Ми жартышарлары екі бөлікке бөлінеді.
Мидың жартышарларының әрқайсысы алты бөлікке бөлінеді: маңдай бөлімі, төбе бөлімі, самай бөлімі, шүйде бөлімі, орталық (немесе аралдық) бөлім және лимбикалық (көмкерме) бөлім. Мидың әр бөлімі белгілі бір қызметке жауап береді: мысалы, маңдай бөлімі сөйлеу сияқты маңызды қызметке жауапты, шүйде бөлімі әлемді көрнекті (визуалды) қабылдауға жауапты, ал самай бөлімі дыбыстық тітіркендіргіштерді қабылдауға жауапты.
Адамның орталық жүйке жүйесін ми және жұлын құрайды.
Ми ми діңінен (оның филогенетикалық өте ертеректегі орталықтары сопақша мида, ортаңғы, аралық мида орналасқан), мишықтан және үлкен ми сыңарларынан тұрады, оның сұр заты, яғни үлкен ми сыңарларының қыртысы эволюциялық тұрғыда мидың ең жас бөлімі болып тадылады.
Мишық өткізгіш жолдар арқылы орталық жүйке жүйесінің барлық бөлімдерімен байланысады. Оның негізгі қызметі – қимылды үйлестіру, тепе-теңдікті сақтау және бұлшықет тонусын қалыпты деңгейде ұстау. Жануарларда мишықты алып тастау немесе оның зақымдануының салдары мынадай болады: а) бұлшықет тонусы күрт төмендеп, олар әлсіреп босаңсиды; ә) қозғалыс кезінде тез қажиды; б)қимыл- қозғалыс бұзылып, тепе-теңдікті саұтау мүмкін болмайды; в) аяқ-қолдың және бастың қалтырауы байқалады.
Сопақша ми мен оған жанаса орналасқан көпірде тыныс алу, шайнау және жұтыну қозғалыстарының, жүректің іс-әрекетін, зат алмасуды реттеудің орталықтары, сондай-ақ бірқатар қорғаныс рефлекстерінің – түшкіру, жөтелу, көзді жыпылықтату, көз жастың бөлінуі, қарашықтың ұлғаюы мен кішіреюі, денені бұру, қырағылық, сонымен қатар вестибула аппаратының қозуына және мойын бұлшықеттері тонусының өзгеруіне байланысты болатын дене қалпының рефлестерінің орталықтары орналасқан.
Ортанғы ми төрт төмпешектен және ми аяғынан тұрады, мұндағы қызыл ядролар мен қара затта сезімтал және қозғалыс орталықтары орналасқан. Ортанғы мидың қызметі –бұлшықет тонусының біркелкі таралуын қамтамасыз ету, статикалық рефлекстері (дененің тузу тұрысының , тузу қозғалысының рефлекстері) және статокинетикалық рефлекстер; дененің жылдам тузу сызықты немесе айналып ұозғалуы, басты тез бұрып қарау; жарық және дыбыс тітіркендергіштеріне шамалау, бағдарлау рефлекстері, жарқ еткен жарыққа және кенеттен қатты шыққан дыбысқа сақтықпен қарау рефлекстері т.б.
Аралық мидың құрылысы біршама курделі, онда көру төмпешектері, солғын дене және төмпешек асты аймағы орналасқан. Аралық ми курделі туа біткен уйлестірілген қозғалыстардың (шартсыз рефлекстердің және туйсіктің) мушесі болып табылады.
Көру төмпешігіне орталыққа тепкіш, яғни сезімтал нейрондар келіп, барлық рецепторлардан қозуды жеткізеді. Арнайы талшықтардың көмегімен олар ми қыртысымен байланысады.
Ми қыртысына келетін барлық сезімтал нейрондар міндетті турде көру төмпешектері арқылы өтеді. Көру төмпешегінің зақымдалуы сезімталдықтың бұзылуына немесе тіпті толығымен жойылуына алып келеді.
Солғын дене алуан түрлі қозғалыстарды басқаратын барлық қозғалтқыш орталықтарының жинағы болып табылады. Бұл жерден көптеген орталықтан тепкіш ,яғни қозғалтқыш нейрондар шығып,түрлі бұлшықет топтарына бағытталды. Солғын дененің зақымдалуы бірқатар қозғалыстардың бұзылуына немесе тіпті сал ауруына алып келуі мүмкін. Солғын дене байланыстырғыш талшықтар арқылы көру төмпешігімен байланысады,нәтижесінде рефлекстік доғалардың көпшілігі ми қыртысы арқылы өтпей,аралық мида тұйықталып қалады :сезімтал жүйке импульстері көру төмпешіктерінен тікелей солғын дененің қозғалтқыш орталықтарына беріліп,организмнің осыған сай реакциясы іске асырылады.Мысалы ,жүру, жүгіру кезіндегі немесе тамақтану кезіндегі автоматты түрде сәйкес қозғалыстар т.с.с. Төмпешікасты аймақ вегетативті жүйке жүйесінің жоғары мүшесі болып табылады. Бұл аймақта организмдегі зат алмасудың,тамыр қозғалыстарының орталығы,жылу реттеу,дене температурасын тұрақты сақтау орталығы т.б шоғырланған. Төмпешікасты аймақтың арқасында аралық ми түрлі (сезім жағдайларына байланысты) тыныс алу және жүрек соғуы жиілігінің өзгерістері,беттің қызаруы немесе бозаруы,ішкі секреция бездері жұмысының өзгеруі сияқты вегетативті әрекеттерді іске асырады.
Үлкен ми сыңарлары. Екі үлкен ми сыңарының әрқайсысы өздерінің жеке-дара қызметіне жауапты.Мысалы ,адамның ми сыңарларының сол жағының қызметі басым болса ,ол оңқай,ал оң жағы басым болса,ол адам солақай.Мидың сол жақ бөлімі біздің логикалық (есеп шығару, есептеу)ойлау қабілетімізге жауапты.Оң жақ бөлімі шығармашылық бағытқа,мысалы, музыкаға бейімділік, сурет салуға қабілеттілік, сонымен қатар есеп шығаруға қабілеттілік, бірақ әдеттегі емес,басқа ерекше әдістермен шығаруға қабілеттілікке жауапты. Егер осы екі бөліктің ойлау типтерін ажыратсақ,онда сол бөлігіне абстрактілі-логикалық, ал оң бөлігіне кеңістік -бейнелі ойлау типі тән екені анықталды. Үлкен ми сыңарлары көптеген басқа да әрекеттерді басқарады. Мысалы ,түшкіру,жұтыну,жөтел т.б. Ми сыңарлары бірнеше бөліктерге жіктелді.Әр бөліктің өзінің атқаратын қызметі бар.
Улкен ми сыңарлары ірі жүлгелермен бірнеше бөліктерге бөлінген. Жүлгелердің негізгі үш түрін ажыратады:
• орталық жүлге, маңдай бөлігін төбе бөлігін ажыратады;
• бүйірлік жүлге, самай және төбе бөліктерін ажыратады;
• төбе – шүйдеаралық жүлге, төбе және шүйде бөліктерін бір-бірінен ажыратады.
Қыртыс қалыпты тіршілікті қамтамасыз ететін барлық әрекеттерді реттеу және үйлестіруде аса маңызды рөл атқарады. Ми сыңарларының жалпы көлемінің 45%-і қыртыстың үлесіне тиеді.
Сонымен қатар ми қыртысы орталық жүйке жүйесінің жұмыстарын реттейді. Қыртыстың бөліктері тек өзара байланысып қана қоймай, қыртысасты құрылымдармен де байланыс жасайды. Тек адам миының қыртысы ғана дамудың ең жоғары дәрежесіне жеткен.
Маңдай бөлігі ми сыңарларының алдыңғы аймағын толығымен алып жатыр. Ол төбе бөлігінен орталық, ал самай бөлігінен бүйірлік жүлгелер арқылы шектеледі. Онда 4 иірім бар, салмағы шамамен 500г-ды құрайды. Маңдай бөлігінің атқаратын қызметі:
• еркін қозғалыстарды үйлестіру;
• сөйлеу аппаратын реттеу
• ойлау әрекеттерін реттеу.
Маңдай бөлігіндегі ортаңғы иірім орталық үйлестіруші болып табылады, емін-еркін қозғалыстардың реттеушісі. Осы иірімдегі қыртыстың тереңдігі пирамидалық жолдың бастамасы болып, осы арқылы импульстердің қалыптасуы және берілуі жүреді. Оның жоғарғы артқы аймағында қимыл-қозғалыс орталығы орналасқан. Осы орталық еркін қозғалыстың жүзеге асырылуына, бұлшықет тонусын және дене тепе-теңдігін сақтауға мүмкіндік береді.
Жұлын омыртқалардың бүйірлік өсінділерінен түзілген омыртқа жотасының өзегінде, яғни жұлын каналында орналасқан және ол үш түрлі: жұмсақ, торлы және қатты қабықшалармен қапталған. Жұлын ми діңінің жалғасы болғанмен, оның құрылысында өзіне тән ерекшеліктері бар. Ол ұзындығы 40-45см, диаметрі 1,5 см-ге жуық ақ түсті жуан жіп тәрізді болады. Жұлынның алдыңғы және артқы жақтарында оны ұзына бойы оң және сол бөліктерге бөлетін жүлгелер орналасқан. Жұлынның құрылысындағы ерекшелік-сегменттелген болуы. Сегменттердің саны-31.Әрбір сегменттен бір жұп қозғалтқыш (алдыңғы) және бір жұп сезімтал (артқы) түбірлер шығады. Олай болса, мойын бөлімінің сегменттерінен 8 жұп, кеудеден 12 жұп, белден 5 жұп, сегізкөзден 5 жұп және құйымшақтан 1 жұп қозғалтқыш және сезімтал жұлын түбірлер түзіледі. Қозғалтқыш және сезімтал түбірлер жұлыннан шығып омыртқааралық тесіктерге бағытталады, осы жерде артқы сезімтал түбірлерден жұлын түйіндері түзіледі. Алдыңғы және артқы түбірлер қосылып, барлығы 31 жұп аралас жұлын жүйкелерін құрайды. Олар омыртқааралық тесіктерден шығаберісте мойын, иық, белсегізкөз өрімдерін түзеді, олардан басталатын шеткі жүйкелер қаңқа бұлшықеттеріне таралады. Мойын иық өрімінен шығатын шынтақ, кәрі жілік, орталық жүйкелер қол бұлшықеттерінің іс-әректтерін басқарады. Жұлынның бойлық кесіндісіне назар аударып, оның ішкі құрылысымен танысуға болады жұлын ақ және сұр заттан тұрады. Сұр зат ортасында орналасқан, ол латын Н әріпіне немесе қанатын жайған көбелекке ұқсайды. Сұр заттың ортасынан ұзына бой жұлын өзегі өтеді, онда жұлын сұйықтығы болады. Жұлын өзегі миға жеткенде кеңейіп ми қарыншаларын түзеді. Сұр заттың алдыңғы жағындағы жуандау, қысқа өсінділері алдыңғы мүйіздер артқы ұзындау өсінділері артқы мүйіздер деп аталады. Ал бүйірлі өсінділері бүйірлік мүйізділерді құрайды. Артқы мүйізге артқы сезімтал түбірлер енеді, алдыңғы мүйізден бұлшықеттерге бағытталатын алдыңғы қозғалтқыш түбірлер шығады. Бүйірлік мүйіздерде вегатативті жүйке жүйесінің ядролары орналасқан.
Жұлынның мойын бөлімінің көлденең кесіндісі. Жұлынның сұр заты миелиндік талшықтардан тұратын ақ затпен қоршалған. Миелиндік талшықтар ерекше шоғырларға жиналады, оларды _бағаналар_ деп атайды. Олай болса, алдыңғы бағаналар, артқыларының арасында артқы бағаналар орналасқан. Осы бағаналар арқылы жұлынды мимен байланыстыру қызметін атқаратын өткізгіш жуйкелер өтеді. Өткізгіштердің мынадай түрлерін ажыратады: өрлеме немесе орталыққа тепкіш откізгіштер (афференттік)- сезімтал импульстерді шекті мүшелерден миға жеткізеді және төмен түсетін немесе орталықтан тепкіш (эфференттік) өткізгіштер - қозғалтқыш импульстерді ми қыртысынан және мидың басқа бөлімдернен жұлынға жеткізеді. Орталыққа тепкіш жолдар артқы және бүйірлік бағаналармен өтеді, ал орталықтан тепкіш жолдар алдыңғы және буйірлік бағаналармен өтедіСұр заттың қызметті- сезімтал импульстерді жұлынның қозғалтқыш рецепторларға тасымалдау. Мысалы, сыртқы ортаның тітіркендіруі терінің сезімтал рецепторларынан сезімтал жүйкенің бойымен омыртқааралық түйінге, одан кейін жұлынның артқы түбірі арқылы артқы мүйізіне беріледі. Сезімтал импульстер ары қарай қозғалтқыш ( алдыңғы мүйіз) тікелей берілуі немесе аралық нейрон арқылы іске асырылуы мүмкін. Сезімтал импульстер келіп түскен кезде қозғалтқыш импульстер пайда болады. Олар қозғалтқыш түбірлер және жүйкелер арқылы бұлшықеттерге бағытталады, бұлшықеттер жиырылып түрлі қозғалыстар орындалады. Сонымен жұлын деңгейінде қарапайым рефлекстік доға қалыптасады, бұл жұлын автоматизмі түрлерінің бірі болып табылады. Рефлекстік процестің екінші көрінісі жұлынныңы өткізгіштік қызметімен байланысты. Мұнда сезімтал импульстер буындардан, байламдардан , бұлшықеттерден ары қарай өрлеме ( орталыққа тепкіш) жолдар жолдар жүйесі арқылы қыртысасты түзілістерге және ми қыртысына беріледі. Осылайша қыртыстың жоғарғы бөлімі шеткі аймақтың жағдайы туралы дабыл алады. Ми қыртысы өз кезегінде шеткі қозғалтқыш рецепторларға және бұлшықеттерге бағытталған төмен түсетін (орталықтан тепкіш) жолдар жүйесі арқылы жауап импульстерін жібереді,нәтижесінде сәйкес қозғалыс әрекеттерінің реттелуі жүзеге асады. Жұлынның сұр затын бойлай маңызды вегетативті орталықтардың қатары орналасқан. Атап айтқанда, жоғарғы мойын сигменттерінде көкеттің жұмысын реттейтін орталық, ал VIII сегментінде қарашықты кеңейтетін орталық бар. Төменгі бөлімде (бел сегізкөз) қуықтың және тікішектің, сонымен қатар жыныс мүшелерінің әрекетін реттейтін вегетативті орталықтар орналасқан. Рефлекстік процестің екінші көрінісі жұлынның өткізгіштік қызметімен байланысты. Мұнда сезімтал импульстер буындардан, байламдардан , бұлшықеттерден ары қарай өрлеме ( орталыққа тепкіш) жолдар жолдар жүйесі арқылы қыртысасты түзілістерге және ми қыртысына беріледі. Осылайша қыртыстың жоғарғы бөлімі шеткі аймақтың жағдайы туралы дабыл алады. Ми қыртысы өз кезегінде шеткі қозғалтқыш рецепторларға және бұлшықеттерге бағытталған төмен түсетін( орталықтан тепкіш ) жолдар жүйесі арқылы жауап импульстерін жібереді,нәтижесінде сәйкес қозғалыс әрекеттерінің реттелуі жүзеге асады. Жұлынның сұр затын бойлай маңызды вегетативті орталықтардың қатыры орналасқан. Атап айтқанда, жоғары мойын сигменттерінде көкеттің жұмысын реттейтін орталық, ал VIII сегментінде қарашықты кеңейтетін орталық бар. Төменгі бөлімде ( бел- сегізкөз) қуықтың және тікішектің, сонымен қатар жыныс мүшелерінің әрекетін реттейтін вегетативті орталықтар орналасқан
Достарыңызбен бөлісу: |