Ана тілі: О,жарайсыңдар!
Балалар сендер жақсы білім алыпсыңдар! Сыныптарыңның шыршасын білімдеріңді көрсете отыра безендірдіңдер. Мінеки, ертеңгі шырша мерекесіне сыныптың шыршасы дайын болды.
Мұғалім: Құрметті ата-аналар,ұстаздар,оқушылар сіздерді жаңа жылдарыңызбен шын жүректен құттықтаймыз, сіздерге жаңа табыс,үйлеріңізде ынтымақ,бірлік,береке артсын. Балаларыңыздың сабақты тек «4»пен «5»ке оқуларына тілектеспін.
Балалар, Әліппені оқып, білім алдыңдар. Көп нәрсені үйрендіңдер. Қазақстанның болашағы сендерсіңдер. Әр баланың қиял-арманы бар болар, сол армандарың орындалсын деген ниетпен балғын балалық шақ кездеріңде болашақта кім болатындарыңды тыңдап көрейік.
Қане, тілектеріңді тыңдап көрейік.Барлық оқушылардың арман-тілектері тыңдалады.
1-оқушы Мен есепші боламын
Мен барлық жұмысшыларға дер кезінде жеткілікті етіп айлық табыстарын беруді қарастырар едім.
2-оқушы Мен әкім боламын
Барлық ауыл, қалалардағы балалар бақшасыy тегін қылар едім.
3-оқушы Мен білім министрі боламын
Мектептегі бастауыш сыныптарға компьютер әперген болар едім.
4-оқушы Мен дәрігер боламын
Кез келген аурудың алдын алып, балалардың денсаулығына көп көңіл бөлер едім. Т.б
Ботагөз:
О, жарайсыңдар ойлаған арман тілектерің орындала берсін,аңсаған армандарыңа жетіңдер!
ІІ бөлім. Концерттік бағдарлама.
Хор: «Біз тәртіпті баламыз»
Ұлнар:
Жанали бізде өнерлі,
Әнді жақсы көреді.
Сіздерге қазір өзі кеп
Әнін айтып береді,- дей келе алдарыңызда сыныптың әнші ұлы Ысқақ Жаналидің орындауында«Туған жер» әнін қабыл алыңыздар.
Ән: «Туған жер»
Ұлнар:
Көп рахмет, бүлдіршіннің құрметіне шапалақты аямайық !
Ботагөз:
Бұл сыныптың қыздары кілең биші,
Мерекеге өнермен келген деші,
Таң қалдырып қанекей би билейді,
Қол соғып демеу берер көрермендер,- демекші алдарыңызда қыздардың орындауында « Қазақ биі » биін тамашалаңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |