Ортопедиялық стоматология кафедрасы


Жақсүйектеріне толық алмалы-салмалы протезді, торусты, альвеола өсіндісінің семуін ескере отырып жаңадан дайындау



бет8/11
Дата21.02.2023
өлшемі75,66 Kb.
#69829
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Жақсүйектеріне толық алмалы-салмалы протезді, торусты, альвеола өсіндісінің семуін ескере отырып жаңадан дайындау
№14 СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕП

Әйел адам, 34 жаста. Жоғары оң жақ бүйір тістер аймағындағы қызылиек қанауына, ауруына шағымданып келді. Анамнезінен: ауру сезімі бұл аймақта 3 ай бұрын 16 тіске жасанды сауыт салғаннан кейін пайда болды. Тіс бұрын асқынған тіс жегінен емделген. Объективті16 және 17 тістің шырышты қабығы қанталаған, ісінген, қол тигізгенде қанайды. Өтпелі қатпары өзгеріссіз. 16 тіс металдыкерамикалық сауытпен қапталған, қызылиекке терең енген. Перкуссия ауырмайды.


Сұрақтар және тапсырмалар.


1. Диагнозды қалыптастырыңыз;
Жарақаттың гингивит

2. Мәселенің туындау себебі мен салдарын түсіндіріңіз;


Себебі: металкерамикалық сауыттың қаңқасын шақтау кезінде сауыттың ұзын болуы, өызыл иекке терең енгені ескерілмеген, қаңқа ұзындығын қысқарту жүргізілмеген.
Салдары: 16 тістегі металдыкерамикалық сауыт қызыл иекке терең енген, шайнау қысымы түсуіне байланысты қызыл иек байламы жарақаттанған, трофикасы нашарлаған. Қалыпты жағдайда ену тереңдігі 1 мм.

3. Дәрігер- стоматолог-ортопедтің әрекетін анықтаңыз. .


Жасанды сауытты цилиндр бормен, шпатель көмегімен шешіп алып тастап, терепавт-стоматологпен бірлесіп жарақаттық гингивитті емдеу. Қызылиектегі патологиялық үрдіс аяқталған соң қайта рационалды протездеу
№15 СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕП

Ер адам, 47 жас. Жоғарғы және төменгі жақ сүйегінің алдыңғы тістерінің арасында түйісуінің болмауы, 36,37 тістерді түйістіргенде ауырсыну байқалады. Анамнезінен: бір апта бұрын 36,37 тістерге металдкерамикалық сауыт жасалған.


Сұрақтар және тапсырмалар:
1. Диагнозды қалыптастырыңыз;
36, 37 тістер периодонтының жарақаттық қабынуы

2. Мәселенің туындау себебі мен салдарын түсіндіріңіз;


Орталық окклюзия анықтау барысында тістемнің биіктігені ескерілмеген, нәтижесінде барлық шайнау қысымы 36, 37 тістерге түскен, жарақаттық периодонтит пайда болған.

3. Науқасқа неғұрлым дұрыс әдіс әрекетін анықтаңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет