Ляйсан Қош балалар сәт сапар
Бақытты бәрін болыңдар
Жақсы оқып сабақты
Кілең бестік алыңдар
Бірге ойнап, бірге жүрген,
Күндерімізді қимаймыз
Естелік болсын біздерден
«Вальс биін» қабыл алыңыздар.
Талшын: Осымен Мектепалды даярлық «Сұңқар» тобының «Қош бол, балабақшам!» ертеңгілігі аяқталуға жақын. Біздің кішкентай бүлдіршіндерімізге кейіпкерлеріміздің жүрекжарды ақ тілектерін қабыл алыңыздар.
Әли: Ал балалар, бүгін сендер балабақшаны аяқтап, үлкен қадамға аяқ басып барасыңдар. Сендерге ақ жол!
Айя: Достарым, мен сендерге сенемін, биік – биіу шыңды бағындыратын азамат пен азаматша болатындарыңа сенемін!
Әліппе: Балалар, мен сендермен біргемін, балабақшадан алған білімдеріңді мектеп қабырғасында бірге шыңдап, білім нәрімен сусындаймыз!
Жалқаубек: Балалар, мен енді сендердің өнер мен білімдеріңді көріп, өзімді жалқаулықтан арылуды, жақсы бала болуды көріп, үйрендім. Мен сендермен бірге мектепке барамын.
Асиям: Абзал жандар биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып мерекені қарсы алды.
Қуанышты жарқын тілек білдіріп,
Құттықтайды баршаны дей келе, құттықтау сөзді
Ауыл әкімі Сағынбеков Ұлан мырзаға құттықтау сөз кезегін береміз.
Ата – аналар комитеті Қасымбекова Кундыз ханымға сөз кезегін береміз.
Балабақша меңгерушіміз Катифова Рая Қанатқызына құттықтау сөз кезегін береміз.
Балаларға дипломдарын табыстау.