Орталық азия



бет10/19
Дата14.09.2023
өлшемі315 Kb.
#107109
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19
Байланысты:
Практикалық сабақ

Тапсырма № 1.

1.Тәрбиеленушілердің сөйлеуіне қойылатын талаптар қандай?


2.Сөйлеудің түрлері?
Ауызша сөйлеу мен жазбаша сөйлеудің айырмашылығы не?


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Сейтенова, С.С. Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың теориясы мен әдістемесі [Мәтін]: Оқу құралы / С.С. Сейтенова.- Алматы: ТОО "Лантар Трейд", 2018.- 273б.-

  2. Ысқақ, Б.Бастауыш сыныпта сауат ашу теориясы мен әдістемесі [Мәтін]: Оқу құралы / Б. Ысқақ, Ж.О. Аманжолова.- Шымкент, 2020.- 90 б.-2экз

  3. Ахметова А.К. Психология тарихы: Оқу құралы/ А.К. Ахметова – Шымкент:ХГТУ, 2014ж.

  4. Байбекова М.М. Психологиялық практикум. Оқу-әдістемелік құралы. Шымкент 2017ж.

  5. Намазбаева Ж.И. Психология. Оқулық.-Алматы,2015ж.

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ № 8


Тақырып: Дұрыс оқу жолдары (түсініп оқу, мәнерлеп оқу)
Сабақты жүргізу тәртібі: Семинар-практикум
Аудиториялық жұмыс:
Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер:
1. Балабақша топтарында білім беру жүйесінің мазмұнының негізі
2. Дыбыс жүйесін теориялық жақтан үйрету әдістері
Қысқаша теориялық мәліметтер:
Балабақша топтарында білім беру жүйесінің мазмұнының негізгі арқауы ел болып, тіл туралы заң қабылданып қазақ тілінің мемлекеттік мерейге ие болуы ересек ұрпақ қол үзіп, жеткіншек ұрпақ көз жазып ала жаздаған ата-бабаның аяулы дәстүрін қастерлі салт-ғұрпын түп тамырын ықылым заманның тереңіндегі қалыптасқан тарихи ұлттың мәдениетін, өнерін жаңарған өміріміздің игілігіне айналдыру.
Бастауыш сыныптарда қазіргі кезеңдегі білім сапасын арттыру үшін ат салысып жүрген ғалым педагогтер М.Ералиева, С.Дүйсебаев, П.Жаманқұлова, Р.Ізғұттынова еңбектерін атап өтуге болады [1].
Қазақстанда 1930 жылғы тамызда жаппай міндетті бастауыш білім беру туралы заң қабылданған.
1930-31оқу жылында 8-11 жасар балаларды міндетті бастауыш оқуға қабылдап, жаңа оқу бағдарламалары мен әдістемелік құралдар әзірлеу қолға алынған. Осы кезде белгілі лингвист, әдіскер - ғалым Қ.Жұбанов бастауыш мектепке арналған тіл мен әдебиет пәндері бойынша оқу бағдарламалары мен оқулықтарын («Әліппе» оқулығы) және С.Жиенбаев, С.Кеңесбаев, Л.И.Воскресенская, З.Т.Позднуховтар басқа пәндерден оқулықтар жасады. Бастауыш мектептегі тілді оқыту мәселесімен қазақ тіл мен әдебиет секторларының қызметкерлері А.Садуақасов, С.Жиенбаев т.б. шұғылданды. «Бастауыш мектеп үшін қазақ тілінен әдістемелік құрал», «Сауаттылыққа оқыту әдістемесі» атты еңбектер және С.Жиенбаевтың «Бастауыш мектепте кітап оқыту әдістемесі», «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» жарық көрді.
Дыбыс жүйесін теориялық жақтан үйрету әдістері тілдік материалдардың теориялық негіздері мен заңдарын, анықтамалары мен ережелерін меңгертумен бірге, оларды практика қажетіне жаратуға бағыт сілтейді. Мұғалім белгілі бір тілдік тақырыптардың өзіндік белгілерін ғылыми тұрғыдан сұрыптап, материалдың мазмұны мен көлеміне және әрбір өткізілетін сабақтың құрылымына сай тақырыптың оқытылу жүйесін белгілейді. Бұл мектеп бағдарламасының көлеміне негізделеді де, әр сыныптағы тәрбиеленушілердің ой дәрежесі мен жас ерекшелігіне сәйкестендіріледі. Мұғалім теориялық материалдарды өзі мазмұндамай, оған тәрбиеленушілерді да қатыстырып, практикалық тұрғыда өздерін іздендіріп отырады. Өтілетін материалдардың өзіндік ерекшеліктері мен ондағы заңдылықтарды талдай отырып меңгертуде, әуелі тақырыптың ішкі қасиеттерін өз ара саралап, осыған лайықты дидактикалық мысалдар табуды жүктеген жөн. Осы сияқты әдістемелік жұмыс жүйесінің өтілетін материалдарының ғылыми жағын саралап, түсінуіне көмегі мол. Тәрбиеленушілерді өз бетімен жұмыс істеуге жұмылдырып отыру - дыбыс жүйесін теориялық жақтан үйрету әдістерін іске асырудағы басты мақсат. Мұның өзі дыбыс жүйесіне байланысты жазылған әдебиеттермен жұмыс істеуге пайдасын тигізеді. Сонымен дыбыс жүйесін теориялық жақтан үйрету әдістеріне негізінен мыналар жатады: әңгіме, хабарлау, тәжірибе, түсіндіру және оқулықты пайдалану әдістері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет