Орталық жүйке жүйесіне ми мен жұлын жатады. Орталық жүйке жүйесінің басты және арнайы қызметі



бет5/8
Дата31.01.2022
өлшемі37,74 Kb.
#24572
1   2   3   4   5   6   7   8
Пропиорецепторлар – бұлшықет рецепторлары (мысалы, бұлшықет ұршығы мен сіңір рецепторлары – Гольджи мүшесі). Бұл рецепторлар арнайы емес (аяқ-қол бұлшықеттері мен сіңірлерінде орналасқан рецепторлар) және арнайы (тыныс алу бұлшықеттерінде орналасқан рецепторлар) болып бөлінеді.

Пропиорецепторлардың импульстері көбінесе тыныс алу бұлшықетінің арқа тұсындағы орталығынан, сондай-ақ қаңқа бұлшықетінің тонусын бақылаушы бас миы орталығынан тарайды. Дене жұмысы басталған мезеттен бастап пропиорецепторлардың белсендірілуі тыныс алу орталығының белсенділігінің артуы мен өкпеде ауа алмасуының жылдамдауының негізгі себебі болып табылады. Қабырғааралық бұлшықеттер мен диафрагма пропиорецепторлары сопақша мидың тыныс алу орталығының ырғақты белсенділігіне рефлекторлық жауап қайтарады, ол тыныс алу кезеңінің түрлі фазасындағы кеуде қуысының орналасу жағдайына, ал сегменттік деңгейде тыныс алу бұлшықеттерінің тонусы мен жиырылу күшіне тәуелді болады.

Тыныс алу жолдарының ұлпаларында импульстері тыныс алу орталықтарының нейрондарына жеткізілетін механорецепторлардың екі негізгі типі орналасқан, олар: жылдам бейімделуші рецепторлар және созылу рецепторлары.

дәлдікпен анықтауға мүмкіндік береді.

Жылдам бейімделуші рецепторлар жоғарғы тыныс алу жолдары нан бастап,альвеолаға дейінгі эпителийде және субэпителий қабатында орналасқан.Рецепторлар атауына сәйкес,тітіркендіргіш қысқа уақытта және жылдам әсер еткенде белсенділігі артып,тітіркендіргіштің әсері сақталғанда белсенділігін төмендетеді.Сондықтан жылдам бейімделу рецепторлар тітіркендіргіштер күшінің өзгеруіне жауап қайтарады.Бұл рецепторлар иіскеу(түшкіру)және жөтелу сияқты күрделі рефлекстердің бастамасы болып табылады.Олар кеңірдек пен бронхының шырышты қабықшасына механикалық немесе химиялық тітіркендіргіштердің(шаң,шырыш,темекі түтіні,аммиак,эфир сияқты улы заттардың буы)түсуі кезінде қозады. Баяу бейімделетін рецепторлар өкпенің созылуы кезінде басты тыныс алу жолдарындағы,яғни бронхы тармақтарындағы(бронхы және кеңірдек)бірыңғай салалы бұлшықеттерде шектеледі (локализацияланады) және өкпенің көлемі ұлғаюы (өкпеге ауа толуы)нәтижесінде тітіркенеді.Рецеторлар тыныс алу орталығындағы кезеген жүйкенің миелиндендірілген афференттік талшығының сыртқы тыныс алу нейрондарының топтарымен байланысты.Бұл рецепторлардың стимулы Геринг-Брейер рефлексін тудырады,ол жануарларда өкпеге ауа толғанда тыныс алу фазасы тыныс шығару фазасына рефлексті түрде ауысуына алып келуінен байқалады . Адамның сергек жағдайында бұл рефлекторлық эффект тыныс алу көлемінің ұлғаюында туындайды,ол тыныс алудың қалыпты көлемін үш есеге дейін арттырады.Ұйқы кезінде Геринг-Брейер рефлексі көмегімен тыныс алудың рефлекторлық тоқтауы тыныс алу кезеңінің келесі фазасының ауысуын қамтамасыз етеді

Сонымен қатар өкпенің J- рецепторлары альвеолалардың қабырғасы маңында капиллярлармен жанасқан жерлерде орналасқан және олар өкпеден де, қантамырлары жағынан келгенде де тітіркендіргіштерге жауап қайтара алады. Рецепторлар тыныс алу орталықтарымен миелинсіздендірілген афференттік С- талшықтарымен байланысқан. Бұл рецепторлар өз белсенділігін қан плазмасында сутек иондары концентрациясы артқанда, өкпе ұлпалары қысылғанда немесе өкпе ісінгенде арттыра алады. Өкпенің J- рецепторларының ең үлкен белсенділігі дене жұмысы белсенділігі артқанда және теңіз деңгейіннен өте биікке көтерілгенде байқалады. Бұл жағдайларда болатын көріністер- кіші қанайналым шеңберіндегі қантамырлар қысымының өзгеруі, түрлі деңгейдегі өкпенің ісінуі. Мұндай жағдайда J-рецепторларының тітіркенуі жиі әрі үстіртін тыныс алуды, рефлекторлық бронхоконструкцияны және демікпені тудырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет