«Қош келдің, Жаңа жыл!» Жүргізуші


Сағжан: Ертегі қандай көп еді, Күнде айтып береді, Қуанатын балаша, Әжем менің тамаша. Ақұлпа



бет6/11
Дата26.11.2022
өлшемі38,87 Kb.
#52836
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Ертеңгіліктердің жинағы Оспанов Н.Ж

Сағжан: Ертегі қандай көп еді,
Күнде айтып береді,
Қуанатын балаша,
Әжем менің тамаша.


Ақұлпа: Ана – біздің гүліміз,
Ана – біздің күніміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.


Асылай: Еркелесем, күлімдейтін
Ұрысқаны білінбейтін
Маңдайымнан сипап менің
«Құлыншағым, күнім» - дейтін.


Нұрперзент: Сыйлайыншы гүлімді,
Теріп алған даладан.
Мерекеңіз бүгінгі
Құтты болсын ана жан.


Ән: «Анашым»


Балалар орындарына отырады. Көктем аруы кіреді.


Көктем аруы: Сәлеметсіңдер ме балалар!
Мен көңілді көктеммін,
Былтыр келіп кеткенмін
Көзін ашып бұлақтын,
Түбіне тал еккенмін!
Құрметті әжелер, аналар! Сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Гүлдей жайнап, құлпырып жүреберіңіздер!
Жүргізуші: Көктем аруы, біздің мерекемізге қош келдіңіз, біздің бүлдіршіндердің өзіңізге арнаған әнін қабыл алыңыз.


Ән: «Көктем келді».


Жүргізуші: Өнер қуған жасынан
Өнері судай тасыған
Келесі біздің бишілер
Көрінген көштің басынан – деп, ортаға биші қыздарымызды шақырамыз.


Би: «Қызғалдақтар».


Ойын: «Гүл жинау».
Шарты: 2 түрлі гүлді жинау және өз аналарына сыйлау. Ойынның шарты бойынша ортаға екі ана шығады. Балалары аналарына қарама-қарсы аралық алшақ тұрады. Жерге шашылған гүлдерді жинап, аналарына сыйлайды. Кім көп гүл жинаса, жеңіске жетеді.


Көктем аруы: Жарайсыңдар, балалар!


Жүргізуші: Көктем аруы біздің шақыруымызды қабыл алып, мерекеге келгеніңізге рахмет.


Көктем аруы: Мен қалай келмеймін бүгін сондай керемет күн әжелер мен аналар мерекесі.


Жүргізуші: Мерекені жалғастырамыз. Бүгінгі мереке күні әжелерімізді де мерекесімен құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің, қазынасы бар» - деп бекер айтылмаған келесі әнімізді, тақпақтарымызды әжелерімізге арналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет