Өсімдік ұлпаларын өсіру және биотехнология бойынша зертханалық



Pdf көрінісі
бет22/42
Дата18.10.2023
өлшемі4,52 Mb.
#118181
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   42
Байланысты:
Өсімдіктер биотехнологиясы зертханалық сабақтар (1)

 
№ 3 жұмыс.
Картоптың апикальды меристемаларын өсіруде 
термотерапия әдісін қолдана отырып вируссыз материал алу 
Кажетті материалдар мен аспаптар 
Картоп түйнектері; температурамен өңделген өскіндері бар 
кюветалар. 
Мурасиге және Скуг, Уайт қоректік орталары; БАП; ИСҚ; 70 %- тік 
этил спирті; 6%-тік хлорамин ерітіндісі. 


Ламинар-бокс; МБС-10 бинокулярлы лупасы; микроскоп; стерильді 
скальпельдер; инелер. 
Жұмыстың орындалутәртібі: 
1. Картоптың сау түйіндерін ағынды сумен жуады. 
2. Түйіндерді залалсыздандырушы ерітінділермен (спирт, 
хлоамин) өңдеп, дистильденген сумен жуады. 
3. Түйнектің көздерін паренхимасымен бірге (1,5 х 1,5 см) кесіп 
алып, өсіру және термотерапия жасау үшін кюветаға 
отырғызады. 
4. Өскіндерді термостатта 37'C температурада 1 сөтке 
инкубациялайды. 
5. Термотерапиядан кейін өскіндерді 6 %-тік хлорамин 
6. ерітіндісінде 5 минут ұстайды. Ламинар-боксте микроскоптың 
астында 
өскіндерден 
апикальды 
меристемаларын 
бөліп, 
пробиркалардағы қоректік 
ортаға отырғызады. 
7. Апикальды меристсмаларды өсіру №1 жұмыста сипатталған жолмен 
жүргізіледі. 
 
 
№ 4 жұмыс.
Картоптың апикальды меристемаларын өсіруде 
химиотерапия әдісін қолдана отырып вируссыз материал алу 
Қажетті материалдар мен аспаптар: 
Картоп өскіндері.
Мурасиге және Скуг, Уайт қоректік орталары; БАП; ИСҚ; РНК- 
азаның 0,01н срітіндісі; 70 %-тік этил спирті; 6%-тік хлорамин 
ерітіндісі. 
Зейтц сүзгісі; стерильді скальпельдер; инелер; пинцеттер. 
Жұмыстың орындалу тәртібі; 
1. РНК-аза ерітіндісін Зейтц сүзгісі арқылы өткізіп, 100 мл Мурасиге 
және Скуг қоректік ортасына қосады. Қоспаны пробиркалардағы 
алдын-ала дайындалған, қатты стерильді Орталардың үстіне, 
қалыңдығы 0,5 см болатындай етіп құяды. 
2. Картоп өскіндерін 6 %-тік хлорамин ерітіндісінде 5 минут 
стерильдейді.


3. Өскіндерді стерильді сумен шайып Петри тостағаншысына 
отырғызады. 
4. Ламинар-боксте микроскоптың астында апикальды 
меристемаларды кесіп алып, ферментсіз (бақылау) және 
ферменті бар (тәжірибе) ортаға отырғызады. 
5. Мерситемалар отыргызылған пробиркаларды арнайы болмеде 
ұстайды. 
6. Апикальды меристемаларды өсіру №1 жұмыста сипатталған 
жолмен жүргізіледі. 
7. Тәжірибе және бақылау нәтижелерін салыстырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет