Орталық азия



бет11/19
Дата14.09.2023
өлшемі315 Kb.
#107109
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19
Байланысты:
Практикалық сабақ

Тапсырма № 1.
1. Балабақша топтарында білім беру жүйесінің мазмұнының негізі
2. Дыбыс жүйесін теориялық жақтан үйрету әдістері


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Сейтенова, С.С. Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың теориясы мен әдістемесі [Мәтін]: Оқу құралы / С.С. Сейтенова.- Алматы: ТОО "Лантар Трейд", 2018.- 273б.-

  2. Ысқақ, Б.Бастауыш сыныпта сауат ашу теориясы мен әдістемесі [Мәтін]: Оқу құралы / Б. Ысқақ, Ж.О. Аманжолова.- Шымкент, 2020.- 90 б.-2экз

  3. Ахметова А.К. Психология тарихы: Оқу құралы/ А.К. Ахметова – Шымкент:ХГТУ, 2014ж.

  4. Байбекова М.М. Психологиялық практикум. Оқу-әдістемелік құралы. Шымкент 2017ж.

  5. Намазбаева Ж.И. Психология. Оқулық.-Алматы,2015ж.

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ № 9


Тақырып: Балаларға есту қабілетін дамыту, дыбыстарды ажырата білуді үйрету жолдары
Сабақты жүргізу тәртібі: Семинар-практикум
Аудиториялық жұмыс:
Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер:
1.Оқушылардың мектептегі оқу жұмысы.
2.Сыныптан тыс сабақ түрлері.
Қысқаша теориялық мәліметтер:
1. Балаларды кітап оқуға,тыңдауға үйрету, жаттықтыру кезеңінде тәрбиеші дауыстап, әрі мәнерлеп кітап оқып беріп, дұрыс оқудың үлгісін көрсетіп, тәрбиеленушілерді кітап оқудың әдістеріне үйретеді. Көбінесе көркем шығармалардың көлемі шағын, тілі жеңіл, мазмұнды түрлері оқылады.
Мұғалімнің әсерлі даусы тындаушыларын өзіне баурап алып, ертегі я әңгіменің оқиға желісін балалардың көз алдына елестетіп қиялын шарықтататындай болуы керек.
В. Г. Белинский балалар кітапшаларының мақсатьі жөнінде былай деген: «...Сіз балаларға ертегі, әңгіме айта қалсаныз, өзіңіз көрінбейтін болыңыз, оларда айтылғандардың бәрі оқушысына тікелей әсер етіп, өзін-өзі баяндайтын болсын... Егер әңгімеңіз оларға ұнаса, оны қызыға, сүйсіне оқитындай болса, онда сіздің өз ісіңізді атқарып шыққаныңыз...»
Оқытушы шығарманың диалогпен берілген түрлерін оқығанда, оған тәрбиеленушілерді да қатыстырады. Әрбір кейіпкерлердің сөзін әр тәрбиеленушіге тыңдатып, өзі автор сөзін оқуы мүмкін. Кейіпкердің мінез-кұлқына, сөз мағынасына сәйкес дауыс құбылысы арқылы (кекесін, мысқыл, қуаныш, реніш) шығарманың мазмұнын, идеясын тыңдаушыға дұрыс жеткізуге болатынына тәрбиеленушілердін көзін жеткізу қажет.
Оқу сабақтарында мәтіннің білімдік және тәрбиелік мәнін арттыру үшін тәрбиеші тәрбиеленушілерді жұмысты дұрыс ұйымдастырып, олардың ой-өрісін дамытуға іскерлігін арттыруға мүмкіндік беруге тиіс. Балаларды оқуға машықтандыру мақсатында үлкен тақырыптар бойынша өтілетін қорытынды сабақтардың мәні зор. Балалардың түсінігі көбінесе нақтылыққа байланысты болғандыктан, тәрбиеленушілердің нені білгісі келгендігін даралап, нақтылап талап ету оқушы жауабына дұрыс болуына жол ашады, оның дұрыс ойлануына бағыт береді. Сайып келгенде, мәтінді саналы түрде тыідауға машықтандыру біріншіден балабақшаның барлық топтарында мәтінмен жүргізілген әр түрлі жүйелі жұмыс нәтижесіндегі жаттығулар арқылы ғана іске асырылады. Олар: сездік жұмысы, кіріспе әңгіме, экскурсия, пәнаралык байланыс, мәтінді талдау, бөлімге бөлу, ат қою, түгел айту, қысқартып айту, мәтіннен керек жерді іріктеп айту т.б, тәрбиеленушілерге беретін сұрақ пен тапсырмаларды түрлендіру, қорытынды сабақта мәнерлі оқуын қалыптастыру жаттығуларын жүргізу. Мұғалім әрбір оқу сабағын өткізуге арналған әзірлік кезінде осы жұмыстардың қай түрі оқылғалы отырған мәтіннің мазмұнына, жанрлық түріне, қолдануға болады дегенді күн ілгері ойланып алғанда ғана оқушыны саналы түрде түсініп оқуға қалыптастырады. Әрине, көркем әдебиет шығармаларындағы түрлі суреттеулер тәрбиеленушінің барлығына бірдей қалтқысыз түсінікті болуы, шығармадағы оқиғалар, кейіпкерлер жөніндегі жазушы ойы мен оқырманының ойының мүлтіксіз бір жерден шығуы мүмкін емес. Өйткені адамдардың іс-тәжірибесі, өмір туралы түсінігі, дүние тану дәрежесі, оны қабылдау мүмкіндігі бірдей деуге болмайды. Әсіресе, тәрбиеленушілердің көркем шығармаларды түсінуде автор ойымен тең түспеушілігі заңды нәрсе. Себебі олардың өмір тәжірибесі, білімі, түсінігі өте аз, сондықтан олардың ойы, түсінігі автордың ойымен тепе-тең түсе алмайды. Солай бола тұрғанымен де қандай болмасын көркем шығарманы оқығанда, балабақша баласынын да өзіндік сезінуі, өзіндік түсінігі пайда болады. Сол түсінігімен ол өзінің тыңдаушысына әсер етуге ұмтылады. Шығарманы дұрыс түсіну, сол арқылы тыңдаушыға дұрыс әсер ету дегеніміз — шығарманың ең негізгі ойын, негізгі идеясын түсіну, соны білу. Екіншіден, сол шығармада айтылғандарды жүрекпен сезіну, көз алдына келтіріп елестету. Үшіншіден, сол өзі меңгерген түсінігін тыңдаушыға жеткізу мүмкіндігін жасау, тыңдаушының шығармадағы әрбір оқиғаны, әрбір суреттеуді, әрбір фактіні дұрыс түсініп, дұрыс бағалауын қамтамасыз ету. Бұл талаптардың орындалуы, әсіресе балабақшада тәрбиеші тарапынан арнаулы жұмыстың жүргізілуін керек етеді.
2.Сауат ашу оқу сабағын жүргізгенде мыналарды ескерту қажет:
1) Оқушылардың оқу машығын жетілдірудің ең негізгі — оқушының фонетикалық есту қабілеттерін дамыту, дыбыстарды ажырата білуін қамтамасыз ету. Онсыз тәрбиеленушінің толық түсінуі де қиын болады. Сондықтан сабақта қолданатын әдіс, тәсіл оқудың техникасын жетілдірумен бірге баланың кітапқа, оны тыңдауға ынтасын арттыратындай, бір тексті бірнеше рет жалықпай тыңдауға жағдай жасайтындай болуы керек.
2) оқушылардың әсіресе абстрактылы ойлауы жеткіліксіздеу болғандықтан, сауат ашу сабағында тәрбиеленушінің білімін толықтыра отырып, оның ойлануы, қызығушылығы, бір затты екіншісімен салыстыру, бірін екіншісіне қарама-қарсы қойып салыстыра отырып байқампаздығын тануға баулитын әдіс, тәсілдін, сабақта көбірек қолданылуы қажет.
3) Оқушылардың көркем әдеби шығарманы түсінуге керекті мәселені — образды түрде ойлануға күші жетіңкіремейтінін ескеріп, тәрбиеленушінің творчестволық қиялын ұштарлықтай тәсілдер көбірек қолданылуы қажет. Затты не оқиғаны өзі көріп, нақты елестете алатындай жағдай жасап отыру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет