1.Гипофиз, құрылысы. Гормондар, олардың рөлі. Гипоталамус пен гипофиздің байланысы. Гипоталамустың нейросекрециясы (либериндер мен статиндер). Гипофиз - бұл организмнің гомеостазын реттеуге жауап беретін гормондар бөлетін ішкі секреция безі. Ол эндокриндік жүйенің басқа бездерінің жұмысын реттеуге жауапты және оның жұмысы мидың гипоталамусымен шартталған.
Гипоталамустың алдыңғы бөлігі:Аденогипофиз (АГ) 55-60% хромфобты және хромофильді клеткалардан тұрады.Өз кезегінде хромофильді клетканың 30-35% ацидофильді және 5-10% базафилді клеткалардан тұрады.Хромофобты клеткалар гормонды шығармайды,хромофильді клетканың негізін қалаушы деп есептеледі.Ацидофильді клеткалар соматотропин гормонын және пролактинді шығарады.АГ гормондарының барлығы белокты заттардан тұрады.Базафилді клеткалар адренокортикотропты,тиретропты,гонодотропты гормондарды шығарады.
Соматропты гормондар (СТ) немесе өсу гормоны соматропин мүшелер мен тканьдерде белоктарды синтездейді,және жас ағзалардың өсуіне әсер етеді.Бұл гормондардың,ағзалардың түріне сәйкес ерекшеліктері бар.Төменгі сатыдағы маймылдардың соматропині адамға әсер етпейді.Керісінше,адамнан жоғары сатыдағы маймылдардан алынған гормон төменгі сатыдағы маймылдарға әсер етеді.Соматропин РНК биосинтезін жоғарылатады.Аминқышқылының қаннан клеткаға тасымалдануын күшейтеді.Белоктың синтезделуінің жоғарылануынан қанда аминқышқылы мөлшері төмендейді.Ағзада азот,фосфор,кальций,натрийдің алмасуы кідіріске ұшырайды.Соматотропиннің әсерінің тиімділігі клеткадағы белок биосинтезін күшейту көмірсулар мен инсулиннің қатысуымен жүреді.Егер ұйқы безін алып тастаса не тамақтың құрамында көмірсуды қоспаса,гормонның әсері тежеледі.
Гонодотропты гормондар.Гипофиздің алдыңғы бөлігіндегі базофилді клеткаларда жасалынатын фолликул жандандырушы (ФЖГ) және лютеин гормондар(ЛГ).Бұлардың ең басты әсері жыныс клеткаларының қалыптасуына әсер етеді.ФЖГ-гипофиздің бөлінуі гипоталамус нейросекреттері арқылы болады.Қанның құрамында еркектерде андрогендердің,әйелдерде эстрогендердің жоғарылауы,осы факторда,былайша айтқанда,ФЖГ ны және ет бөлінуін тежейді.Бұл кері байланыс ағзадағы жыныс гормондарының деңгейін реттеп отырады.Гипофиздің алдыңғы бөлігіндегі ацидофильді клеткадан бөлініп шығатын гормон пролактин немесе лютетропин сүт бездерінің қызметін күшейтіп,сүттің түзілуіне және сары дененің дамуына әсер тигізеді.