Хан: Отанды қорғай алатын батырларың бар ма? Маған батыр керек.
Жүргізуші: Әміріңізге құлдық! Біздің батырлар шығады.
Би: «Батырлар биі» Хан: Жарайсыңдар! Батырларым! Отан туралы жақсы біліп қалыпсыңдар! Ал енді мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. Ол не?
Бұл үйдің бұрышы жоқ,
Ол дөп-дөңгелек,
Және де осындай баспананы
Сен кең даладан табаласың.
Жүргізуші:Біздің балалар оның не екенін тауып береді. Шешімін тыңда. Ол не балалар?
Балалар: Киіз үй! Хан: Енді киіз үйдің шаңырағын кім көтереді?
Жүргізуші: Біздің топта мықты ұлдарымыз бар яғни, жігіттеріміз бар. Киіз үйдің шаңырағын жоғары көтереді. Балалар қазір біз көңілді ойын ойнаймыз. Ханның бір көңілі көтеріліп қалсын.
Ойын: «Киіз үй» Хан: Жарайсыңдар, балалар! Мен тағы жұмбақ білемін. Ал енді шешіп көріңдер.
Мынау не? Менің аспабым сынып қалды. Ол қандай аспап? Соны жөндеп беріңдер – деп бұйырады.
(Үстелде қоржынның ішінде домбыраның сынған сынықтары шашылып жатады балалар соны ойын арқылы магниттік тақтаға құрастырады. Балаларды 2-сәбилер тобынан алу әдемі күй әуенімен ойын ойналады.
Ойын: «Домбыра құрастыру » Балалар: Бұл қазақ халық аспабы-домбыра. Ол ағаштан ойып жасалған, оның екі ішегі және тесігі бар, дыбыс сол жерден шығады.
Хан: Жарайды, өздерің шебер екенсіңдер! Мұныда біледі екенсіңдер. Наурыз мерекесіне қандай дайындықтарың бар? Бұл тойда қандай тағам даярланады?
Балалар: Наурыз көже Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар! Наурыз 7 компоненттен тұрады. Оларды атап өтейік.
Балалар: Ет, сүт, айран, құрт, бидай, тұз, су. Жүргізуші: Дәстүр бойынша Наурыз көжені өзіміз дайындаймыз.
Ойын: «Наурыз көже» ойыны өткізіледі. Тұлпар тобының балалары.
Жүргізуші: Ендігі ойнайтын ойынымыз. Мол болсын дастархан деп аталады. Келесі кезекті сәбилерге берейік.