Ұлы Жібек жолы - Жібек жолы тек сауда жолы болып қана қалмастан, дүниежүзі өркениетін тоғыстырып, адамзат қоғамының дамуына өшпес үлес қосты. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалаларының Византия, Иран, Орта Азия, Кавказ, Алтай, Сібір, Шығыс Түркістанмен тығыз сауда байланыстары болғандығын ежелгі қолжазбалардағы мәліметтер дәлелдейді. Шаштан (Ташкенттен) жол Гизгирдқа, Испиджабқа келіп, одан әрі керуен Таразға бағыт алған. Тараздан солтүстікте Адахкет, Дех-Нуджикет қалалары орналасқан қимақтарға, оңтүстікте өздерінің туған өлкесінде - Шельдяни, Куля және т.б. қалаларға тірелген. Сондай-ақ Тараздан Төменгі Барысханға, одан әрі Құлан, Мерке арқылы Аспараға жететін болған. X ғ. бастап Ӏле жазығындағы сауда жолы арқылы керуендер жүре бастайды. Осы жерден Ӏле Алатауының көпестері қазіргі Алматы мен Талғардың елді мекендеріне жолға шыққан. Талғарда жол қазіргі Шелек, Есік, Кеген аудандарында, Подгорныйға, одан әрі Шонжыға иек артады. Алакөл ауданында жол тармақталады. Екіөгіз, Қиялық, Көктем керуен жолдарымен Шығыс Түркістанға, Алтайға, Моңғолияға шығуға болатын еді. Сырдария қалаларын байланыстыратын жолдардың маңызы орасан зор. Ол Испиджабтан басталып, солтүстік-батыста - Арсубаникент, Арыс, Кедер, Шауғар, Сауран, Сығанаққа әкелетін. Сығанақтан Жентке және Янгикентке тірелген. Исфиджабтан солтүстікке қарай түскен жол Қүмкент, Аба - Ата, Созаққа барады. Одан әрі Орталық Қазақстанның жазық жерлері арқылы Кеңгір, Жезді, Нұра далаларына шығады.
Атаулы керуен жолы XX ғ. басына дейін сақталып келді, тіпті, Ресей, Қазақстан және Орта Азияның қалалары мен елді мекендерін байланыстырып отырды, оған жақын жерлерде жәрмеңкелер ұйымдастырылды.Ұлы Жібек жолы көп халықтардың мәдениетін түйістіруімен бірге оның табиғатының ерекшеліктерін анықтауда тарихи қызмет атқарды. Бұл істе Қазақстан жерін мекендеген халықтардың еңбегі де бар. Олар тұрғын үйді (киіз үй), ат әбзелдерін жасау өнерін, кілем тоқуды, күмістен түрлі әсемдік бұйымдарды соғуды, бай ауыз әдебиетін мұра етіп қалдырған. Осының бір айғағы - Есік және Аралтөбе қорымдарынан табылған «Алтын киімді адам» ескерткіштері, Шығыс Қазақстандағы Берел қорымынан табылған олжалар, ежелгі Түрік жазба әдебиетінің орхон ескерткіштеріЕгер Жібек жолымен батыстан шығысқа қарай жүрсек, оның Қазақстандағы учаскесі Шаштан (Ташкент) шығып, Тұрбат асуы арқылы Исфиджабқа, Сайрам (Сарьямға) келеді. Ежелгі қаланың осы күнге дейін сақталған. Шымкент түбіндегі бір қыстақ тап осылай аталады, оның дәл кіндік тұсында Жібек жолындағы бір кездегі ең ірі орталықтардың бірі болған орта ғасырлық қала жұртының қалдығы сақталған. Исфиджабтан құлдарды, бөз маталарды, қару-жарақты, семсерлерді, мыс пен темірді әкетіп жатқан. Испиджабтан шыққан керуендер шығысқа қарай бет алып, Шараб және Будухкент қалалары арқылы Таразға барады екен.Қазақстанның аса ірі қалаларының бірі Тараз VI ғ. бұрын белгілі болған. 568 ж. түрік қағаны Дизабұл Византия императоры ІІ Юстинианның стратгі Земарх бастап келген елшілігін тап осы қалада қабылдаған. Бастаухаттар оны көпестер қаласы деп атаған.Осымен қатар ол түргештердің, содан кейін қарлықтар мен қарахандардың тарихи орталығы болған.Ұлы Жібек жолының қазақстандық бөлігіндегі бірінші бірегей ірі қала Испиджаб болды, ол оған осы облыстың барлық жер - суы - шығыста Талас - Шуға дейін, солтүстік - батыста Сырдарияның орта ағысына дейін ұласып жатты. Қазіргі кезде орналасқан жері Сайрам ауылының оңтүстік - батысында, Шымкент қаласынан 12 км жерде. Зерттеу жұмыстарын 1923 жылы П.П.Иванов, 1925 жылы М.Е.Массон, 1947 жылы А.Н.Бернштам басқарған Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы жүргізген. Қазба жұмысының барысында айналасы төрт қақпалы дуалмен қоршалған көлемі 28 га жерді алып жатқан қаланың орны анықталған. Қала ішінде көптеген мазарлар сақталған. Оңтүстік Қазақстанға арналған тарихи-географиялық ортағасырлық әдебиеттерде Арыс пен Талас арасындағы аудан маңызды орынға ие болғандығы жайлы айтылды. Ерте орта ғасырда экономикалық және стратегиялық жағынан ерекше маңыздылығы шығыс авторларының бұл ауданның тарихи топографиясына деген қызығушылығын тудырды. Әсіресе, басты назар Испиджаб қаласына аударылды. Қала бірнеше ғасырлар бойы тек өзінің шаруашылық аймағында ғана емес, сонымен қатар Отырар және Тараз оазистерінің жерлерінде басымдылығын сақтады.
Орта ғасыр дәуіріндегі Испиджаб (Сайрам) X ғасырмен XIII ғасырдың бас кезінде Қазақстанның оңтүстігіндегі ең ірі қалаға айналды. Испиджаб округі Сырдария бойындағы Кедер, Сығанақ, Сауран мен Янгикент қалаларын; Қаратаудың солтүстік бөктеріндегі Баладж мен Берукей қалаларын; Жетісудың Тараз, Құлан, Мирки (Мерке), Суяб қалаларын қамтыды.
4.Орталық Азиядағы қалалық мәдениеттің гүлденуі. Нишапур, Хорасан, Систан, Термез, Самарқан, Бұхара, Хорезм ғылым, білім, сәулет өнері және өнер орталықтары ретінде. Орталық Азия қалалары діни (буддизм, зороастризм, несториандылық, манихейлілік және т.б.) білім беру орталығы ретінде.
Достарыңызбен бөлісу: |