2 ж: Қашанда құт – береке орнасын деп,Тойларда шашу шашу - салты елімнің. Уа, халайық! Теріп ал несібіңді,Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!
Хор: Қыс өтіп қар кетті, Жырлайық жаз жетті.
Мейрамы ежелден Құтты болсын Наурыз!
Әнім де саған, биім де, Құт қонақ өзің үйімде.
Қуаныш сыйлар еліме, Күлімде, Наурыз, күлімде.
Күн менен түн теңелді, Жер шуаққа кенелді,
Қуанышта ел енді. Наурыз келді салтымыз:
Көгерсін деп халқымыз Көшеге тал егеді.
Наурыз тойы - береке, Наурыз тойы – жыр – аңыз.
Наурыз – достық, Наурыз – күн, Барша халық бірлігі.
Тағы келді Ұлыс күн, Жалғасып ғалам тірлігі.
Наурыз тойы – береке, Наурыз тойы – жыр – аңыз.
Қызық думан - мереке, Қызық думан құрамыз.
Наурызым ғажап туысың, Ұлыстың ұлы күнісің.
Жылыттың жердің жүрегін,Жүрегі елдің жылысын.
Наурызым - тойлы нұрлы күн, Мерейің асып тұр бүгін.
Жерімнің жүзін жылыттың, Елімнің сақта бірлігін!
Мұғалім:Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады.
1 ж: Жауқазындай жайқалған гүлдерміз біз, Ұтармыз біз, қолдасаңыз сіз.
Бақыт, шаттық, көңілге арман тілеп, Өмірде болмасыншы ызғар мен сыз.
2ж: Құрметті қонақтар мен ұстаздар! Біздің сыныбымыздың оқушылары өзара бақ сынасып, сайысқа түспекші. Ендеше, көп күттірмей сол оқушыларымызды ортаға шақырайық.
1 – жұп: 2 – жұп: 3 – жұп:
1 ж: Сайыс бағдарламасы 5 байқаудан тұрады.
1 – бөлім: «Кел, танысайық». 2 - бөлім: «Ағаш көркі жапырық»
3 - бөлім: «Өнерлі өрге жүзер» 4 - бөлім: «Үй тапсырмасы»
5 – бөлім: «Ою ойғанның ойы ұшқыр».
2 ж:Әділ – қазы береді, Өздеріңе сыйлықты.
Бізге айтып береді, Кім өнерлі, кім мықты? - деп әділ – қазылар алқасымен таныстырып өтеді.
оқушы :Ақпан кетті араз боп Наурызбен, Наурыз жүр жоғалған бағын іздеп.
Көктем жетті көрісіп, жанын үзген Қыс аттанды қоштасып тағы бізбен.