Өсімдік ұлпаларын өсіру және биотехнология бойынша зертханалық



Pdf көрінісі
бет24/42
Дата18.10.2023
өлшемі4,52 Mb.
#118181
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   42
 
 
6.2. Зертханалық жұмыстар 
 
№ 1 ж ұм ы с.
Бидай және арпа тозаңдықтарындағы 
микроспоралардың даму сатысын анықтау 
Қажетті материалдар мен аспаптар: 
Түтіктенудің (трубкование) соңғы фазасындағы бидай, арпа 
өсімдіктері; олардың тозаңдықтары. 
ФАА фиксаторы; 3%-тік ацетокармин ерітіндісі; 5%-тік сірке 
қышқылы. 
МБС-10 бинокулярлы лупасы; микроскоп; қайшы; скальпельдер; 
ұстара; пинцеттер; инелер; 25 мл-лік шыны стакандар; пенициллиннен 
босаған флакончиктер. 
Жұмыстың орындалу тәртібі: 
1. Бидай және арпа масағын, өсімдіктің түтіктену фазасының соңғы 
жағында, яғни алғашқы жапырақ негізгі сабақтың ұшынан жарып 
шыққан кезде, кесіп алады. Материалды таңертеңгі уақытта жинаған 
дұрыс. 
2. Пинцет көмегімен масақтың ортаңғы бөлігінен масақшаны үзіп 
алып, бинокулярлы микроскоптың астында, ине көмегімен 
тозаңдықтарды бөліп алады. 


3. Бөліп алған тозаңдықтарды 2-4 сағат ФАА фиксаторында бекітеді 
(фиксациялайды). Фиксатордың жақсы бекітуі үшін оны, алдын-ала 
10-15°С-ға дейін салқындатады. 
4.Фиксация аяқталған соң, сірке қышқылының иісі кеткенше. 
материалды бірнеше қайтара сумен шаяды. 
5. Тозаңдықтарды ине көмегімен төсеніш шынысына салып оған 1-2 
тамшы 3%-тік ацетокармин ерітіндісін тамызады. Егер препарат тым 
қою боялса, оны сұйылту қажет. Ол үшін оған 1-2 тамшы 5%-тік сірке 
қышқылын тамызады. 
6. Тозаңдықтан микроспораларды босату үшін, өткір скальпель немесе 
ұстарамен оны ұзынынан немесе көлденеңінен екіге бөледі де, 
тозаңдық қабықшасын жайлап баса отырып, тозаңдарды сыртқа 
шығарады. 
7. Микроспоралардың даму сатысын микроскоптың астында 10-20 
еселік үлкейтуде анықтайды. 
Астық тұқымдастарының көпшілігінің бір ядролық даму сатысындағы 
аталық гаметофиттерін былай сипаттауға болады: микроспораның 
көлемі ұлғайған, жақсы дамыған қабықшасы (экзинасы) болады, үлкен 
бір вакуолі бар, цитоплазмасы сұйылған, ядросы вакуоль мен ішкі 
қабықшаның (интина) арасында орналасқан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет