигранттардың ішінен жасөспірімдер мен жастарға кәсіби білім алуға әрекет ету және кәсіби кеңесберу; девиантты мінез -құлықты алдын алу; балалар мен жасөспірімдерге бос уақыттарын ұйымдастыру шараларын жүргізу. 7 Материалдық және қаржылық бағыт материалдық қаржылық көмекті ұсыну (ссуда, тамақ өнімдері, киім -кешек, дәрі-дәрмек, құрылыс материалдары және т.б.). 8 Экономикалық бағыт- экономикалық мәселелер бойынша кеңес беру. 9 Еңбектік бағыт (жұмыспен қамту қызметтерімен бірлесіп жұзеге асырылатын жұмыс): жұмысқа орналасуға көмектесу; еңбек мәселесі бойынша кеңес беру; жұмыспен қамту және кәсіби бағдар; кәсіби даярлау және қайта даярлауға көмектесу [2, б.19]. Мигранттармен әлеуметтік жұмыстың ұйымдастырушылық аспектісі келесі негізгі міндеттерді шешеді: - көші-қон мәселелерімен айналысатын халықаралық және отандық ұйымдармен, мекемелермен, қызметтермен, ғылыми мекемелермен байланыс орнату; - мигранттар және көші-қон мәселелерін шешуге бағытталған түрлі ведомствалар және мекемелермен, мемлекеттік және жергілікті құрылымдармен, Қазақстан Республикасының қоғамдық ұйымдары және қорларымен және олардың субъектілері арасында әрекет ету; - мигранттарды әлеуметтік қорғау жүйесіне үкіметтік емес сектордың рөлін күшейту; - нақты аймақта қолданылатын мигранттарға әлеуметтік көмек көрсету мекемелерінің қызмет етуінің оптималды әлеуметтік стандарттарын өңдеу; - мигранттарды әлеуметтік қорғау мекемелерінің түрлі формаларын ұйымдастыру (оңалту орталықтары, дағдарыс орталықтары, интернат-үйлер, кеңес беру пунктері, көмек беру пунктері және т.б.); - мигранттармен жұмыс істейтін мамандарды дайындау жіне біліктілігін жоғарлату (әлеуметтік қызметкерлер, әлеуметтік педагогтар және т.б.); - көші-қон мәселелері бойынша түрлі жоспардағы зерттеулер жүргізу. Әлеуметтік қызметкер мигрант отбасылардың ауыр жағдайда тұрғанын, яғни барлық мәселелерін ескеру қажет. Сондықтан мигрант отбасылардың балаларымен әлеуметтік жұмыс барысында отбасының үлкен адамдарының келесідей негативті стереотиптерін алдын-алу қажет: - көптеген жақын адамдардың баланы оның мәселелерімен психологтың, әлеуметтік қызметкердің немесе психотерапевтің әрдайым қамқорлығына алуды; - оңалтудың әдістері мен тәсілдерін қолданудың комплексті қажеттілігін түсінуден бас тарту; - позитивті және жаңа негативті белгілердің бірлігінен баланы эмоционалды қабылдаудан бас тарту. Осы аталғанның барлығы ескере отырып, мигрант баланың – ата-аналарымен әлеуметтік жұмыстың маңыздылығы туралы айтқан жөн. Ата-анамен жұмыс жүргізуде келесідей әдістерді қолдануға болады. 1. Отбасын және отбасында баланы тәрбиелеу процесін зерттеу. Оның мақсаты – бала туралы қайта бағыттағы ақпараттарды жинау, тексеру және гипотезаларын айқындау. Алынған ақпараттарды баланың әлеуметтік картасына енгізу. 2. Баланың психикалық денсаулығындағы ауытқу себептерін талқылау және түсіндіру. 3. Терапияның барысында болашақ ынтымақтастық туралы келісімді қорытындылау және психолого-педагогикалық әрекет ету сипаты туралы мәселені шешу. 4. Ата-аналар үшін мамандармен бірлесіп ұсыныстарды өңдеу. Оған келесідей ұсыныстар болуы мүмкін: - тиімді әдістерді қолданудың көмегімен балалармен қарым -қатынасқа түсу тәсілдерін оқыту (ойынтерапиясы, изотерапия, музыкатерапия, библиотерапия); - өзін-өзі реттеу және өзін -өзі бақылаудың қарапайым дағдыларын игеру; - баланың мінез-құлқындағы позитивті өзгерістерін бекітуде іскерліктерді өңдеу. 5. Жұмыстың нәтижелерін бірлесіп бағалау және болашақта ұсыныстар беру. Ата-анамен жұмыс жүргізуде әлеуметтік қызметкер жұмыстың индивидуалды және топтық формаларын қолданады. Индивидуалды формаға – индивидуалды кеңес беруді жүргізу, баланы тәрбиелеудің ерекшеліктерін және әр отбасының ерекше мәселелерін зерттеу жатады. Топтық жұмыстың формалары ата-аналарды олардың балаларын тәрбиелеу ерекшеліктерімен таныстыру мақстаныда ата-аналық дәрістерді құру қолдануды ұсынады.
Ата-аналарға арналған дәрістер келесідей тақырыптарға арналуы мүмкін: «Босқындар жағдайындағы блалардың тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі», «Қиын баланы тәрбиелеу», «Балалардың психикалық бұзылыстары және мінез-құлқындағы ауытқулар мәжбүрлі миграцияның нәтижесі ретінде», «Психикалық бұзылыстар және мінез -құлқындағыауытқуларды алдын-алу». Топтық жұмыстың қосымша позитивті нәтижесінің формаларына тиімді терапевтік әдістерде жатады (ойынтерапиясы, изотерапия, музыкатерапия, библиотерапия). Сонымен қатар дәстүрлі әдістердің жұмыстарын қолдануға болады – бала мен ата-аналар үшін бірлескен ұжымдық шығармашылық жұмыстар: отбасы күндерін, конкурстарды, викториналарды, шығармашылық көрмелерді, жарыстарды ұйымдастыру [3, б.54]. Мигрант отбасыларға және олардың балаларына әлеуметтік көмектің тармақталған жүйесіндегі әлеуметтік қызметкердің рөлі бір жағынан, оқу-тәрбие мекемелері мен әлеуметтік қызметтердің және бір жағынан, мұғалім, тәрбиеші мен ата-аналардың арасындағы делдалдықпен ұштасып жүреді. Отбасылардың қайта қосылуы ХЕҰ-ның № 143 Конвенциясы сияқты, Барлық еңбекші-мигранттардың және олардың отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғау туралы Халықаралық конвенция да еңбекші-мигранттар отбасыларының қайта қосылуына жәрдемдесу жөнінде шаралар қабылдау қажеттігін көздейді. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан заңнамасының отбасылық иммиграцияны көші-қон түрлерінің біреуі ретінде қарастыратынын атап өткен жөн. Иммигрант отбасының мүшесі ретінде әйелі немесе ері олардың ата-аналары мен асырауындағы балалары, сондай-ақ бұрынғы тұрған жерінде оларды асырауға міндетті болған, ата-анасы немесе қамқоршысы жоқ, кәмелетке толмаған бауырлары, сіңлі-қарындастары танылады. Сонымен, ұлттық заңнамада иммигрант отбасының құрамы жоғарыда аталған конвенциялардағыға қарағанда, біршама кең анықталған және белгілі бір жағдаяттарда кәмелетке толмаған бауырлары мен сіңлі- қарындастарын да қамтиды. Оралмандарға қатысты, ұлттық заңнаманың, оның ішінде иммиграцияға жыл сайынғы квоталар жөніндегі ережелері, ең алдымен, отбасылық иммиграцияны қолдауға бағдарланған. Еңбекші-мигранттар отбасыларының қосылу құқығы заңнамалық деңгейде айқындалмаған, дегенмен, шетелдіктерге елге келу рұқсаттарын беруді құқықтық реттеу тәжірибесі осы құқықтың іске асырылуына елеулі шектеулер белгілемейді. Халықтың көші-қоны туралы Заң бұл құқықты Қазақстан Республикасында болуға және кетуге қажетті қаражатының болуы туралы растаманы ұсынбаған жағдайда, еңбекші- мигранттардың отбасы мүшелеріне келуге рұқсат берілмеуі мүмкіндігімен шектейді. Бұл талапты орындау үшін мынадай қаражаттың болуын растау қажет:
• ол аумағында тұрақты мекендейтін мемлекеттің ең жақын әуежайына дейін эконо класс авиабилетінің құнынан кем болмайтын мөлшердегі;
• ТМД елдерінен ол аумағында тұрақты тұратын мемлекеттің ең жақын бекетіне дейін теміржол (купеленген вагон) немесе автомобиль көлігі билетінің құнынан кем болмайтын мөлшердегі;
• елде болған әрбір күніне 68 екі еселеген айлық есептік көрсеткіштен кем болмайтын.
Отбасы мүшелерінің болуына және кетуіне қаражаттың болуын растау Шетелдіктердің Қазақстан Республикасына келуінің және болуының ережесіне тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін міндетті талап болып отыр. Жоғарыда көрсетілген талаптар, Қазақстан Республикасында немесе Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында туған немесе бұрын осы елдің азаматтығы болған оралмандардың отбасы мүшелеріне қолданылмайды. Бұған қоса, Қазақстанның Қырғызстанды, Өзбекстан мен Тәжікстанды қоса, еңбекші-мигранттардың көптеген шығу елдерімен визасыз жүріп-тұру режимін қолдайтынын есте ұстау керек.
БҰҰ-ның экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жөніндегі комитетінің Денсаулықтың ең жоғары қол жетімді деңгейі жөніндегі негізгі түсініктемесінде мемлекет денсаулыққа құқықты, мәртебесі реттелмеген мигранттарды қоса, мемлекеттік саясатта кемсітушілік тәжірибелерін жүргізуден бас тарта отырып, барлық адамдардың денсаулық сақтаудың профилактикалық, емдеу және паллиативтік қызметтеріне теңдей қол жеткізуінен бас тартудан немесе шектеуден тартыну жолымен құрметтеуге тиіс деп көрсетіледі. Барлық еңбекші-мигранттардың және олардың отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғау туралы Халықаралық конвенцияда мерзімді медициналық жәрдем барлық еңбекші-мигранттар мен олардың отбасы мүшелері үшін қол жетімді, және келуге немесе жұмысбастылығына қатысты қандай да болмасын ауытқуларға байланысты жәрдем көрсетуден бас тартуға болмайтындығы белгіленген.
Тәжірибе жүзінде еңбекші-мигранттар үшін лайықты тұрмыс жағдайларының болуы тұрғын жай жетіспейтін бірқатар елдер мен аймақтарда, әсіресе муниципалды тұрғын жай тапшылығы байқалатын немесе жекеменшік үйді еңбекші-мигранттардың, соның ішінде отбасылы тұлғалардың қаражаты көтермейтін ірі қалаларда төтенше мәселеге айналуы мүмкін.
Сонымен бірге, ұлттық заңнама уақытша халықаралық мигранттардың балалары үшін мектепке дейінгі тәрбие және оқу мекемелері мен жалпы білім беру мектептеріне қатынау мүмкіндігіне қатысты тікелей тыйымдарды белгілемейді әрі еңбекші-мигранттардың балаларына белгілі бір мүмкіндіктер береді. Мәселен, баланы бірінші сыныпқа қабылдау кезінде ата-аналарынан мекен тіркелу орнын растайтын құжатты ғана тапсыру талап етіледі.
Алайда, тіпті, көршілес Орта Азия мемлекеттерінен келген еңбекші-мигранттардың балаларымен де оқу бағдарламалары мазмұнындағы айырмашылықтарға байланысты, мектепте білім алу мүмкіндігіне қатысты түйінді мәселе туындауы мүмкін. Осыған байланысты оқу мекемесіне қабылдау туралы мәселе білім беру ұйымы әкімшілігінің қарауына қалдырылуы мүмкін. Мигранттардың балаларының кәсіптік-техникалық мектептер мен колледждерде оқу мүмкіндігі анағұрлым реттелген сипатқа ие. Шетелдік азаматтар мен елде тұрақты мекендеу құқығын алған азаматтығы жоқ тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын қазақ ұлтының өкілдері Қазақстан азаматтарымен тең жағдайға ие[4, б.105].
Достарыңызбен бөлісу: |