Орталық азия инновациялық


Сабақтың аяққы кезеңінде (үйренгенді айқындау) қолдануға болатын тәсілдер



бет29/39
Дата04.10.2022
өлшемі238,02 Kb.
#41280
түріЛекция
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   39
Байланысты:
lek 2131 163248.618

3.Сабақтың аяққы кезеңінде (үйренгенді айқындау) қолдануға болатын тәсілдер.


Бұл кезеңде оқушылардың жаңа мағлұмат бойынша ойланып, ол жөнінде өзара пікір алмасу мен талқылауды ұйымдастырады. Оқушылар осы сабақта білгендері мен үйренгенін тұжырымдайды, олардың қолданысы туралы пікірлесіп, проблема шешуге қолданады.
Қолданатын әдістер: эссе, шығу парағы, конференция, дөңгелек стол, т.б.
Эссе- оқушының сабақта қарастырылған тақырып жөнінде өз ойлары мен түсініктерін, идеяларын келтіретін бағалау тәсілі.
Дөңгелек стол- қарастырылып отырған тақырып бойынша белгілеген уақыт аумағында өз ойларын ауызша ортаға салу.
БББ әдісі- білемін, білгім келеді, білдім. Мысалы: «Жасушаның құрылысы» тақырыбы бойынша (6 сынып)


Білемін

Майда ұяшықтар-жасуша, мөлшері өте кішкентай, зат алмасу
жүреді.

Білгім
келеді

Жасушаны қалай көруге болады, өсімдік пен жануар
жасушасының айырмашылығы бар ма?

Білдім

Микроскоптың құрылысы, микропрепарат дайындау,
жасушаның құрылысын.



Бұрыштар ( пікірталас) ерекшелігі: алдымен мәселе қойылады, бинарлы жауабы бар сұрақтар беріледі ( ия, жоқ, мүмкін) Сыныпты 3 топқа бөледі:1 топ-ия, 2 топ-жоқ, 3 топ-мүмкін идеясын жақтайды. Мысалы, вакуольдің өсімдік үшін пайдасы бар ма?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет