Орталық жүйке жүйесіне ми мен жұлын жатады. Орталық жүйке жүйесінің басты және арнайы қызметі



бет6/8
Дата31.01.2022
өлшемі37,74 Kb.
#24572
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
1-лекция

Холинергиялық синапстар екі нейронның немесе нейрон мен дабыл қабылдайтын эффекторлық жасушалардың түйіскен жері болып табылады. Синапс екі мембранадан – синапс алды және синапстан кейінгі мембранадан және синапстық қуыстан тұрады. Жүйке импульстері медиаторлар, яғни таратқыш заттар арқылы қамтамасыз етіледі.Бұл рецепторлар мен медиаторлардың синапстан кейінгі мембранаға әсер етуі нәтижесінде жүзеге асырылады. Холинергиялық синапстың негізгі қызметі осы болып табылады.

Парасимпатикалық жүйке жүйесінің медиаторлары – ацетилхолин рецепторлары – екі типті холинорецепторлар: Н (никотин) және М (мускарин ) болады. М – холиномиметиктер – әрекеттің тікелей типіне қабілетті, ол синапстан кейінгі мембрана рецепторларын ынталандыруы (стимуляциялауы) мүмкін.

Ацетилхолиннің синтезделуі нейронның холинергиялық ұштарындағы цитоплазмада жүзеге асады. Ол холин мен шығу тегі жағынан митохондриялық зат ацетилкоэнзим – А – дан түзіледі. Синтез цитоплазмалық энзим – холинацетилазаның әсерінен жүреді. Синапстық көпіршіктерде ацетилхолин сақталады. Әрбір көпіршікте бірнеше мыңға дейін ацетилхолин молекулалары болуы мүмкін. Жүйке импульстері ацетилхолин молекулаларының синапстық қуысқа босап шығуына алып келеді. Осыдан кейін ол холинорецепторлармен өзара әрекетке түседі.

Холинергиялық синапстың құрылысы ерекше. Биохимиктердің мәліметтері бойынша, холинорецепторлар жүйке – бұлшықет синапсы бес нәруыз суббірлігін қоса алады, олар иондық өзекткрді қоршайды және липидтерден тұратын мембраналардың бүкіл қалыңдығын тесіп өте алады. Жұп ацетилхолин молекуласы жұп a-суббірлігімен әрекетке түсе алады. Бұл иондық өзектердің ашылып, синапстан кейінгі мембранаға берілуіне (деполяризацияланады) алып келеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет