Орталық азия



бет14/19
Дата14.09.2023
өлшемі315 Kb.
#107109
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Практикалық сабақ

Қарсы сұрақ қоюшы-бір оқушы басқа тоқушылардың айтқан пікірлеріне келіспей әдейі сұрақ қояды. Бұл сұрақтарға басқа оқушылар жауап берулері керек. Бұл оларда өз пікірлерін басқа біреулерге дәлелдеуді үйретеді.
Тапсырма № 1.
1.Кейс технологиясын қалай түсінесің?
2.Кейс технологиясында жүргізілетін жұмыс түрлері.
3.Кейс технологиясына негізделген бір сабақ жоспарын түз.
4.Бастауыш сыныпта сөйлеу жұмыстары қалай жүреді.


Пайдаланылған әдебиеттер:

      1. Сейтенова, С.С. Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың теориясы мен әдістемесі [Мәтін]: Оқу құралы / С.С. Сейтенова.- Алматы: ТОО "Лантар Трейд", 2018.- 273б.-

  1. Ысқақ, Б.Бастауыш сыныпта сауат ашу теориясы мен әдістемесі [Мәтін]: Оқу құралы / Б. Ысқақ, Ж.О. Аманжолова.- Шымкент, 2020.- 90 б.-2экз

  2. Ахметова А.К. Психология тарихы: Оқу құралы/ А.К. Ахметова – Шымкент:ХГТУ, 2014ж.

  3. Байбекова М.М. Психологиялық практикум. Оқу-әдістемелік құралы. Шымкент 2017ж.

  4. Намазбаева Ж.И. Психология. Оқулық.-Алматы,2015ж.

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ № 11


Тақырып: Негізгі және күрделі әріп элементтері
Сабақты жүргізу тәртібі: Семинар-практикум
Аудиториялық жұмыс:
Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер:
3.Тіл дамытудың мақсаты мен оған қойылатын әдістемелік талаптар.
4. Қазақ тілі сабағында сөздік жұмысын жүргізу әдістемесі. Оқушылардың сөздігін байыту
Қысқаша теориялық мәліметтер:
1. Тіл дамыту үш салаға бөлінеді: 1. Сөздік жұмысы; 2. Сөз тіркесі және сөйлеммен жұмыс; 3. Байланыстыра сөйлеуге үйрету жұмысы. Бұл жұмыстар бір-бірімен байланыстырыла, қатар жүргізіледі. Әсіресе байланыстыра сөйлеуге үйрету жұмысында қалған екеуінде (сөздік және сөз тіркесі мен сөйлем құрау жұмысында) үйренген білім, икемділік, шеберліктері ұштасады, яғңи ойлау, жүйелеу, текст құрастыру, материал жинау, орфографиялық шеберліктері іске асырылады. Әрбір орындалатын жаңа жаттығу бұрынғы өтілгенмен байланысты бола отырып, сәл ғана болса да бір жаңалық қосуға тиіс. Мұндай байланыс грамматика мен орфография курсында оңай анықталады. Ал тіл дамытуда бұл жұмыс оңайға түспейді. Методиканың нені, қалай үйрету керек деген дәстүрлі сұрағы тіл дамытуда үнемі анық көрінбейді. Сонық салдарынан кейбір жағдайларда тілдік жаттығулар белгілі бір бағыт-бағдарсыз, нақты мақсатсыз жүргізіледі. Ендеше тіл дамыту сабақтарында жүргізілетін әрбір жаттығудың нақты мақсатын анықтап, оны өткендегімен салыстырғанда қандай жаңа шеберлік, машық, білім беретінін анықтау қажет. Мысал үшін бір шығармада балалар сипаттау элементімен таныстырылса, келесіде анағұрлым күрделі суреттеулерді байқауға, ал онан кейінгі шығармада сипаттау элементтерін алдыңғыға қарағанда көбірек қамтитындай болуға тиіс.
Қазақ тілінен берілетін білім негізінен мынадай мақсаттарды көздейді: “Тіл материалдарын меңгерту барысында оқушының ой-өрісін кеңейту, сөздік қорын байыту, ауызша сөйлеу және жазбаша тілін жетілдіру, сауатты жазу, әдеби тіл нормасында тіл мәдениеттілігін арттыру”, - деп көрсетеді. Олай болса, бұл міндеттерді іске асыру үшін тәрбиеленушілерді жаттықтыру мен талдауға дағдыландыру керек. Ол үшін қазақ тілінен ауызша да, жазбаша да жаттығу, талдау жұмыстары орындалады.
Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту технологиясы арқылы меңгеру барысында мынадай енгізгі талаптар ескерілуі қажет:
1.Оқу жоспарына сай оқыту процесінде деңгейлік тапсырмаларды қолдану жолдары;
2. Деңгейлік тапсырмалардың оқушыларға дамытушылық әсерінің себептері;
3. Тәрбиеленушілердің мұғаліммен және өзара қарым-қатынасқа түсу формалары;
4. Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушыларға тілдік материалдарды игерту әдіс-тәсілдері;
5.Деңгейлік тапсырмаларды тәрбиеленушілердің танымдық, білімдік, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру дәрежесіне қарай дұрыс таңдай білу жолдары;
6. Оқушылардың сөйлеу мәдениетінің жетілдіру жолдары;
7. Деңгейлік тапсырмаларды арқылы тәрбиеленушілердің сабаққа деген қызығушылықтарын туғызу жолдары;
8. Қазақ тілі заңдылықтары мен ережелерін деңгейлік тапсырмалар арқылы меңгерту тәрбиеленушілердің білімін тереңдетуге, тіл мәдениетін жетілдіруге септігін тигізетіндігі.
2. Бастауыш сыныпта қазақ тілін деңгейлік тапсырмалар арқылы игерту жұмыстарын деңгейлік дәрежеде жүзеге асырудың маңызы зор. Деңгейлік тапсырмалар ─ тәрбиеленушілердің білімі мен қабілетін жетілдіруге арналған сатыланып дамитын жұмыстар жүйесі. Бұл жұмыстарда мұғалім әрбір оқушыға жеке-жеке тапсырма беріп, оның жеке тұлғалық қабілетін арттыру процесін барлық уақытта өзінің назарынан тыс қалдырмайды.
В.П.Беспалько оқушылардың мүмкіндік деңгейлерін төртке бөліп көрсетеді: Бірінші деңгейі – міндетті; Екінші деңгейі – алгоритмдік; Үшінші деңгейі – эвристикалық; Төртінші деңгейі – шығармашылық.
І деңгейде (оқушылық деңгей) оқушы жаңа материалдың тақырыбын түсінуге арналған тапсырмаларды орындайды. Тапсырмалар жаңа материалды оқушы есінде ұзақ сақтау мақсатында жасалады.
ІІ деңгейде (алгоритмдік деңгей) алғашқы деңгейдегі білім мазмұны тереңірек қамтылуы көзделіп, тапсырмалардың құрылысы мен мазмұны күрделене түседі. Оны орындаудың әрбір қадамы алгоритимдік түрде беріледі, яғни тапсырмалар бір – бірімен тығыз байланыста бола келіп, жүйелі түрде, алғашқысынан кейінгісі дамытылған түрде, кейінгісінен соңғысы тереңдетілген түрде ұсынылады.
ІІІ деңгей (ізденімдік деңгей) оқушы өзіндік ізденісі арқылы жаңа материалдың қыр-сырын тануға арналған тапсырмаларды орындайды. Мұнда ол жаңа материал бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін жетілдіріп, оны тереңдете отырып, өз ізденісінің нәтижесінде жаңа білім алады.
IV деңгей (шығармашылық деңгей) ... оқушы IV деңгейдегі тапсырмаларды орындау барысында жаңа тақырыпты еркін меңгеріп ... өз пікірі, өз айтар ойы бар жеке тұлға дәрежесіне көтеріледі
Ғалымдардың пікірлерін негізге ала отырып, 5-сыныпта қазақ тілін деңгейлік тапсырмалар арқылы меңгерту жұмыстары үш кезеңде жүргізілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет