Холинергиялық синапстардың орналасқан жері
Бірінші эфференттік мүшелердің құрамындағы жасаушалардың синапстан кейінгі мембраналарында орналасады. Олар парасимпатикалық талшықтардың ганглиядан кейінгі ұштарында орналасады. Сонымен қатар вегетативті ганглиялар мен ми қыртысының нейрон жасушаларында болады. М-холинорецепторлар гетерогенді локализациясы түрліше, оған холинергиялық синапстардың табиғатының фармакологиялық заттарға сезімталдығының түрліше болуы себолатындығы анықталған.
Холинорецепторлардың орналасуына байланысты түрлері. Биохимиктер М-холинорецепторлар орналасуына байланысты бірнеше түрге жіктеген:
М1-холинорецепторлар-вегетативті ганглиялар мен ОЖЖ-да орналасқан. Біріншілерінің ерекшеліктері синапстан тыс локализацияланған (жайылмаған) болып табылады.
М2-холинорецепторлар-жүректе орналасқан, олардың кейбіреуінің ацетилхолиннің босап шығуын төмендететін қасиеті болады.
М3-холинорецепторлар-бірінғай салалы бұлшықеттерде және көп бөлігі эндокриндік бездерде орналасады.
М4-холинорецепторлар-жүректе, өкпе альвеолаларының қабырғасында,ОЖЖ-да орналасады.
М5-холинорецепторлар-ОЖЖ-да, көздің сыртқы мөлдір қабығында, сілекей бездерінде мононуклеарлы қан жасушаларында орналасады.
Холинорецепторларға әсері.М-холинорецепторларға әсер ететін танымал фармакологиялық заттардың көрсететін эффектісінің басым бөлігі синапстан кейінгі М2-және М3-холинорецепторлардың өзара әрекеттерімен байланысты.
Холинергиялық синапстарды стимулдаушы құралдардың жіктелуі. Н-холинорецепторлары әрбір ганглия алды талшықтарының ұштарындағы ганглия нейрондарының синапстан кейінгі мемраналарында(парасимпатикалық және симпатикалық ганглияларда),синакаротидтік аймақта,бүйрекусті безінің милы қабатында,нейрогипофизде,Реншоу жасушаларында,қаңқа бұлшұқ еттерінде орналасады. Түрлі Н-холинорецепторлардың заттарға сезімталдығы бірдей емес. Мысалы, вегатативті ганглия құрылымындағы Н-холинорецепторлар(бейтарап типті рецепторлар) қаңқа бұлшық етіндегі Н-холинорецепторлардан(бұлшық ет типті рецепторлар) едәуір ерекшеленеді. Осы ерекшеліктерінің арқасында олар арнайы заттармен ганглияларды таңдап бұғаттайды. Мысалы, кураре(бұлшық етті сал жасайтын өсімдік) тәрізді заттар жуйке-бұлшықет өткізгіштігін бұғаттауға қабілетті.
Синапс алды холинорецепторлар мен аденорецепторлар табиғатты нейроэфекторлық синапстардан ацетихолиннің босап шығуына жағдай жасайды. Ацетихолин Н-холинорецепторлармен әрекеттесе отырып олардың конформациясын өзгертіп,синапстан кейінгі мембрананың өткізгіш деңгейін арттырады.Ацетихолин натрий иондарына қоздырғыш ретінде әсер етеді, нәтижесінде олар жасуша ішіне енеді,ол синапстан кейінгі мембранада деплляризацияланады. Алдымен жергілікті синапстық потенциал туындайды, ол белгілі бір мөлшерге жеткенде әрекет потенциалының генерациялануы басталады. Осыдан кейін синапстық аймақта шектелген жергілікті қозу жасуша мембранасының барлық бетіне тарайды. Егер М-холинорецепторлары ынталандырылса, дабылдарды өткізуде екінші реттік мессенджерлер мен G-нәруыздар маңызды рөл атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |