Проприорецепторлар – бұлшықет-буын апараттарында орналасқан қанқа бұлшықеттерінің жиырылуы немесе босаңсуы кезіндегі созылуларға жауап қайтарады.
Вестибулорецепторлар (немесе вестибулярлы аппараттың механорецепторлары) денені немесе басты июі кезіндегі жылдамдық пен тербелістерге (вибрация)жауап қайтарады.
Жанасу механорецепторлары
Қысымды бағалайтын механорецепторлар. Олар сыртқы әсерлерге салыстырмалы түрде баяу бейімделеді және уақытты ажыратуы нашар болып табылады.
Пачини денешігі пайда болған тербелістерге жауап қайтарады. Пачини денешігі жиілігі бірнеше жүздеген герц шамасында болатын тербелістердің теріге әсерін қабылдайды. Сонымен бірге Пачини денешігі саусақ таңбаларын қалыптастыратын тері бездерімен кешенді түрде қызмет атқарды. Бұл жүйелі орналасқан томпешіктер жиілік сүзгісі қызметін атқарады және тек пайдалы дабылдарды таңдауға жағдайда туғызады, бұл заттарды сипаттау кезінде рельефті анағұрлым дәлдікпен анықтауға мүмкіндік береді.