Өсімдік ұлпаларын өсіру және биотехнология бойынша зертханалық



Pdf көрінісі
бет21/42
Дата18.10.2023
өлшемі4,52 Mb.
#118181
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   42
5.4. Зертханалық жұмыстар 
№1 жұмыс.
Картоптың апикальды меристемаларын өсіру
Қажетті материалдар мен аспаптар: 
Картоптың апикальды меристемалары.
Мурасиге және Скуг, Миллер, Уайт қоректік орталары; БАП, ИСК: 
кальций гипохлориті; 70%-тік этил спирті; стерильді дистильденген 
су. 
Ламинар-бокс; термостат; бинокулярлы лупа; пинцеттер; кальпельдер; 
инелер; ұстараның жүзі; Петри тостағаншалары; 250 іл-лік 
Эрленмейер колбасы; пробиркалар; стакандар; парафильм; тақта; 
алюминий фольгасы. 
Жұмыстың орындалу тәртібі: 
1. Картоп түйнін алдын-ала өсіру. 
2. Картоп түйінінен өскінін бөліп алып 1 минут 70%-тік этил 
спиртінде, сонан кейін оны 15%-тік кальций гилохлориті срітіндісінде 
15 минут ұстап, стерильді дистильденген сумен 3 рет шаяды. 
3. Ламинар-боксте бинокулярлы лупа астында төбелік бүршіктен 
көлемі мм меристеманы кесіп алып, оқшауланған меристемаларды 
сахароза мен фитогормондардың концентрациясы 2 есе төмендетілген 
Миллердің 5 мл сұйық немесе қатты қоректік ортасы бар Петри 
тостағаншасына отырғызады. 
4. Меристемаларды 20-25°С температурада, жарық қарқындылығы 
1500 лк болатын 12 сағаттық фотопериодғық режимде өсіреді, 
Отырғызылған меристемалардан 3-4 аптадан кейін каллустар түзіледі. 
5. Өркен түзілу үшін каллустарды Мурасиге және Скугтің 1-2 мг/л 
БАП фитогормонымен толықтырылған қоректік ортасына отырғызады 
да, жарық қарқындылығы 5000 лк және 12 сағаттық фотопериодтық 
режимде 2 ай өсіреді.
6. Каллустардан түзілген, ұзындығы 3 см-дей болатын өркендерді 
тамырлануы үшін құрамында 0,2-0,5 мг/л ИСҚ бар Уайт ортасына 


отырғызады. 2 аптадан соң тамырлары пайда болған өсімдіктерді 
топыраққа отырғызуға болады. 
№ 2 жұмыс.
 
Вирустың бар-жоғын тексеру үшін өсімдік материалын 
тестілеу 
Қажетті материалдар мен аспаптар: 
Өсімдік сығындылары; қан сарысуы; сүтқоректілердің қаны;
Фермент ерітінділері; буфер ерітіндісі. 
Полистеролдан жасалган плата; гомогенизатор; центрифуга. 
Жұмыстың орындалутәртібі; 
1. Гомогенизацияланған өсімдік материалын центрифугалайды. 
2. Полистирол платаларының ойшықтарына қан сарысуын 
құйып, 6 сағат инкубациялайды. 
3. Платаларды буфермен жуады. 
4. Платаның ойшықтарын центрифугатпсн толтырып, 1 сағат 
инкубациялайды. 
5. Платаларды буфермен жуады. 
6. Плата ойшықтарына қан сарысуының ферментпен қоспасын 
құйып, 1 сағат инкубациялайды. 
7. Платаларды буфермен жуады. 
8. Плата ойшықтарына фермент үшін арналған субстрат кұяды. 
9. Ойшықтардағы түзілген түстерді шкала бойынша тестілейді. 
10. Вируссыз, вируспен әлсіз және вируспен күшті зақымданған 
варианттарды бөліп алады. 
11. Отырғызылатын материалдардың сапасы туралы қорытынды 
жасау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет