Әліппе Бәрекелді кітапты тамаша оқиды екенсіңдер! Талаптарыңа нұр жаусын!
Мұғалім: Ал, балалар Әліппеміз асығып тұр, басқа мектептерде де сендер сияқты 1- сынып оқушылары Әліппемен қоштасып жатыр,сондықтан сонда баруы керек.
Әліппе: Ал, балалар ойын сауықтарыңды жүргізе беріңдер! Мен кетейін.Сабақтарыңды жақсы оқып,мұғалімдеріңді, ата-аналарыңды қуанышқа бөлеп жүре беріңдер!
Сау болыңдар!
Бәрі: Рахмет, саған,Әліппе !
Әліппе:Сендерді әрі қарай жетелейтін достарың Ана тілі болмақ.
Хормен: Қош бол,құтты Әліппем.
Әліппе залдан шығып кетеді.
Мұғалім: Ендігі кезекте Ана тілін ортаға шақырайық.
Ана тілі
-Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Туған елдің тілімін,
Ақылымен танылам.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам.
Ана тілі:
Ана тілің – біліп қой,
Бостандығың теңдігің.
Ана тілің – біліп қой,
Мақтанышың елдігің.
Ана тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте-деп ақын ағамыз айтқандай,мен ана тілі оқулығымын.Сендердің өнерлеріңді көріп қуанып тұрмын.
Ана тілі:Маған арнаған қандай өнерлерің бар?
Мұғалім: Балалар алдымызда қандай мереке келе жатыр? (Оқушы жауаптары тыңдалады) Дұрыс айтасыңдар, Жаңа жыл мерекесі. Жаңа жыл мерекесінің көркі, сәні шырша екенін бәріміз жақсы білеміз. Олай болса, «Шыршаны безендірейік» атты ойынды ойнап жіберейік.
( Жылтыр таспен қапталған қорап ішінен оқушылар өздеріне ұнаған шырша ойыншықтарын таңдап алады да, ондағы жазылған сұраққа жауап беріп шыршаға іледі)
1-ойыншық Біздің туған жеріміз,өскен жеріміз,Отанымыз қалай аталады?
(Қазақстан)
2-ойыншық Отан туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?
3-ойыншық 1-ден 10-ға дейін кім тура және кері санап бер?
4-ойыншық Ең алғаш «Әліппені» кім жазды? Ахмет Байтұрсынұлы
5-ойыншық Табиғат нешеге бөлінеді? (екіге) Атын ата?(тірі және өлі табиғат)
6-ойыншық Ана,Отан,бала сөздерінде неше буын бар?
7-ойыншық Математикалық жұмбақ
Табақта 8 алма,
Қолымда 2 алма
Барлығын қосқанда
Болады неше алма? (10 алма)
8-ойыншық Математикалық жұмбақ
Қолымдағы 9 алманың
1 –еуі атама,1-еуі апама
Айтшы сонда қолымда нешеуі қалады? (7 еуі қалады)
9-ойыншық Дыбыстар нешеге бөлінеді? (2-ге дауысты,дауыссыз )
10-ойыншық 10 санының құрамын айт
11-ойыншық 9 санының құрамын айт
12 ойыншық бір аптада неше күн бар?
Достарыңызбен бөлісу: |