Орталық азия


«Программалау есептерін шығару практикумы» пәнінен білім алушының өзіндік жұмысын ұйымдастыру



бет3/12
Дата22.06.2023
өлшемі290,5 Kb.
#103102
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
«Программалау есептерін шығару практикумы» пәнінен білім алушының өзіндік жұмысын ұйымдастыру

Пән бойынша студенттің өзіндік жұмысын (БӨЖ), оқу ізденіс жұмысын (ОІЖ), ғылыми-ізденіс жұмысын (ҒІЖ) айыра білу қажет, БӨЖ әрбір тақырыпта кездеседі, оқу жоспар шегінде жүргізіледі, пәнді меңгерудегі міндетті элемент болып табылады.


Білім алушының оқу ізденіс жұмысы жеке тақырып бойынша ұйымдастырылады, сондықтан ол терең меңгеруді талап етеді, ол бойынша практикалық сабақтар қойылған, студент ғылыми ізденіссін жалғастыра алады, эксперементтер жүргізу және түрлі нұсқаларын қарастыру арқылы. «Программалау есептерін шығару практикумы» пәні бойынша – бұл эссе, баяндама жазба, тақырып бойынша реферат, презентация дайындалуы мүмкін.
БӨЖ нәтижесі көп жағдайда дұрыс жоспарланумен анықталады.
БӨЖ материалды өз бетінше меңгермен және үй жұмысын орындау.
ОББӨЖ – аудиториялық сабақта оқытушының көмегімен материалды меңгеру (Office House). БӨЖ және ОББӨЖ тапсырмалары практикалық сабақта жүргізіледі, сондықтан барлық оқу материалдары Syllabusта ұсынылған.
Дәріс конспектісі білім алушыға тақырыпты меңгеру барысында жол көрсетіп отырады. Пәнді жеткілікті түрде меңгеру үшін білім алушы міндетті түрде барлық ұсынылған әдебиеттерді қарастыруы қажет және өзіндік жұмыстың толық көлемін орындауы керек.
Тест тапсырмалары білім алушының пән бойынша өз білімін тексеруге көмектеседі.

  1. Жүргізіп(тез) оқу (Skim) – «Бағдарламалық оқытуға (Syllabus)» сәйкес берілген материалды оқу.

  2. Тақырып бойынша шолу (Review) – қысқаша түрде әдебиеттен 1-2 бет жазба жұмысын ұсынылған тақырып бойынша шығарылымдардағы қосымша материалдарды және интернеттегі ақпарат ресурстарын пайдалана отырып жазу.

  3. Глоссарий жазу (Glossary) – ұғымдар мен терминдер анықтамасын түсіндіріп жазу.

  4. Презентация (Presentation) – таңдаған тақырыбы бойынша білім алушының өз ойын – пікірін дүниетануын білдіруі және оны қорғауы. Презентация тақырыпты қалай айқындауы, ашуы, қызықтыруымен бағаланады (8-10 минут).

  5. Айқындап жағдайды үйрену- нақты жағдайларда қойылатын сұрақтарға өз ойынша жауап беру немесе жауаптарды өзінше жобалау.

  6. Іскерлік ойын (Business Game) – Болашақ мамандығына қажетті дағдыларды қалыптастыру мақсатында келешек мамандығында атқаратын жұмыстарын ойын ретінде белгілі рольде, топта ойнау (алдын-ала дайындалу керек).

  7. Топтық жоба,- 4-5 білім алушыдан құралған топтар, оқу материалы бойынша өз жобаларын жасап, оларды қорғайды. КТК (КВН) түрінде өткізуге болады.

  8. Жеке жоба - маңызды және өте қызық ғылыми зерттеулер нәтижелері, жетістіктерді қамтитын баяндамалар білім деңгейі жоғары студенттер ұсынысы бойынша тақырыпқа сәйкес жасалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет