Әліппе: Енді ата - аналармен ойын ойнайын, оларды да сынап көрейін.
Балаңызға әрқашан тірексіз бе?
Ертегі оқып, көмек көрсетесіз бе?
Тамағын уақытында бересіз бе?
Төзімділікке әруақытта төзесіз бе?
Балаңыз үшін асулардан асасыз ба?
Рақмет ата – аналар, балаларыңызға әрдайым осылай қамқор болып жүре беріңіздер!
Асиям: Әліппе, біздің балалар тек білім жағынан емес, сонымен қатар би билеп, ән айтқанды өте жақсы көреді. Біздің балалар өте өнерлі. Олай болса, біздің топтың ұлдарының тамаша бір биін қабыл алыңыздар!
Би:«Қамшы биі» Әліппе: Ендеше мен балалармен ойын ойнап көрейінші. Балалар мектепке
дайын ба екен, тексеріп көрейік.
Ойын: «Иә, иә, жоқ, жоқ»
Мектепке біз барамыз ба?
Кілең бестік аламыз ба?
Айтқан сөзді тыңдаймыз ба?
Нан жеймін деп жылаймыз ба?
Ақылды бала боламыз ба?
Ертеңгісін ерте тұрамыз ба?
Сабақта отырып ұйықтаймыз ба?
Ойыншықтармен ойнаймыз ба?
Екі алғанда жылаймыз ба?
Өте мықты бала екенсіңдер. Сұрақтарға мүдірмей жауап бердіңдер.
Әліппе: Жарайсыңдар! Олай болса мен де ойынды жалғастырайын.
Талшын: Әліппе енді кезекті балаларымыздың «Біз мектепке барамыз» әнін қабыл алыңыз.
Асиям: Жалқаубек, біздің бүлдіршіндерімізбен әнді бірге шырқап, тақпақтарды қайталап жаттап ал. Сонда сенде өнерлі боласың! Келесі кезекті балабақшаға арналған тақпақтарға берейік.
Расул Құшағында жарқылдап,
Өтті сәби күндерім.
Би биледім, әң тыңдап,
Алаңдауды білмедім.
Айерке Ойыншықты жинаймыз,
Бөбектерге сыйлаймыз.
Өнер білім үйреткен
Өзіңізді қимаймыз.
Нұрсұлтан Қуанышымыз біздің мол,
Мектепке біз тарттық жол
Ұмытпаймыз өзіңді
Балабақшам қош сау бол!
Зейнеп Сүйкімді балғын бала шақ
Сендердікі болашақ.
Озат болым оқыңдар
Ойға білім тоқыңдар.
Талшын: Бүгінгі той бәрімізге құтты болсын!
Дендеріңіз сау, аман - есен, мықты болсын!
Мектеп есігі әрқашан ашық болып,
1- ші сыныпқа баратын қадамдарыңыз құтты болсын!