Қош бол, сүйікті Әліппем! Мақсаты


Ұлнар: Шашу,шашу шашайық, Дүбірлі тойды бастайық Бұл мереке,бұл тойдың, Шымылдығын ашайық Ботагөз



бет2/5
Дата12.07.2022
өлшемі93 Kb.
#37631
1   2   3   4   5
Байланысты:
ӘЛІППЕ САҒАН МЫҢ АЛҒЫС ертеңгілік

Ұлнар:
Шашу,шашу шашайық,
Дүбірлі тойды бастайық
Бұл мереке,бұл тойдың,
Шымылдығын ашайық
Ботагөз:
Бала деген шіркін-ай балдай екен!
Тәттілігі жая мен жалдай екен!
Арып-ашып даладан келгеніңде,
Бал иісін таттырып алдайды екен!-деп Кенен Әзірбаев атамыз айтқандай кішкентай бүлдіршіндеріміздің бал тіліне құлақ салайық.
Арайлым: Өтті оқу сан сабақ,
Бүгін міне салтанат
Оқулықпен достаспақ,
Әліппемен қоштаспақ.
Ой білімі жаңғырмақ
Әліппеден мәңгілік
Әріптерді таныған
Өңкей білгіш балдырған.
Құтты болсын тойларың!


Айару: Бар кітапқа бас болған,
Әліппе ғылым анасы.
Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы.


Ақерке Кенжебек: Іші толы әріпке,
Мынау әйбат, Әліппе
Барлық ілім-білімнің
Әжесі осы Әліппе


Дана: Жақсы кітап Әліппе,
Үйретеді әріпті.
Қуыршақпен қоштастым,
Әліппемен достастым.


Жанали: Мынау менің әліппем,
Көгілдір тудың түсіндей.
Ақылшы жақын досымдай,
Қымбатты маған кісімдей.


Ақерке: Анам менен әкемде,
Атам менен апамда.
Небір мықты дарын да,
Тіл сындырып, әріпке,
Ашқан алғаш әліппе.


Нұрбол: Бірінші беттен елімнің,
Елтаңбасын таныдым.
Көк байрақты қазақтың,
Ұрпағымын, сәнімін.


Ирсана: Оқуды көп ойладық,
Қызығына тоймадық.
Әріптерді үйреніп,
Сауат аштық, тойладық.


Марха: Оқитын Әліппемді
Ата-анам алып берді.
Тізілтіп жазам енді,
Әдемі әріптерді.


Хамза: Ең алғаш алғанымда әліппені,
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,
Ұстазым оның кілтін алып берді.
Хор «Біз бақытты баламыз»
Дидар: Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріп те.
Оқимыз қазір ертекте,
Үйреткен оны Әліппе.


Нұрбол: Әліппем, менің, әліппем
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.


Марха: Ата-апа атын сен,
Бізге үйреттің әліппе.
Бізге нағыз жақынсың,
Сенен білдік әріпті
Ирсана: Арта берді кітапқа,
Бойымдағы құмарым.
Бірге жүрген қасымда,
Кітап болды сыңарым
Аяулым: Ыстық әрбір беттерің
Жазуыңды ұғамын
Ақыл берді Әліппе
Ақыл берді мұғалім


Хамза: Әсем ою өрнекпен,
Көмкерілген әліппем.
Сен болмасаң білімге,
Бастайтын жолды біліп пе ем.


Дана : Енді жаза білеміз,
Әріпті қосып әріпке.
Риза боп саған жүреміз,
Сүйікті біздің Әліппе.


Арайлым: Білімге жолды бастаған,
Әліппем саған мың алғыс.
Оқы деп ұран тастаған,
Әліппем саған мың алғыс.


Жанали : Қош бол, құтты Әліппем,
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің


Дидар: Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға басқа кітап аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты болып шықты міне, балаңыз


Айару: Асыл сөзін тілімнің,
Бойға құйған Әліппе.
Нақ бастауы білімнің,
Қырық екі әріпте.
Аяулым: Бәрімізді сүйіп өткен,
Балаларға үйреткен
Әліппе мен ұстазға
Бас иеміз құрметпен
Мұғалім: Балалар,мен сендерге бір сұрақ қояйын.Сендер соған жауап беріңдер.
Іші толған әріпке,
Болашаққа жарық не?
Хормен:Болашаққа жол ашар-
Ол сүйікті ӘЛІППЕ!
Мұғалім: Олай болса,бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Әліппе: Армысыңдар,жас достар!
Армысыздар, ата-ана!
Болашаққа жол бастар
Әліппең келді ортаға.
Менің атым-Әліппе,
Мені анаңдай әріпте
Мені оқып ержеткен,
Ағаң менен әпкең де.
- Сәлеметсіздерме,менің сүйікті достарым!Сендер мені оқып сауаттарыңды аштыңдар,жазуға,оқуға үйрендіңдер. Ал енді бүгін маған өз білімдеріңді көрсетіңдер.
Мұғалім:
Құрметті Әліппе сіз біздің балалардың Әліппе оқулығынан қалай оқитынын көргіңіз келе ме? Олай болса біздің Дидар мен Марха сынды оқушыларымыз журнал, кітап оқып берсін. (Бір екі оқушыға журнал оқыту)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет