Орталық ЖҮйке жүйесінің физиологиясы


Сопақша мидың функциялары, оның сегменттік және субсегменттік орталықтары. Децеребрациялықригидтілік



бет2/30
Дата07.05.2023
өлшемі406 Kb.
#90894
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
Физиология эталон толык

2. Сопақша мидың функциялары, оның сегменттік және субсегменттік орталықтары. Децеребрациялықригидтілік.
Сопақша ми
Үлкен мидың бір бөлігі жұлынның сұр және ақ заттардан тұрады. Сондағы жүйке клеткаларынан тұратын сұр зат, жұлындағыдай бір ақ-жерге топтаспаған, ақ зат аралықтарында жеке-жеке шоғырлар құрып, көптеген ядроларға, қызметі әртүрлі ядроларға, қызметі әртүрлі орталықтарға айналған. Ақ зат жүйке талшықтарынан тұрады. Бұл талшықтар қозуды жоғары және төмен қарай өткізетін жұлын жолдарының жалғасы және жұлынды мидың басқа бөлімдерімен сопақша мимен байланыстырып тұрады. Сопақша ми арқылы өтетін кейбір жұлын жолдары осы мида бір бірімен айқасып оң жақтан келген талшықтар сол жаққа, сол жақтан келген талшықтар оң жаққа шығады. Сұр зат жоғарыда айтылғандай нейрондардан тұрады, рефлекстік қызмет атқарады. Бас сүйектен шығатын 12 пар ми жүйкелерінің соңғы бесеуінің (VIII. IX. X. XI, XII паралар) ядролары мен бірқатар аса маңызды рефлекстерді іске асыратын орталықтар және жұлын қызметін реттеуге маңызды рөл атқара тын торлы құрылымның бір бөлігі орналасқан. Сопақша мидың нейрон шоғырлары (жүйке орталықтары) адамның өмірін қамтамасыз етуде үлкен роль атқарады. Оған тыныс, қан тамырларын тарылтып кеңітетін (қозғалтатын), жүрек соғуын. баяулатып сирететін (тежейтін) орталықтар жатады. Бұлардың қайсысы бұзылса да адам өледі. Сопақша мида сондай-ақ көптеген қорғаныс (жас шығару, кірпік- қағу, жөтелу түшкіру, тер шығару) және ас қорытуға қатысы бар (шайнау, жұту, сілекей шығару, қарын сөлі мен ұйқы-безі сөлін шығаратын және құсу) рефлекс орталықтары бар. Бұл орталықтардың да өмірді сақтауда маңызы аз емес. Мәселен, эмбрион сатысында жұту орталығы дамымай қалса (бульбарлық паралич) жаңа туған бала енесін емгенмен аузындағы сүтін жұта алмайды. Сүт өңеш арқылы қарынға бармай тыныс жолы арқылы өкпеге құйылады да, бала өкпесі қабынып және ашығып өледі. Сопақша мидың мойын “және көз еттерінің тонусын өзгертетін көптеген қозғалтқыш ядролары көпір және ортаңғы мимен бірге статикалық және статокинетикалық (вестибулярлық) рефлекстерге қатысады. Сопақша мидағы торлы құрылым екі түрлі қызмет атқарады: |.“а) жұлын қызметін күшейтіп не әлсірететін төмен қарай бағытталған әсер; б) ортаңғы мидың торлы құрылымымен бірге мидың басқа бөлімдерінің қызметін күшейтетін жоғары жаққа қарай бағытталған әсер. Сопақша мидың рефлекстері туа біткен рефлекстер болғанымен бұлардың орталықтарына-ми қыртысы әсер ете алады. Ми қыртысының сопақша ми қызметіне қандай әсер ететінін төменде келтірілген мысалдардан көруге болады. Емізер алдында баланың жаялығын құрғатып құндақтап отырса, балада осы қимыл- әрекетіне сай шартты рефлекс қалыптасады да құндақтай. Бастасымен онда ему рефлексі басталады. Ми қыртысының құсу орталығына тигізетін әсерін мынадан қөруге болады. Аузына ас аларда оның шірік иісін сезсе, шірік-ау деген ойға келсе, адам лоқсуы, тіпті қүсуы мүмкін. Бұл тәжірибе әсіресе гипноз (иландыру) жағдайында анық байқалады. Артистер сахнада жүріп, қажет болса көз жасын төгіп жылай алады. Бұл айтылғандар сопақша мидың қызметін ми қыртысы реттейтінін көрсетеді. Воролий көпірінің қызметі осы күнге дейін толық анықталмаған. Қөпір құрамында ақ зат көп. Сондықтан оның ең басты қызметі жүйке серпіністерін өткізу. Ақ зат негізінен жұлынның жоғары бағытталған және мидың жұлынға қарай (төмен) бағытталған жолдары. Ақ заттар аралығында бөлек-бөлек, нейрон шоғырлары жайылған. Бұлардың ішінде бас сүйек-ми жүйкелерінің V, VІ, VII парларының ядролары, көлденең жолақ еттерді ширықтыруға қатысатын рефлекс орталықтары, ұйықтау және ұйықтамау (сергек болу) тәртібін реттейтін торлы құрылым нейрондары бар. Бұлармен қатар көпірде дем алуды дем шығару процесімен алмастырып тұратын пневмотаксикалық орталық пен тыныс орталығында зат алмасуын реттейтін апнейстік орталық орналасқан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет