Өсімдік ұлпаларын өсіру және биотехнология бойынша зертханалық



Pdf көрінісі
бет19/42
Дата18.10.2023
өлшемі4,52 Mb.
#118181
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   42
 
 
 
 
5.2. Зертханалық жұмыстар 
 
№ 1 жұмыс.
Стахис өсімдігінің өрксндерін іn vitro микроқалемшелеу 
Кажетті материалдар мен аспаптар: 
Стахис өсімдігінің өркені. 
Мурасиге және Скуг қоректік ортасы; ИСҚ; этил спирті; диоцид; 
хлорамин; стерильді дистильденген су. 
Термостат; пинцеттер; скальпельдер; 250 мл-лік Эрленмейер 
колбасы; пробиркалар; мембранды сүзгі. 
Жұмыстың орындалутәртібі: 
 
Қоректік орталарды және өсімдік материалдарын стерильдеу 
жоғарыда келтірілген әдіс бойынша жүргізіледі.
Стерильденген стахис өсімдігінің сабағын 1-2 жапырағы бар. 
ұзындығы 2-4 см болатын қалемшелерге бөлу. 
Қалемшелерді Мурасиге және Скугтің тығыз қоректік ортасы бар 
пробиркаларға немесе Эрленмейер колбасына отырғызады (өсірудің 
бастапқы кезеңінде, қалемшелерді бактериялармен зақымданудан 
сақтану үшін, қоректік ортаға антибиотиктер қосуға болады, мысалы, 
канамицинді. Антибиотик срітіндісін мембраналық сүзгіден өткізу 
арқылы залалсыздандырады да 40°С-ға дейін салқындатылған 
қоректік ортаға қосады). 
Материал температурасы 20-25°С болатын 12 сағаттык 


фотопериодтық режимде өсіріледі.
3-4 аптадан кейін қалемшелерде тамырлар пайда болып, бірте-бірте
өркенге айнала бастайды. Жетілген өркенді тағы да қалемшелерге 
бөліп, гормонсыз немесе ИСҚ-ның төменгі концентрациясы косылған 
(0,1-0,2 мг/л) Мурасиге және Скуг коректік ортасында өсіруге болады. 
№ 2 жұмыс.
Адвентивті бүршіктерін өсіру арқылы стахисті жылдам 
көбейту 
Кажетті материалдар мен аспаптар: 
 
Стахистің төбелік және қолтык бүршіктері.
Макро- және микроэлементтер тұздарының ерітінділері; Мурасиге 
және Скуг ортасы үшін витаминдер ерітіндісі; БАП; ИСҚ; этило 
спирті; стерильді дистильденген су. 
Ламинар-бокс; 
термостат; 
бинокулярлы 
лупа; 
пинцеттер; 
скальпсльдср; 
инслср; 
ұстараның 
жүзі 
(лезвис); 
Пстри 
тостағаншалары; 250 мл-лік Эрленмейер колбасы, пробиркалар; 
стакандар; парафильм; мақта; алюминий фольгасы. 
 
Жұмыстың орындалу тәртібі: 
In vitro
микрокөбейту үш сатыдан тұрады. 
1.
Бірінші - адвентивті бүршіктердің индукциясы. Ол үшін 
стерильденген стахис өркенінің төбелік және қолтық бүршіктерін 
4-6 мг/л БАП-мен толықтырылған Мурасиге және Скуг қоректік 
ортасының 5 мл сұйық ерітіндісі құйылған Эрленмейер 
колбасына отырғызады. Материалды 20-25°С температурада 2-3 
апта жарықта өсіреді. Осы бүршіктердің қаркынды жағдайда 
адвентивті пролиферациясы басталады. 
2.
Екінші этап - өркендердің түзілуі. Бүршіктерді қоректік 
орталарға отырғызғаннан 2-3 апта өткен соң пролиферацияланған 
адвентивті бүршіктерден өркендерді бөліп алып, 2 мг/л БАП 
қосылған Мурасиге мен Скугтің агарлы қоректік ортасына 
отырғызады. Осы ортада, 1-2 аптадан кейін, өркендердің 
қарқынды түзілуі басталады. Әр екі апта сайын оларды жаңа 
коректік ортаға ауыстырып отырғызады. 


3.
Үшінші этап - өркендердің тамырлануы. Тамыр пайда болу үшін 
өркендерді құрамына 0,1-0,2 мг/л ИСҚ қосылған Мурасиге және 
Скугтің 8 мл қоректік ортасы бар пробиркаға отырғызады. 
Тамырлары 
жетіліп, 
қалыптасқан 
өсімдікті 
топыракка 
отырғызуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет